Об утверждении Стандарта организации оказания ревматологической помощи в Республике Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.03.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандартын бекіту туралы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабының 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Медициналық көмекті ұйымдастыру департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкiне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде баспа және электрондық түрде мемлекеттік және орыс тілдерінде бір данада оның көшірмесін Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметті Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2016 жылғы 18 ақпанда № 126 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасында ревмотологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру стандарты (бұдан әрі – Стандарт) «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Кодексінің 7-бабы 1-тармағының 6) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысанына және ведомствалық тиістілігіне қарамастан амбулаториялық-емханалық, стационарлық және стационарды алмастыратын деңгейлерде пациенттерге ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыруға қойылатын талаптарды белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Стандартта пайдаланылатын анықтамалар:
Тармақша 1
1) ревматикалық аурулар – оның негізінде дәнекер тіннің жүйелі немесе жергілікті зақымдануы бар аурулар;
Тармақша 2
2) ревматологиялық көмек – ревматикалық аурулары бар пациенттерді уақтылы анықтау, емдеу және медициналық оңалту;
Тармақша 3
3) пациент – медициналық қызметтердің тұтынушысы болып табылатын (болып табылған) жеке тұлға;
Тармақша 4
4) бейінді маман – «ревматология» мамандығы бойынша (ересектер, балалар) сертификаты бар жоғары медициналық білімі бар медицина қызметкері;
Тармақша 5
5) медициналық ұйым (бұдан әрі - МҰ) – оның негізгі қызметі медициналық көмек көрсету болып табылатын денсаулық сақтау ұйымы;
Тармақша 6
6) медициналық көмектің сапасы – кәсіби маманның біліктілігіне негізделген дәрігер мен пациенттің өзара әрекеттесу қасиеті;
Тармақша 7
7) медициналық-әлеуметтік сараптама (бұдан әрі - МӘС) – бұл организм функциясының тұрақты бұзылуынан туындаған тіршілік-тынысының шектелуін бағалау негізінде куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына (соның ішінде еңбек қызметіне қабілеттілігінің шектелу дәрежесі) қажеттіліктерін айқындайтын сарапшылар тобы;
Тармақша 8
8) тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (бұдан әрі - ТМККК) - Қазақстан Республикасының азаматтарына және оралмандарға көрсетілетін тізбесі бойынша бірыңғай медициналық көмектің көлемі;
Тармақша 9
9) Емдеуге жатқызу бюросы порталы (бұдан әрі - Портал) - ТМККК шеңберінде пациенттерді стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу жолдамаларын электрондық тіркеудің, есепке алудың, өңдеудің және сақтаудың бірыңғай жүйесі;
Тармақша 10
10) гендік-инженерлік терапия – ревматикалық ауруларды емдеу мақсатында адамның соматикалық жасушаларының генетикалық аппаратына өзгерістер енгізуге бағытталған гендік-инженерлік (биотехнологиялық) (бұдан әрі - ГИБТ) және медициналық әдістердің жиынтығы;
Тармақша 11
11) профилактика – аурулардың пайда болуының, олардың ерте сатыда өршуінің алдын алуға және орын алған асқынуларды, ағзалар мен тіндердің бүлінулерін бақылауға бағытталған медициналық және медициналық емес іс-шаралар кешені;
Тармақша 12
12) скрининг – ауруларды ерте анықтау мақсатында халықтың нысаналы тобын медициналық қарап-тексеру.
Тарау 2. 2. Ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
2. Ревматологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасында ревматикалық аурулары бар пациенттерге медициналық көмек ТМККК шеңберінде айқындалатын Қазақстан Республикасының азаматтары мен оралмандарға көрсетілетін медициналық көмек көлемінің медициналық қызметтер тізбесі бойынша көрсетіледі.
Тармақ 4
4. Ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдардың штаттары «Денсаулық сақтау ұйымдарының үлгі штаттарының және штат нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 7 сәуірдегі № 238 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6173 болып тіркелген) бекітілген штат нормативтеріне сәйкес белгіленеді.
Тармақ 5
5. Халыққа (ересектер мен балалар) ревматологиялық көмек «Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережені бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2011 жылғы 14 наурыздағы № 132 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының халқына ревматологиялық көмек көрсететін ұйымдар туралы ережеге сәйкес консультациялық-диагностикалық және (немесе) стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетіледі (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6869 болып тіркелген).
Тармақ 6
6. Ревматикалық аурулары бар пациенттерге (ересектер, балалар) консультациялық-диагностикалық көмек (бұдан әрі – КДК) Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 28 шілдедегі № 626 бұйрығымен бекітілген Консультациялық-диагностикалық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11958 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 626 бұйрық).
Тармақ 7
7. Ревматикалық аурулары бар пациенттерге (ересектер, балалар) стационарлық медициналық көмек көрсету Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 29 қыркүйектегі № 761 бұйрығымен бекітілген Стационарлық көмек көрсету қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12204 болып тіркелген).
Тармақ 8
8. Пациент МСАК ұйымына алғаш жүгінген кезде МСАК ұйымының тіркеу орнында «Денсаулық сақтау ұйымдарының бастапқы медициналық құжаттама нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2010 жылғы 23 қарашадағы № 907 бұйрығына сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6697 болып тіркелген) (бұдан әрі – № 907 бұйрық) 025/е нысаны бойынша медициналық бастапқы есепке алу құжаттамасы және 112/е нысаны бойынша баланың даму тарихы ресімделеді.
Тармақ 9
9. Ревматикалық ауруы бар пациентке КДК көрсету МСАК дәрігерінің немесе басқа бейінді маманның жолдамасы бойынша ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Ревматикалық ауруы бар пациентке КДК-ны «ревматология» мамандығы бойынша дәрігерлер:
Тармақша 1
1) аудандық немесе қалалық емханада;
Тармақша 2
2) қалалық немесе облыстық консультациялық-диагностикалық орталықта;
Тармақша 3
3) республикалық диагностикалық орталықта көрсетеді.
Тармақ 11
11. Ревматикалық ауруы бар пациентті КДК көрсетуге жіберу № 626 бұйрықпен белгіленген тәртіпте жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. КДК көрсету үшін ревматолог дәрігерге жіберген кезде МСАК дәрігері зертханалық және аспаптық зерттеулердің нәтижелері бар № 907 бұйрықпен бекітілген № 001-4/е нысаны бойынша жолдама ресімдейді.
Тармақ 13
13. Көрсетілімдер бойынша ревматикалық аурулардың алғашқы диагностикасы үшін: өзіндік аутоанти денелерді анықтай отырып, тікелей емес иммунофлюоресценция реакциясы, иммунологиялық және молекулярлық-генетикалық тестілер, иммуногистохимиялық зерттеулер жүргізіле отырып, ағзалар мен тіндердің биопсиясы, қос энергетикалы абсорбциялық денситометрия, кеңістіктік жиілігі жоғары магниттік-резонансты және компьютерлік томография, позитрондық-эмиссиялық томография, ангиография, радиоизотоптық сцинтиграфия, инемен электромиография жүргізіледі.
Тармақ 14
14. Ревматолог дәрігер КДК көрсеткен кезде пациентті консультацияға жіберген МСАК дәрігеріне жүргізілген зерттеулер мен емдеудің нәтижелері, сондай-ақ № 907 бұйрықпен бекітілген № 071/е нысаны бойынша ревматикалық ауруы бар пациентті одан әрі емдеу жөніндегі ұсынымдар көрсетілген № 086/е нысаны бойынша консультациялық-диагностикалық қорытынды береді.
