Об упорядочении процедур по привлечению грантов Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.08.2004. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Гранттар тарту жөніндегі рәсімдерді ретке келтіру туралы Орталық және жергілікті атқарушы органдардың гранттар тартуы жөніндегі рәсімдерді ретке келтіру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарының, шет елдердегі елшіліктерінің гранттар тарту мәселелері бойынша халықаралық қаржы ұйымдарына және басқа донорларға (бұдан әрі - донор ұйымдар) өз бетінше өтініш жасауларына тыйым салынсын.
Тармақ 2
2. Орталық және жергілікті атқарушы органдар гранттар беруге өтінімдерді Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігіне жіберсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігі: гранттар беруге өтінімдерді Тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджеттің жобасын қалыптастыру жөніндегі бюджеттік комиссияның (бұдан әрі - Бюджеттік комиссия) қарауына мезгіл-мезгіл енгізіп отырсын; Бюджеттік комиссия грант беруге өтінімді бекіткен кезінде донор ұйымдарға тиісті сұрату жіберсін; донор ұйымдарды гранттар тартудың көрсетілген рәсімдерінің қолданылуы туралы хабардар етсін; екі айлық мерзімде гранттар тартудың және оларды пайдаланудың ережесін әзірлесін және Қазақстан Республикасының Үкіметіне қарауға және бекітуге енгізсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары О.Ә. Жандосовқа жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі