Об утверждении Правил предоставления специальных социальных услуг на платной основе Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.07.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларын бекіту туралы «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 3-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Әлеуметтік қызметтер департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялау үшін жіберуді;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі С.Қ. Жақыповаға жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің міндетін атқарушының 2016 жылғы 25 ақпандағы № 146 бұйрығымен бекітілген Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Арнаулы әлеуметтік қызметтер туралы» 2009 жылғы 28 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзірленді және арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектілердің ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтерді көрсету тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады: қызметтерді алушы – арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтерді алуға жүгінген адам; ақылы негіздегі арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – ақылы қызметтер) – қызметтерді алушының қаражаты есебінен ұсынылатын арнаулы әлеуметтік қызметтердің кепілдік берілген көлемінен тыс қызметтер.
Тармақ 3
3. Ақылы қызметтер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 26 наурыздағы № 165 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11038 болып тіркелген) Халықты әлеуметтік қорғау саласында арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету стандарттарына (бұдан әрі – Стандарттар) сәйкес қызметтерді алушыларға көрсетіледі.
Тарау 2. 2. Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі
2. Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету тәртібі
Тармақ 4
4. Ақылы қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адам немесе оның заңды өкілі арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін субъектіге мынадай құжаттарды ұсыну жолымен жүгінеді:
Тармақша 1
1) осы Қағидаларға 1, 2-қосымшаларға сәйкес нысан бойынша өтініші;
Тармақша 2
2) қызметтерді алушының жеке басын куәландыратын құжаттың көшірмесі;
Тармақша 3
3) «Медициналық-әлеуметтік сараптама жүргізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 30 қаңтардағы № 44 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10589 болып тіркелген) сәйкес нысан бойынша мүгедектігі бар адамдар үшін мүгедектігі туралы анықтаманың көшірмесі;
Тармақша 4
4) зейнеткерлер үшін жасына байланысты зейнетақы алушының куәлігінің көшірмесі;
Тармақша 5
5) Стандарттарға сәйкес нысандар бойынша медициналық карта;
Тармақша 6
6) мекенжай анықтамасы.
Тармақ 5
5. Ақылы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер Стандарттарға сәйкес айқындалады.
Тармақ 6
6. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект осы Қағидалардың 4-тармағына сәйкес ұсынылған құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарайды. Арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъектінің басшысы ақылы қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адамға ақылы қызметтер ұсыну туралы шешім қабылдаған жағдайда, олардың арасында осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шарт (бұдан әрі – Шарт) жасалады.
Тармақ 7
7. Ақылы қызметтерді ұсынудан бас тарту үшін мыналар негіз болып табылады:
Тармақша 1
1) ұсынылған мәліметтер мен құжаттардың дәйексіздігі;
Тармақша 2
2) ақылы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдердің болуы.
Тармақ 8
8. Ұсынылған құжаттар осы Қағидалардың 7-тармағында көрсетілген негіздер бойынша сәйкес болмаған жағдайда, арнаулы әлеуметтік қызметтерді ұсынатын субъект ақылы қызметтердің көрсетілуіне мұқтаж адамды ұсынылған құжаттарды қарағаннан кейін үш жұмыс күні ішінде ақылы қызметтерді ұсынудан бас тарту туралы хабардар етеді.
Тармақ 9
9. Шартты уақытша тоқтата тұруға қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің жеке өтініші бойынша жол беріледі.
Тармақ 10
10. Қызметтерді алушы туралы ақпараттың құпиялылығы «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 11-бабының 2-тармағына сәйкес қамтамасыз етіледі.
