Об упорядочении розничной торговли алкогольными напитками на территории Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысы аумағында алкогольдi iшiмдiктердiң бұлшек саудасын реттеу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы облысы әкімінің 29.09.2004 № 9-96 шешімімен.
Тұтынушылардың құқығын қорғау және алкогольдi iшiмдiктер сатуды реттеу мақсатында облыс әкiмi ШЕШIМ қабылдады:
Тармақ 1
1. Табиғи көлемдеріне қарамастан этил спиртінің көлемдік құрамы 12 проценттен астам алкогольді өнімдерді сатуды тиісті лицензиясы бар көтерме сауда ұйымдарымен сатып алушыларға қызмет көрсетуге арналған станционарлық сауда мекен-жайлары (сауда залдары) және фискалды зерделі кассалық аппараты бар бөлшек сауда ұйымдары жүзеге асыратын тәртіп орнатылсын.
📌 Ескерту. Жаңа 1-тармақпен толықтырылды - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі N 7-234 шешімімен.
Тармақ 2
2. Аудан мен Талдықорған, Текелi, Қапшағай қалалары әкiмдерiне 1998 жылдың мамыр айының 1-не дейiнгi мерзiмде алкогольдi iшiмдiктердi сатуды реттеу шараларын қолдансын:
- алкогольдi өнiмдi арнайы жабдықталынбаған және сақтауға, сатуға қолайсыз орындарда, жылжымалы саудаларда, облыстағы базар сөрелерiнде, сондай-ақ жеке адамдар арқылы рұксат етiлмеген жерлерде, оқу орындары мен балалар мекемелерiнде жақын жерлерде сатуға тыйым салынсын.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Асыл-Кеней С.Б.) тұрақты бақылау жасауды қамтамасыз етсiн және қолданып жүрген заңдар жиынтығына сәйкес аталған өнiмдердi рұқсат етiлмеген орындарда сату фактiлерiнiң жолын кесу шараларын қолдансын.
Тармақ 4
4. Өнеркәсiп және сауда басқармасы (Ш.Ж. Мәжiденов), санитарлықэпидемиологиялық қадағалау басқармасы (Талкимбаев А.К.) алкогольдi iшiмдiктердi сату ережелерiнiң сақталуына қатаң бақылау орнатсын.
Салық полициясы комитеті басқармасымен (В.Н.Кидик) бірге Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Алкогольді өнімдерді өндіруге және олардың айналымына мемлекеттік бақылау жасау жөніндегі комитетінің келісімі бойынша 1996 жылғы маусымның 16-ғы N 543-ші "Алкогольді өнімдердің айналымын реттеу жөніндегі шаралар туралы" Үкімет Қаулысының атқарылуына бақылау жасауды жүзеге асырсын.
📌 Ескерту. 4-тармақ 2-абзацпен толықтырылды - Алматы облысы Әкімінің 1998 жылғы 21 шілдедегі N 7-234 шешімімен.
Тармақ 5
5. Облыстық салық комитетi (Сатқалиев М.А.) халық тұтынатын тауарлар мен тағам өнiмдерi бөлшек саудасынан салықтың түсуiне бақылауды күшейтсiн.
Тармақ 6
6. Облыс әкiмiнiң баспасөз-хатшысы (Бекболатұлы Ж.) Алматы облысы аумағын бұқаралық құралдар арқылы алкогольдi iшiмдiктердiң бөлшек саудасының реттелетiнi туралы хабарлауын қамтамасыз етсiн.
Тармақ 7
7.
Осы шешiмнiң орындалуын
бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары А.К. Каримуллинаға тапсырылсын