Об утверждении Правил организации инспекций Международного агентства по атомной энергии на территории Республики Казахстан Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 15 сәуірдегі № 227 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 8) тармақшасына сәйкес әзірленді және 1994 жылғы 26 шілдеде қол қойылған және Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2344 Жарлығымен ратификацияланған Қазақстан Республикасы мен Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк арасындағы Ядролық қаруды таратпау туралы шартқа байланысты кепiлдiктерді қолдану туралы келісімге (бұдан әрі – Кепілдіктер туралы келісім) және 2004 жылғы 6 ақпанда қол қойылған және Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 19 ақпандағы № 229 Заңымен ратификацияланған Кепiлдiктер туралы келiсiмге Қосымша хаттамаға сәйкес Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөніндегі халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
Тармақша 1
1)материалдық-теңгерімдік есепке алу құжаттары – ядролық материалдардың мүкәммалдық мөлшерінің өзгерістерін, ядролық материалдарды өлшеу нәтижелерін, ядролық материалдардың мүкәммалдық мөлшерін, ядролық материалдың тіркелген мүкәммалдық мөлшерін және ядролық материалдың іс жүзіндегі нақты мөлшерін өзгертуді анықтаған кезде жасалған нақтылаулар мен түзетулер туралы ақпаратты қамтитын құжаттар;
Тармақша 2
2)пайдалануды есепке алу құжаттары – оның негізінде ядролық материалдың мөлшері мен құрамының өзгерістері анықталатын ядролық қондырғыны пайдалану деректерін қамтитын құжаттар;
Тармақша 3
3) уәкілетті орган – атом энергиясын пайдалану саласында басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2. Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру
2. Қазақстан Республикасының аумағында Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттіктің инспекцияларын ұйымдастыру
Тармақ 3
3. Атом энергиясы жөнiндегi халықаралық агенттiк (бұдан әрі – МАГАТЭ) Қазақстан Республикасының аумағында инспекция жүргізу үшін уәкілетті органға алдын ала жазбаша хабарлама жібереді.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган МАГАТЭ-ның инспекция жүргізу туралы хабарламасын алғаннан кейін мынадай іс-шараларды жүргізеді:
Тармақша 1
1)бір жұмыс күні ішінде инспекцияланатын ұйымға алдағы инспекция туралы хабарлама жібереді. Хабарламада Кепілдіктер туралы келісімнің 82-бабына сәйкес инспекция түрі, МАГАТЭ инспекторларының паспорттық деректері, инспекцияны жүргізу мерзімдері және МАГАТЭ инспекторлары жоспарлаған іс-шаралар тізбесі көрсетіледі;
Тармақша 2
2)инспекцияланатын ұйымның МАГАТЭ инспекторларымен өзара іс-қимылын үйлестіруді жүзеге асырады. Кепілдіктер туралы келісімнің 70-бабына сәйкес арнаулы мақсаттағы инспекция жүргізу кезінде МАГАТЭ инспекторларына уәкілетті орган қызметкерінің ілесіп жүруін қамтамасыз етеді.
Тармақ 5
5. Инспекцияланатын ұйым МАГАТЭ-ның жоспарланған инспекциясы туралы хабарламаны алғаннан кейін:
Тармақша 1
1)МАГАТЭ инспекторларымен жұмыстарды жүргізуге жауапты адамдарды тағайындайды;
Тармақша 2
2)МАГАТЭ инспекциясын жүргізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлейді;
Тармақша 3
3)Қазақстан Республикасының Ұлттық қауіпсіздік комитетін алдағы инспекция туралы хабардар етеді.
Тармақ 6
6. Инспекцияланатын ұйым МАГАТЭ инспекциясын жүргізу кезінде:
Тармақша 1
1)МАГАТЭ инспекторларының жұмысы үшін үй-жай береді;
Тармақша 2
2)МАГАТЭ инспекторларын қажетті жеке қорғану және гигиена құралдарымен қамтамасыз етеді;
Тармақша 3
3)денсаулықты сақтау мен қауіпсіздік техникасы жөніндегі қағидалар туралы нұсқама жүргізеді;
Тармақша 4
4)МАГАТЭ инспекторларына қажетті құжаттаманы, оның ішінде ұйымда ядролық материалдарды есепке алуға және бақылауға жауапты адам қол қойған, инспекциялау күнінің алдындағы күнгі жағдай бойынша материалдық-баланстық және пайдалануды есепке алу құжаттарын және кәсіпорынның ұйымдық құрылымына қатысты ақпаратты ұсынады;
Тармақша 5
5)ведомстволық бағынысты аумақта жүріп тұруы үшін МАГАТЭ инспекторларын байланыспен және көлікпен қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6)ведомстволық бағынысты аумақта МАГАТЭ инспекторларына ілесiп жүруді қамтамасыз етеді;
Тармақша 7
7)инспекция жүргізу уақытында МАГАТЭ инспекторлары жоспарлаған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 8
8)инспекция жүргізілетін орындарға келуді қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9)инспекторлардың есепке алу құжаттарын қарауын, егер олар ағылшын, испан, орыс немесе француз тілдерінде жүргізілмесе, жеңілдету мақсатында шаралар қабылдайды;
Тармақша 10
10)МАГАТЭ инспекциялық жұмыстарын жүргізу үшін, оның ішінде өлшеу және байқау жабдықтарын орнату және пайдалану, мөрлер мен басқа да араласуды индикациялау құрылғыларын орнату, көзбен байқауды жүргізу және келісілген орындарды суретке түсіру үшін жағдайды қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11)МАГАТЭ инспекторлары сынамаларды іріктеген жағдайда, оларды сақтауды және келісілген мерзімде МАГАТЭ көліктік қызмет көрсететін тасымалдаушыға беруді жүзеге асырады.
Тармақ 7
7. Инспекция жүргізілгеннен кейін ұйым 10 жұмыс күні ішінде уәкілетті органға МАГАТЭ инспекторлары жүргізген жұмыстар туралы есепті ұсынады.
Тармақ 8
8. Уәкілетті орган МАГАТЭ-дан ақпаратты алғаннан кейін 10 жұмыс күні ішінде ұйымды МАГАТЭ инспекторлары жүргізген инспекцияның нәтижелері туралы хабардар етеді.