Тармақ 15
15. КДК көрсететін МҰ-ның ревматолог дәрігері № 907 бұйрықпен белгіленген тәртіпте бастапқы медициналық құжаттаманы жүргізуді, есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Тармақ 16
16. МСАК дәрігері консультациялық–диагностикалық қорытынды алғаннан кейін ревматолог дәрігердің ұсынымдары бойынша пациентке одан әрі бақылау жүргізуді жүзеге асырады.
Тармақ 17
17. Ревматикалық ауруы бар пациенттерді амбулаториялық деңгейде дәрілік препараттармен қамтамасыз ету Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2011 жылғы 4 қарашадағы № 786 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 7306 болып тіркелген) бекітілген Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде амбулаториялық деңгейде белгілі бір аурулары (жай-күйі) бар халықты тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың және медициналық мақсаттағы бұйымдардың және мамандандырылған емдік өнімдердің тізбесіне сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 18
18. Ревматикалық аурулары бар, соның ішінде ГИБТ алатын пациентті стационарлық емдеу үшін медициналық көрсетілімдер болмаған жағдайда диспансерді ревматолог дәрігер, ал ол болмаған кезде учаскелік терапевт, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Стационарда емдеу үшін медициналық көрсетілімдер болған жағдайда ревматикалық ауруы бар пациентті қаланың (облыстың) денсаулық сақтау басқармасы емдеудің жаңа технологияларын пайдалана отырып, мамандандырылған медициналық көмек (бұдан әрі – ММК) жүргізу үшін бейінді денсаулық сақтау ұйымдарына жібереді.
Тармақ 20
20. ММК-ны ревматолог дәрігерлер көп бейінді стационарларда КДК нысанында, ал қажет болған жағдайда - диагностика мен емдеудің арнайы әдістерін талап ететін стационарлық медициналық көмек нысанында көрсетеді.
Тармақ 21
21. Пациенттерді ММК көрсету үшін жолдама беру Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2010 жылғы 20 желтоқсандағы № 986 бұйрығымен бекітілген Мамандандырылған, жоғары мамандандырылған медициналық көмек көрсету ережесіне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 6711 болып тіркелген) жүргізіледі.
Тармақ 22
22. Ревматикалық ауруы бар пациентті стационарлық медициналық көмекті көрсету үшін жоспарлы емдеуге жатқызу пациенттің ТМККК шеңберінде денсаулық сақтау ұйымын еркін таңдау құқығы ескеріліп, Портал арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 23
23. ТМККК шеңберінде ревматикалық аурулары бар пациентті стационарға емдеуге жатқызуды тәулік бойғы медициналық байқауға медициналық көрсетілімдер болған кезде:
Тармақша 1
1) ревматолог дәрігердің, терапевт дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің, педиатр дәрігердің жолдамасы бойынша;
Тармақша 2
2) жолдаманың болу-болмауына қарамастан шұғыл көрсетілімдер бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 24
24. Пациентті ТМККК шеңберінде стационарға жоспарлы емдеуге жатқызу үшін МСАК ұйымы:
Тармақша 1
1) нозологияға сәйкес клиникалық-диагностикалық, зертханалық, инвазивті емес аспаптық зерттеулердің қажетті тізбесін, қажет болған жағдайда бейінді мамандардың консультациясын жүргізеді;
Тармақша 2
2) № 907 бұйрықпен бекітілген № 001-3/е нысаны бойынша жүргізілген зерттеулердің нәтижелерін көрсете отырып, стационарға емдеуге жатқызу жолдамасын ресімдейді;
Тармақша 3
3) Портал немесе телефон арқылы Күту парағымен стационарға емдеуге жатқызу күні туралы пациентті хабардар етеді. Емдеуге жатқызу коды бойынша пациент www.bg.eisz.kz сайтында республика стационарларындағы бос төсектер және стационарға өзінің кезегін және қайда емдеуге жатқызу жоспарланып отырғаны туралы ақпаратты қарайды.
