Об утверждении натуральных норм площадей для специфических помещений органов внутренних дел Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2008 жылғы 4 желтоқсандағы Бюджет кодексінің 69-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Тыл департаменті:
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жолдауды;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде Қазақстан Республикасы Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық-құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорынға жолдауды;
Тармақша 4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің интернет-ресурсына орналастыруды;
Тармақша 5
5) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1), 2), 3) және 4) тармақшаларымен көзделген іс-шараларды орындау туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Заң департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің орынбасары полиция генерал-майоры Б.Б. Бисенқұловқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық ресми жариялануға жатады және мемлекеттік тіркеген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. «КЕЛІСІЛДІ» Қазақстан Республикасы Қаржы министрі ____________ Б. Сұлтанов 27 ақпан 2016 жыл
Басқа 10. Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2016 жылғы 27 ақпандағы № 188 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының ерекше үй-жайлары үшін алаңдардың заттай нормалары № р/с Үй-жайдың атауы Өлшем бірлігі Үй-жайдың алаңы 1 Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) шаршы метр 0,2 2 Жедел басқару орталығының үй-жайы (бұдан әрі - ЖБО)* шаршы метр 48,5 3 Полимеразалық тізбек реакциясы зертханасына арналған үй-жай (бұдан әрі - ПТР-зертхана) шаршы метр 164,5 4 Биологиялық зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 107 5 Физикалық-химиялық зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 240,5 6 Криминалистикалық полигонға және оқу сыныбына арналған үй-жай шаршы метр 114 7 Баллистикалық зертханаға және суық қаруды зерттеуге арналған үй-жай шаршы метр 89,3 8 Трасологиялық зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 25,5 9 Құжаттарды техникалық зерттеуге, қолтаңбатанушылық және криминалистикалық, портреттік зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 42 10 Полиграфологиялық зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 25 11 Автоматтандырылған криминалистикалық есептердің деректерін өңдеуге арналған үй-жай (серверлік) шаршы метр 45 12 Тер­ге­у­ге алын­ған­дар­дан жа­у­ап алу­ға ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 13 «Құ­пи­я­лы­лық» ре­жи­мін­де тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 14 Же­дел-тер­геу то­бы­ның ка­би­не­ті ш.м. 36 15 Қа­рап тек­се­ру және ай­ы­рып та­ну ка­би­не­ті ш.м. 18 16 Заттай дәлел­де­ме­лер­ді сақ­та­у­ға ар­нал­ған үй-жай ш.м. 36 1 Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтауға арналған үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) шаршы метр 0,2 2 Қарауыл бөлімін орналастыруға арналған үй-жай шаршы метр 36 3 ЖБО үй-жайы* шаршы метр 48,5 4 Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай шаршы метр 18 5 Тергеудегі адамдарға тергеу жүргізуге арналған үй-жай шаршы метр 18 6 Айғақты дәлелдерді сақтауға арналған үй-жай шаршы метр 36 7 ПТР-зертхана зертханасына арналған үй-жай шаршы метр 115,75 8 Криминалистикалық полигонға және оқу сыныбына арналған үй-жай шаршы метр 45 9 Баллистикалық зертханаға және суық қаруды зерттеуге арналған үй-жай шаршы метр 62,5 10 Трасологиялық зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 21 11 Құжаттарды техникалық зерттеуге, қолтаңбатанушылық және криминалистикалық, портреттік зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 35,5 12 Одорологиялық есептерге және зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 143,85 13 Полиграфологиялық зерттеулерге арналған үй-жай шаршы метр 15 14 Есептегі адамдардың үлгілерін іріктеуге арналған үй-жай шаршы метр 45 15 Автоматтандырылған криминалистикалық есептердің деректерін өңдеуге арналған үй-жай (серверлік) шаршы метр 31,5 16 «Құ­пи­я­лы­лық» ре­жи­мін­де тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 17 Же­дел-тер­геу то­бы­ның ка­би­не­ті ш.м. 36 18 Қа­рап тек­се­ру және ай­ы­рып та­ну ка­би­не­ті ш.м. 18 1 Қаруды, оқ-дәрілерді, жарылғыш заттарды, арнайы және химиялық құралдарды сақтау үшін үй-жай (1 аттестатталған қызметкерге) шаршы метр 0,2 2 Қарауыл бөлімін орналастыруға арналған үй-жай шаршы метр 36 3 ЖБО үй-жайы ЖБО* шаршы метр 48,5 4 Ұсталған адамдарды уақытша ұстауға арналған үй-жай шаршы метр 18 5 Тергеудегі адамдарға тергеу жүргізуге арналған үй-жай шаршы метр 18 6 Айғақты дәлелдерді сақтауға арналған үй-жай шаршы метр 36 7 «Құ­пи­я­лы­лық» ре­жи­мін­де тер­геу әре­кет­те­рін жүр­гізу­ге ар­нал­ған ка­би­нет ш.м. 18 8 Же­дел-тер­геу то­бы­ның ка­би­не­ті ш.м. 36 9 Қа­рап тек­се­ру және ай­ы­рып та­ну ка­би­не­ті ш.м. 18 Ескертпе»: *үлгілік жоба бойынша 75 адамға арналған ЖБО; *қолдану саласы – Алматы қаласы (Шығыс өңірі), Нұр-Сұлтан қаласы (Солтүстік өңірі), Шымкент қаласы (Оңтүстік өңірі), Атырау қаласы (Батыс өңірі).