Басқа 1. Өтініш
Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына 1-қосымша Нысан ______________________________________ (ұйымның атауы) азамат (-ша)___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________ (туған күні, айы және жылы) Тұрғылықты мекенжайы ________________ ______________________________________ Байланыс телефоны ____________________ Өтініш Сізден, стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында (қажетінің астын сызу керек) маған 20 ___ жылғы «____» __________ бастап 20 ___ жылғы «____» __________ аралығындағы кезеңге ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын. Күні ____________________ Қолы________________
Басқа 2. Өтініш
Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына 2-қосымша Нысан ______________________________________ (ұйымның атауы) азамат (-ша)___________________________ (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) ______________________________________ (туған күні, айы және жылы) Тұрғылықты мекенжайы _________________ ______________________________________ Байланыс телефоны ____________________ Өтініш Сізден, стационар, жартылай стационар, үйде күтім жасау жағдайларында (қажетінің астын сызу керек) 20 ___ жылғы «____» __________ бастап 20 ___ жылғы «____» __________ аралығындағы кезеңге ______________________________ мекенжайында тұратын, байланыс телефоны _________________ және ________________________ мекенжайы бойынша тіркелген азамат (-ша) __________________________ мүддесін білдіре отырып, оған ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетуді сұраймын. Күні ____________________ Қолы________________
Басқа 3. Ақылы қызметтер көрсетуге арналған № ____ шарт
Ақылы негізде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету қағидаларына 3-қосымша Нысан Ақылы қызметтер көрсетуге арналған № ____ шарт _______________________ қаласы 20___ жылғы «____» _________ (қаланың, ауданның, ауылдың атауы) Бұдан әрі «Орындаушы» деп аталатын 20__ жылғы «____» __________________ № ______ бекітілген _________________ негізінде әрекет ететін _______________________________________ (бұдан әрі – Ұйым) атынан __________________________ (ұйым басшысының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), бір тараптан және бұдан әрі «Қызметтерді алушы» деп аталатын __________ жылы туған, ______________ берген жеке куәлігінің № ______________ ___________________________________ мекенжайы бойынша тіркелген, байланыс телефоны ____________________, ___________________ мекенжайында тұратын ___________________ (қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) екінші тараптан (бұдан әрі – Тараптар) төмендегілер туралы осы Шартты (бұдан әрі – Шарт) жасасты:
Тарау 1. 1. Шарттың нысанасы
1. Шарттың нысанасы
Тармақ 1
1. Орындаушы Қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің жазбаша өтініші және осы Шарт негізінде, толық ақы төлеу шарттарымен ақылы қызметтер көрсетуге міндеттенеді.
Тарау 2. 2. Шарт бойынша төлем сомасы және оны енгізу тәртібі
2. Шарт бойынша төлем сомасы және оны енгізу тәртібі
Тармақ 2
2. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызметтерге ақыны арнаулы әлеуметтік қызметтердің келісілген көлемінің негізінде төлейді.
Тармақ 3
3. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі Шарттың 2-тармағында көзделген қызметтер үшін ұйымның жеке шотына (бұдан әрі – шот) төлем енгізеді.
Тарау 3. 3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
3. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
Тармақ 4
4. Қызметтерді алушы: Орындаушыдан қызметтерді ұйымдастыруға және олардың тиісінше атқарылуын қамтамасыз етуге қатысты мәселелер жөнінде ақпарат алуға; осы Шартқа өзгерістер мен толықтырулар енгізу бойынша Орындаушыға ұсыныстар енгізуге құқылы.
Тармақ 5
5. Қызметтерді алушы: ақылы қызметтер үшін төлемді уақтылы жүргізуге; ақылы қызметтер көрсететін адамдарға құрметпен қарауға; ақылы қызметтерден бас тарту себептері туралы ақылы қызметтерді ұсынғанға дейін күнтізбелік он күн бұрын Орындаушыға хабарлауға; осы Шарт талаптарының өзгеруіне алып келетін, жаңадан туындаған мән-жайлар туралы Орындаушыны уақтылы хабардар етуге міндетті.
Тармақ 6
6. Орындаушы, Қызметтерді алушы Шарт талаптарын бұзған жағдайда, ақылы қызметтерді мерзімінен бұрын тоқтатуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Орындаушы: Орындаушымен және Қызметтерді алушымен келісілген көлемдерде және мерзімдерде қызметтер көрсетуге; Қызметтерді алушыға ақылы көрсетілетін қызметтер тарифтерінің өзгергені туралы жазбаша хабарлауға; Қызметтерді алушыға ақылы көрсетілетін қызметтердің көлемі мен сапасы туралы толық әрі шынайы ақпарат беруге; осы Шарттың талаптары мен Қызметтерді алушының заңнамада және осы Шартта көзделген құқықтарының сақталуын қамтамасыз етуге; Шарт бойынша өз міндеттерін орындаған кезде Қызметтерді алушы туралы белгілі болған жеке сипаттағы ақпаратты жария етпеуге міндетті.