Тармақ 25
25. Жоспарлы емдеуге жатқызу көрсетілімдері:
Тармақша 1
1) диагнозды нақтылау және базалық терапияны таңдау;
Тармақша 2
2) ревматикалық аурудың жоғары белсенділігі;
Тармақша 3
3) ревматикалық аурудан және жүргізілген дәрілік терапиядан болған асқынулар;
Тармақша 4
4) биотехнологиялық препаратты енгізу бастамасы (бастапқы).
Тармақ 26
26. Шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызу ревматолог дәрігердің, терапевт дәрігердің, жалпы практика дәрігерінің, педиатр дәрігердің жолдамасы бойынша жедел медициналық жәрдем жолдамасы бойынша, өз бетімен жүгінген кезде және пациентті жеткізудің кез келген тәсілі кезінде тұрғылықты жеріне және бекітілген жеріне қарамастан ТМККК шеңберінде жүзеге асырылады.
Тармақ 27
27. Шұғыл емдеуге жатқызу көрсетілімдері:
Тармақша 1
1) ревматикалық ауру белсенділігінің жоғары дәрежесі;
Тармақша 2
2) базалық терапияны, соның ішінде ГИБТ қабылдап жүрген пациентте ауыр интеркурренттік инфекцияның дамуы;
Тармақша 3
3) жүргізілген дәрілік терапиядан ішкі ағзалары мен жүйелердің ауыр зақымдалып ревматикалық аурудың асқынуы.
Тармақ 28
28. Ревматикалық ауруы бар пациентке стационарлық деңгейде ревматологиялық көмек көрсету мыналарды қамтиды:
Тармақша 1
1) оның жай-күйін анықтау және диагноз қою мақсатында дәрігердің пациентті тексеріп-қарауы;
Тармақша 2
2) № 907 бұйрыққа сәйкес медициналық құжаттаманы ресімдеу;
Тармақша 3
3) емдік-диагностикалық іс-шараларды жүргізу;
Тармақша 4
4) бекітілген клиникалық хаттамаларға сәйкес терапияны таңдау және тағайындау;
Тармақша 5
5) көрсетілімдер бойынша бейінді мамандардың консультациясы.
Тармақ 29
29. Стационардың қабылдау бөлімшесінде дәрігер қарап-тексергеннен кейін пациенттің немесе оның заңды өкілінің оған медициналық көмек көрсетуге жазбаша келісімі болған кезде, пациент № 907 бұйрықпен бекітілген 003/е нысаны бойынша стационар науқастың картасы толтырылып, ревматологиялық бөлімшеге/төсекке емдеуге жатқызылады.
Тармақ 30
30. Алдын ала қойылған ревматикалық ауру бойынша диагноз клиникалық зерттеу деректерінің, аспаптық және зертханалық зерттеу нәтижелерінің негізінде келіп түскен кезден бастап бір тәулік ішінде қойылады.
Тармақ 31
31. Ревматикалық аурудың клиникалық диагнозы клиникалық-аспаптық зерттеулердің, зертханалық зерттеу әдістерінің және динамикалық байқау нәтижелерінің негізінде пациент келіп түскен кезден бастап үш тәулік ішінде қойылады.
Тармақ 32
32. Өмірлік маңызды функцияларының бұзылуына қауіп төнген жағдайда ревматикалық ауруы бар пациент шұғыл түрде қарқынды терапия палатасына (бөліміне) немесе реанимациялық бөлімшеге емдеуге жатқызылады.
Тармақ 33
33. Ревматикалық ауру бар пациентке коморбидтік жай-күй кезінде медициналық көмек көрсету бейінді мамандардың қосымша консультациясын қамтиды.
Тармақ 34
34. ГИБТ денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас ревматологынан, бас дәрігердің клиникалық жұмыс жөніндегі орынбасарынан, пациент бақыланып және емделіп жүрген МҰ емдеуші дәрігерінен құрылған денсаулық сақтау басқармасының бұйрығымен бекітілген медициналық комиссияның шешімі бойынша жүргізіледі.
