Об утверждении Положения о порядке проведения конкурса на замещение вакантной должности государственной службы Күшін жойған
Басқа 0
Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсын өткiзу тәртiбi туралы Ереженi бекiту туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Қазақстан Республикасы Президентiнiң Заң күшi бар "Мемлекеттiк қызмет туралы" Жарлығын және Қазақстан Республикасы Үкiметiнiң 1996 жылғы мамырдың 27-гi "Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсын өткiзу тәртiбi туралы Ережесiн бекiту туралы" Қаулысын орындау барысында облыс әкiмi шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсын өткiзу тәртiбi туралы Ереже бекiтiлсiн (N 1 Қосымша).
Тармақ 2
2. Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсын өткiзу жөнiндегi комиссия бекiтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыс әкiмiнiң 1996 жылғы қазанның 28-гi "Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсының комиссиясы туралы" шешiмi күшiн жойған болып есептелсiн.
Тармақ 4
4. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау жасау облыс әкiмiнiң аппарат басшысы С.Т. Жүсiповаға жүктелсiн.
Басқа 5
Облыс әкiмiнiң
1998 ж. 25 маусымдағы
N 6-214а шешiмiне
N 1 қосымша
Мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға
орналастыру конкурсын өткiзудiң тәртiбi туралы
ЕРЕЖЕ
Осы Ереже мемлекеттiк қызметтегi бос лауазымға орналастыру конкурсын өткiзудiң тәртiбiн белгiлейдi.
Конкурс:
- азаматтардың мемлекеттiк қызметке бiрдей қол жеткiзу құқығын қамтамасыз етедi;
- мемлекеттiк қызмет лауазымдарының үшiншiден бастап жетiншiге дейiнгi санаттардағы бос лауазымға орналасу үшiн өткiзiледi.
Конкурс өткiзу тәртiбi
Тармақ 1
1. Лауазымға орналасу конкурсын жариялау туралы шешiмдi облыс әкiмi қабылдайды.
Тармақ 2
2. Конкурс:
- жарияланған сәттен бастап бiр айдан аспайтын мерзiм iшiнде оған қатысуға өтiнiш берген азаматтар арасында;
- құжаттар конкурсы нысанында өткiзiледi.
Тармақ 3
3. Конкурс қатысушылар арасында мемлекеттiк қызметшiлерге қойылатын талаптарға неғұрлым сай келетiн адамдарды анықтау үшiн өткiзiледi.
Тармақ 4
4. Мемлекеттiк қызметшiлер конкурс өткiзiлетiн сәтте өздерiнiң қандай
лауазым атқаратындарына қарамастан оған қатысуға хақылы.
Тармақ 5
5. Конкурсты өткiзу күнi мен орны, өтiнiш беру тәртiбi мен мерзiмi
туралы ақпарат бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.
Тармақ 6
6. Конкурсқа қатысушылар мынадай талаптарға сай болуға тиiс:
- Қазақстан Республикасының азаматы болуға;
- жасы он сегiз жастан кем болмауға;
- бiлiктiлiк талаптарына сай келетiн қажеттi бiлiмi мен
кәсiптiк даярлығының деңгейi болуы тиiс.
Тармақ 7
7. Конкурсқа қатысқысы келетiндер облыс әкiмiнiң атына келесi
құжаттарды бередi:
- өтiнiш;
- кадрлар есебi жөнiндегi жеке iс парағы;
- өмiрбаяны;
- бiлiмi, ғылыми атағы туралы құжаттардың және ғылыми атақ тағайындау жөнiндегi аттестаттың көшiрмелерi.
Тармақ 8
8. Конкурсқа түскен құжаттарды облыс әкiмi алдын ала қарайды және тиiстi қорытындыны конкурстық комиссияға жiберiледi.
Тармақ 9
9. Конкурстық комиссия конкурсқа қатысушыларды бiлiмi туралы, мемлекеттiк қызметтегi немесе өзге еңбек жолын өткеруi туралы құжаттардың негiзiнде бағалайды.
Тармақ 10
10. Конкурсқа қатысушы адамдар конкурстық комиссияның мәжiлiсiне қатыса алады.
Тармақ 11
11. Конкурстық комиссияның шешiмi тиiстi мемлекеттiк лауазымға ұсынылған азаматпен контракт жасауға немесе осындай контракт жасаудан бас тартуға негiз болып табылады.
Тармақ 12
12. Дауыс беруге комиссияның жалпы құрамының кемiнде 2/3 мүшесi қатысса, конкурсты өткiзуде конкурстық комиссияның шешiмi заңды болып табылады. Конкурстық комиссияның қатысушы мүшелерiнiң көпшiлiк дауысын алған кандидат конкурстан өткен болып саналады.
Егер екi немесе одан да көп кандидат қатысқан конкурсты өткiзгенде дауыстар теңдей бөлiнсе, конкурстық комиссия төрағасының дауысы шешушi болып табылады.
Конкурс өткiзiлмей қалған жағдайда облыс әкiмi бос лауазымға орналастыру туралы шешiмдi өз бетiнше қабылдайды.
Тармақ 13
13. Конкурстық комиссияның шешiмi, егер ол осы Ереженiң талаптарын сақтай отырып қабылданған болса, түпкiлiктi болып табылады. Комиссияның шешiмi заңда белгiленген тәртiппен жойылуы мүмкiн.
Тармақ 14
14. Конкурсқа қатысушылардың әрқайсысына конкурстың нәтижелерi туралы хабарланады.
Басқа 20
Облыс әкімінің
1998 ж. маусым «25»
№ 6-214 шешіміне
№ 2 қосымша
Мемлекеттік қызметтегі бос лаауазымға орналастыру конкурсын өткізу КОМИССИЯСЫ
Тармақ 1
1. Жүсіпова С.Т. – аппарат басшысы, комиссия төрағасы
Тармақ 2. Комиссия мүшелері:
2. Әлімғазиева А.С. – ұйымдастыру-кадрмен жұмыс бөлімі кадрмен жқмыс секторының меңгерушісі, комиссия хатшысы
Комиссия мүшелері:
Тармақ 3
3. Жұмағалиев Б.Ж. – аппарат басшысының орынбасары-ұйымдастыру-кадрмен жұмыс бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 4
4. Әлімжанов А.Д. – канцелярия меңгерушісі
Тармақ 5
5. Ғаббасова Л.Г. – заң бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 6
6. Попович А.Г. – экология және ауыл шаруашылығы бөлімінің меңгерушісі
Тармақ 7
7. Адасбаев Е.А. – экономика басқармасының бастығы