Об объявлении на территории Айыртауского района Северо-Казахстанской области чрезвычайной ситуации природного характера местного масштаба Күшін жойған
Басқа 0
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 33-бабының 1-тармағы 13) тармақшасына, «Азаматтық қорғаныс туралы» Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 11 сәуірдегі Заңының 4-бабының 5-тармағы 3) тармақшасына және 48-бабына, «Табиғи және техногендiк сипаттағы төтенше жағдайлардың сыныптамасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 2 шілдедегі № 756 қаулысына сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында қалыптасқан жағдайға байланысты елді мекендердің тыныс-тіршілігін қамтамасыз ету мақсатында Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімі ШЕШТІ:
Тармақ 1
1. Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын.
Тармақ 2
2. Азаматтық қорғаныс мемлекеттік жүйесінің аудандық аумақтық кіші жүйесі қызметі төтенше жағдай режиміне енгізілсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудан әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі және 2016 жылғы 07 сәуірден бастап туындаған құқықтық қатынастарға таралады.