Тарау 4. 4. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі
4. Ақылы қызметтер көрсету тәртібі
Тармақ 8
8. Осы Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартқа қол қойылғаннан кейін және ақылы қызметтер көрсету басталғанға дейін Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі қызмет құнының 100% мөлшерінде төлемді енгізеді. Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі ақылы қызметтер көрсету басталғанға дейін үш жұмыс күнінен кешіктірмей ұйымның шотына төлемді енгізеді. Қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда, енгізілген төлемдерді қайтару Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында және Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартта көзделген негіздер мен тәртіп бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Ақылы қызметтердің сапасы, олардың көлемі мен ұсынылу мерзімдері бойынша наразылықтарын Қызметтерді алушы немесе оның заңды өкілі сапасыз қызмет көрсетілген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей Орындаушыға ұсынады.
Тармақ 10
10. Орындаушы наразылық шағымы түскен күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей өз қызметкерінің кінәсі бойынша жол берілген кемшіліктерді жояды.
Тармақ 11
11. Орындаушы шарт бойынша міндеттемелерді орындауды үшінші тұлғаларға бермейді.
Тарау 5. 5. Тараптардың жауапкершілігі
5. Тараптардың жауапкершілігі
Тармақ 12
12. Қызметтерді алушы белгіленген мөлшерде ақылы қызметтерге ақы төлеуден бас тартқан жағдайларда, Орындаушы осы Шарттың іс-әрекетін тоқтата тұру немесе тоқтату мәселесін заңнамаға сәйкес шешеді.
Тармақ 13
13. Ақылы қызметтер көрсету кезінде кемшіліктер орын алған жағдайда, Қызметтерді алушы өз таңдауы бойынша: көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін өтеусіз жоюды; көрсетілген қызметтер бағасын тиісінше азайтуды; көрсетілген қызметтердің кемшіліктерімен байланысты өзіне келтірілген шығындарды толық өтеуді талап етеді.
Тармақ 14
14. Егер Орындаушы Шартта белгіленген мерзімде көрсетілген қызметтердің кемшіліктерін жоймаған болса, Қызметтерді алушы Ақылы қызметтер көрсетуге арналған шартты бұзады және шығынның толық өтелуін талап етеді. Егер Қызметтерді алушы сондай-ақ көрсетілген қызметтердің елеулі кемшіліктерін тапса немесе Шарт талаптарынан өзге де айтарлықтай ауытқулар орын алса, ақылы қызметтер көрсетуге арналған Шартты бұзады. Егер Қызметтерді алушы қызметтердің кемшіліктері көрсетілетін қызметті оларды қабылдағанға дейін немесе осы кезге дейін туындаған себептерден пайда болғанын дәлелдесе, Орындаушы қызметтердің кемшіліктері үшін жауап береді.
Тармақ 15
15. Ақылы қызметтер көрсетудің белгіленген мерзімдері бұзылған жағдайда, Орындаушы мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсету бағасының үш пайызы мөлшерінде Қызметтерді алушыға тұрақсыздық айыбын (өсімпұл) төлейді. Мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсетудің басталу және (немесе) оның кезеңін орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қызмет көрсету басталғанға дейін және (немесе) оның кезеңі орындалғанға дейін немесе Қызметтерді алушы осы тармақта көзделген талаптарды қойғанға дейін өндіріліп алынады. Мерзімінен кешіктірілген әрбір күн (егер мерзім сағатпен белгіленген болса, сағат) үшін қызмет көрсетудің аяқталу және (немесе) оның кезеңін орындау мерзімін бұзғаны үшін тұрақсыздық айыбы (өсімпұл) қызмет көрсету аяқталғанға дейін және (немесе) оның кезеңі орындалғанға дейін немесе Қызметтерді алушы осы тармақта көзделген талаптарды қойғанға дейін өндіріліп алынады. Қызметтерді алушы өндіріп алған тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың) мөлшері қызметтің жекелеген түрінің бағасынан немесе, егер қызметтің жекелеген түрінің орындалу бағасы белгіленбесе, тапсырыстың жалпы бағасынан аспайды. Тұрақсыздық айыбының (өсімпұлдардың) мөлшері қызмет көрсету бағасына сүйене отырып есептеледі, егер бұл баға Қызметтерді алушының талабы ерікті түрде қанағаттандырылған күні немесе егер ол ерікті түрде қанағаттандырылмаған болса, сот шешімі шығарылған күні сол жердегі тапсырыстың жалпы бағасына сүйене отырып көрсетілмесе. Шарт бұзылған кезде Орындаушы қызмет көрсету процесінде орын алған өз шығындарын өтеуді, сондай-ақ, егер Қызметтерді алушы көрсетілген қызметті қабылдап алған жағдайды қоспағанда, көрсетілген қызмет үшін төлемді талап етпейді. Егер Орындаушы қызмет көрсету мерзімінің бұзылуы еңсерілмейтін күш жағдайларының салдарынан немесе Қызметтерді алушының кінәсінен орын алғанын дәлелдесе, Қызметтерді алушының осы тармақта белгіленген талаптары қанағаттандыруға жатпайды.