Тармақ 35
35. ГИБТ-ға мұқтаж пациент вирустық гепатитке, адамның иммун тапшылығы вирусына және латенттік туберкулезге зерттеліп-қаралады.
Тармақ 36
36. ГИБТ-ға мұқтаж 18 жасқа дейінгі пациент желшешек және пневмококк инфекциясына қарсы вакцина алады.
Тармақ 37
37. ГИБТ терапиясына жоспарлы дайындықты ревматолог дәрігер, ал ол болмаған жағдайда учаскелік терапевт, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер жүргізеді.
Тармақ 38
38. Шұғыл көрсетілімдер бойынша емдеуге жатқызылған кезде, пациент медицина қызметкерінің алып жүруімен стационарға жедел медициналық жәрдем қызметімен немесе амбулаториялық-емханалық ұйымның санитариялық автокөлігімен жеткізіледі.
Тармақ 39
39. Ревматикалық ауруы бар жүкті әйелді ММК көрсетуге жіберу қажеттілігі туралы шешімді міндетті түрде ревматолог дәрігердің, акушер гинекологтың қатысуымен дәрігерлердің консилиумы қабылдайды.
Тармақ 40
40. Ерте жастағы балаларда ММК көрсетуді қажет ететін ревматикалық ауру белгісі анықталған жағдайда, оның құрылымында балалар ревматологиялық бөлімшесі (ревматологиялық төсектері) және балалар ревматолог дәрігері бар бейінді МҰ-ға жіберіледі.
Тармақ 41
41. Стационарлық жағдайда ММК көрсету аяқталғаннан кейін, пациентке жүргізілген зерттеулер мен емдеудің нәтижелері бар стационар науқастың медициналық картасынан үзінді көшірме № 907 бұйрықпен бекітілген № 027/е нысаны бойынша науқасты қадағалап қараудың одан арғы тактикасы бойынша ұсынымдары бар шығару эпикризі беріледі.
Тармақ 42
42. Ревматикалық ауруы бар пациентке ауылдық елді мекендерде ревматологиялық көмекті медициналық пункттерде, дәрігерлік амбулаторияларда, фельдшерлік-акушерлік пункттерде, ауылдық және аудандық емханаларда ревматолог дәрігердің ұсынымдарына сәйкес медицина қызметкерлері көрсетеді.
Тармақ 43
43. Уақытша еңбекке жарамсыздық белгілері болған жағдайда уақытша еңбекке жарамсыздыққа сараптама жүргізу үшін ревматикалық ауруы бар пациент Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 5 мамырдағы № 321 бұйрығымен бекітілген Дәрігерлік-консультациялық комиссияның қызметі туралы ережеге сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11310 болып тіркелген) дәрігерлік-консультациялық комиссияға жіберіледі.
Тармақ 44
44. Ревматолог дәрігер, ал ол болмаған кезде - терапевт дәрігер, жалпы практика дәрігері, педиатр дәрігер еңбекке уақытша жарамсыздық парағын немесе еңбекке уақытша жарамсыздық анықтамасын береді және қажет болған жағдайда оны ұзартады, ал еңбекке қабілеттіліктен тұрақты айырылған кезде - Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығымен бекітілген Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген ) (бұдан әрі – № 44 бұйрық) медициналық-әлеуметтік сараптамаға (бұдан әрі-МӘС) жіберу үшін құжаттарды ресімдеуге қорытынды береді.
Тармақ 45
45. Еңбекке қабілеттіліктен тұрақты айырылу дәрежесін белгілеу, куәландыру (қайта куәландыру), сондай-ақ куәландырылатын адамның әлеуметтік қорғау шараларына қажеттілігін белгілеу МӘС жүргізу арқылы № 44 бұйрығына сәйкес жүргізіледі.