Об утверждении Положения государственного учреждения «Аппарат акима сельского округа Байдибек бия» Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.10.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Еңбекшіқазақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі Әмірденов Ержан Әмірденұлына осы қаулыны әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурсында және аудандық әкімдіктің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысы Керімбеков Бекен Орынбекұлына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Еңбекшіқазақ ауданы әкімдігінің 2016 жылғы 19 ақпандағы «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы» № 88 қаулысымен бекітілген қосымша «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз етудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің өкімдері мен шешімдері және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 040444, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Бәйдібек би ауылы, Шевченко көшесі, № 18 А.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджеттен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің миссиясы: Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі аумағында мемлекеттік саясатты жүзеге асыру.
Тармақ 14
14. Міндеттері: Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің қызметiн ақпараттық-талдау, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) өз құзыретi шегiнде жер қатынастарын реттеудi жүзеге асыру;
Тармақша 2
2) шаруа немесе фермер қожалықтарын ұйымдастыруға, кәсiпкерлiк қызметтi дамытуға жәрдемдесу;
Тармақша 3
3) тарихи және мәдени мұраны сақтау жөнiндегi жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 4
4) табысы аз адамдарды анықтау, жоғары тұрған органдарға еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету, атаулы әлеуметтік көмек көрсету жөнінде ұсыныс енгізу, жалғызілікті қарттарға және еңбекке жарамсыз азаматтарға үйінде қызмет көрсетуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) қылмыстық-атқару инспекциясы пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыруды қамтамасыз ету және өзге де әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету;
Тармақша 6
6) қоғамдық жұмыстарды, жастар практикасын және әлеуметтік жұмыс орындарын ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) жергiлiктi әлеуметтiк инфрақұрылымның дамуына жәрдемдесу;
Тармақша 8
8) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарымен өзара iс-қимыл жасау;
Тармақша 9
9) шаруашылықтар бойынша есепке алуды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) кәсіпқой емес медиаторлардың тізілімін жүргізу;
Тармақша 11
11) елді мекендерді абаттандыру, жарықтандыру, көгалдандыру және санитарлық тазарту жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру;
Тармақша 12
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Тармақша 2
2) жедел басқару құқығындағы мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
Тармақша 3
3) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
Тармақша 4
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын әкім жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округінің әкімін Еңбекшіқазақ ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қызметке тағайындалатын және қызметтен босатылатын орынбасары болады.
Тармақ 20
20. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің өкілеттігі:
Тармақша 1
1) «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
Тармақша 2
2) «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады:
Тармақша 3
3) «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзіреті шегінде шешімдер мен өкімдер шығарады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдарда өз құзыреті шегінде «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылдық округінің әкімі болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тармақ 21
21. Бірінші басшы өз орынбасарларының өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес белгілейді.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесіне бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. «Бәйдібек би ауылдық округі әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.