Тарау 6. 6. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу және Шартты бұзу тәртібі
6. Шарт талаптарына өзгерістер енгізу және Шартты бұзу тәртібі
Тармақ 16
16. Осы Шарттың талаптарына өзгерістер енгізу немесе оны бұзу оның ажырамас бөлігі болып табылатын Тараптардың жазбаша келісімімен жүзеге асырылады.
Тармақ 17
17. Шарт:
Тармақша 1
1) Қызметтерді алушының немесе оның заңды өкілінің өтініші бойынша;
Тармақша 2
2) Қызметтерді алушының мүгедектігі алынып тасталған жағдайда;
Тармақша 3
3) Қызметтерді алушы ішкі тәртіпті бірнеше рет бұзған жағдайда;
Тармақша 4
4) ақылы қызметтер көрсетуге медициналық қарсы көрсетілімдер анықталған жағдайда;
Тармақша 5
5) Қызметтерді алушы шарт талаптарын бұзған жағдайда бұзылады.
Тармақ 18
18. Қызметтерді алушы қайтыс болған жағдайда, Тараптардың еркіне қарамастан, Шарт бұзылады.
Тармақ 19
19. Шарт мерзімінен бұрын бұзылған жағдайда, Тараптар шарттың бұзылу сәтіне дейін үш жұмыс күн бұрын жазбаша түрде екінші тарапты алдын ала ескертеді және ақша қаражаттары Қызметтерді алушыға немесе Қызметтерді алушының заңды өкіліне Қызметтерді алушының жеке шотына қайтарылады.
Тарау 7. 7. Дауларды шешу
7. Дауларды шешу 20. Шарт нысанасы бойынша туындаған барлық даулар мен келіспеушіліктер Тараптар арасында келіссөздер жүргізу арқылы шешіледі. 21. Егер Тараптар келісімге келе алмаған жағдайда, дау сот тәртібімен шешіледі.
Тарау 8. 8. Шарттың қолданылу мерзімі
8. Шарттың қолданылу мерзімі
Тармақ 22
22. Осы Шарт Тараптар оны жасасқан күннен бастап күшіне енеді және 20___ жылғы «____» _______________ дейін қолданылады.
Тарау 9. 9. Қорытынды ережелер
9. Қорытынды ережелер
Тармақ 23
23. Осы Шарт заңды күші бірдей екі данада жасалды, олардың біреуі Орындаушыда, екіншісі - Қызметтерді алушыда болады.
Тармақ 24
24. Осы Шартқа енгізілетін барлық өзгерістер мен толықтырулар, егер олар жазбаша түрде ресімделіп, Тараптардың уәкілетті тұлғалары оларға тиісінше қол қойған болса, жарамды деп есептеледі.
Тарау 10. 10. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары
10. Тараптардың заңды мекенжайлары мен қолдары «Орындаушы» ___________________________________ (ұйымның атауы) ___________________________________ (заңды мекенжайы) Байланыс телефоны _________________ Банк деректемелері: _______________ ___________________________________ ___________________________________ ___________________________________ Бизнес-сәйкестендiру нөмiрі________ ___________________________________ ___________________________________ (Орындаушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы ___________ Күні __________ «Қызметтерді алушы» Тегі _____________________________ Аты ______________________________ Әкесінің аты (бар болса)__________ Тіркелген мекенжайы ______________ __________________________________ Нақты тұрғылықты мекенжайы________ __________________________________ __________________________________ Байланыс телефоны ________________ Жеке басын куәландыратын құжаттың № _______________________ _________________________ берілген __________________________________ Қызметтерді алушының тегі, аты, әкесінің аты (бар болса) Қолы ___________ Күні __________