Құжат мәтініне өту

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Қаулы · № 37 · қабылданған 29.02.2016
Заңдық күші: Күшін жойған · 19.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/doc-101012/on/2026-08-19/
Басып шығарылды 2026-08-20 · adilet.kz
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Күшін жойған Қаулы ·№ 37 ·29.02.2016
16.04.2018 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
19.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности

Күшін жойған Қаулы ·№ 37 · 19.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
Об определении перечня должностей специалистов в области социального обеспечения, образования, культуры, спорта, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности
Атауы (қаз.)
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
37
Қабылданған күні
29.02.2016
Көрсетілген редакция
16.04.2018 101012_319514.kaz
Соңғы өзгеріс
16.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V16VH004460
ЭКБ идентификаторы
101012
Редакция идентификаторы
101012_319514
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 10:15

0 Азаматтық қызметші болып табылатын

және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн
әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру,
мәдениет, спорт саласындағы мамандар
лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабы 9-тармағына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін - өзі бақсару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына сәйкес, Бородулиха ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1 1. Осы қаулыға қосымшаға сәйкес азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi айқындалсын.

2 2. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Қ. Аргумбаевқа жүктелсін.

3 3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Келісілді:
Бородулиха аудандық У.Майжанов
мәслихатының хатшысы 2016 жыл « 29 » ақпан

4 Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

Бородулиха ауданы әкімдігінің
2016 жылғы « 29 » ақпан № 37 қаулысына
№ 1 қосымша
Азаматтық қызметші болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, спорт саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi

1 1. Әлеуметтік қамтамасыз ету мамандарының лауазымдары:

1 1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің директоры;

2 2) бөлімше меңгерушісі;

3 3) мамандар: әлеуметтік жұмыс жөніндегі кеңесші, күтім бойынша әлеуметтік қызметкер, әдіскер.

2 2. Білім беру мамандарының лауазымдары:

1 1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорынның басшысы және басшының орынбасары, кітапхана, әдістемелік кабинет меңгерушісі;

2 2) педагогикалық қызметкерлер мен оларға теңестірілген тұлғалар: барлық мамандық мұғалімдері, аға тәрбиеші, тәрбиеші, шебер, нұсқаушы, аға тәлімгер, педагог-ұйымдастырушы, қосымша білім беру педагогы, педагог – психолог.

3 3) мамандар: кітапханашы, медбике, әдіскер.

3 3. Мәдениет, спорт мамандарының лауазымдары:

1 1) коммуналдық мемлекеттік мекеменің және коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынның басшысы және орынбасары, меңгеруші;

2 2) мәдениет, спорт мамандары: әртіс, кітапханашы, мәдени-ұйымдастырушы, мұғалім, музыкалық басшы, үйірме басшысы, әдіскер, хореограф, дыбыс жазу операторы, жаттықтырушы-мұғалім.

Қолданыстағы