Об образовании Совета предпринимателей при Президенте Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесін құру туралы Қазақстан Республикасы Конституциясы 44-бабының  20) тармақшасына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. Қосымшаға сәйкес құрамда Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан Кәсіпкерлер кеңесі құрылсын.
Тармақ 2
2. Қоса берілген Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесі туралы ереже бекітілсін.
Тармақ 3. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсіпкерлер кеңесiнiң ҚҰРАМЫ
3. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығына ҚОСЫМША Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсіпкерлер кеңесiнiң ҚҰРАМЫ Байменов                   - "Меркур" ЖШС бас директоры Есенғали Қанатбайұлы Байсейiтов                 - "Центркредит Банкi" ААҚ Бақытбек Рымбекұлы           директорлар кеңесiнiң төрағасы Баталов                    - "Raimbek Group" ЖШС президентi Райымбек Әнуарұлы Белович                    - "Базис-А" корпорациясының Александр Якубович           президентi Жұмағұлов                  - "Теңiзмұнайқұрылыс" ААҚ Төкен Танайұлы               директорлар кеңесiнiң төрағасы Жамалов                    - "Мырзакент" ААҚ президентi Салдар Жамалұлы Исламов                    - "Астана-қаржы" ААҚ Кинталь Кинталевич           басқарма төрағасы Кравченко                  - "Беккер и Ко" БК бас директоры Иван Михайлович Никитинская                - Қазақстан Республикасы Жұмыс Екатерина Сергеевна          берушiлер конфедерациясының атқарушы директоры Попелюшко                  - "Рахат" ААҚ президентi Анатолий Весханович Сатылғанов                 - "Қазақстан Халық банкі" ААҚ Қайрат                       басқармасының төрағасы Алпамышұлы Сауэр                      - "Агроорталық-Астана" ЖШС Иван Адамович                бас директоры Сейфуллин                  - "Фудмастер" ААҚ бас директоры Сәкен Орынбекұлы Сұбханбердин               - "Қазкоммерцбанк" ААҚ басқарма Нұржан Сәлкенұлы             төрағасы Сырғабеков                 - "Акцепт" корпорациясы" ЖАҚ Ескендiр Нариманұлы          президентi Тұрсынов                   - "Қарасу" ААҚ президентi Алмат Жанәбiлұлы Мәсімов                    - Қазақстан Республикасы Кәрім                        Премьер-Министрінің Қажымқанұлы                  орынбасары, Есенбаев                   - Қазақстан Республикасының Мәжит Төлеубекұлы            Индустрия және сауда министрі Әбдіғапаров                - "Қазақстан халықаралық Сағадат                      инвестиция-инновациялық қаржы Едігеұлы                     компаниясы" ЖАҚ президенті, Қожахметов                 - "Әсем" ЖШС президенті; Талғат Базарбайұлы 📌 Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2002.08.05. N 915 жарлығымен . Ескерту. Құрам өзгерді - ҚР Президентінің 2002.10.18. N 967 жарлығымен . Қазақстан Республикасы Президентiнің 2001 жылғы 29 қыркүйектегi N 692 Жарлығымен БЕКIТIЛГЕН Қазақстан Республикасы Президентiнің жанындағы Кәсіпкерлер кеңесi туралы ЕРЕЖЕ
Тармақ 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанындағы Кәсiпкерлер кеңесi (бұдан әрi - Кеңес) Қазақстан Республикасы Президентiнiң жанынан құрылатын консультативтiк-кеңесшi орган болып табылады.
Тармақ 2
2. Кеңес қызметiнiң құқықтық негiзiн Қазақстан Республикасының Конституциясы , заңдары, Қазақстан Республикасы Президентiнің актілерi, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерi құрайды.
Тармақ 2. 2. Кеңестің негiзгi мiндеттерi
2. Кеңестің негiзгi мiндеттерi
Тармақ 3
3. Кеңестiң негізгi мiндеттерi:
Тармақша 1
1) елдi дамыту үшiн отандық iрi бизнестiң әлеуетiн жұмылдыру;
Тармақша 2
2) отандық инвестицияларды пайдалану мен қорғаудың негiзгi бағыттарын айқындау болып табылады.
Тармақ 3. 3. Кеңестiң функциялары
3. Кеңестiң функциялары
Тармақ 4
4. Кеңеске негізгi мiндеттерiне сәйкес мынадай функциялар:
Тармақша 1
1) iскерлiк белсендiлiктi ынталандыру және отандық инвесторлар үшiн қолайлы жағдайлар жасау жөнiндегi шараларды айқындау;
Тармақша 2
2) экономиканың құрылымдық реформалары жөнiндегi ұсыныстарды тұжырымдау жүктеледі.
Тармақ 4. 4. Кеңестiң құқықтары
4. Кеңестiң құқықтары
Тармақ 5
5. Кеңес жүктелген мiндеттердi iске асыру және өз функцияларын орындау үшін:
Тармақша 1
1) инвестицияларды тарту, кәсiпкерлiктi және жаңа технологияларды дамыту мәселелерiн қарайды;
Тармақша 2
2) қаралған мәселелер бойынша шешiм қабылдайды, олар хаттамалармен ресiмделедi;
Тармақша 3
3) қажет болған жағдайда өз жұмысына қатысу үшiн мемлекеттiк органдардың, сондай-ақ басқа да ұйымдардың басшыларын шақырады.
Тармақ 5. 5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
5. Кеңес жұмысын ұйымдастыру
Тармақ 6
6. Қазақстан Республикасының Президентi Кеңестiң Төрағасы болып табылады.
Тармақ 7
7. Кеңестiң құрамына мемлекеттiк органдардың басшылары мен өзге де лауазымды тұлғалары, сондай-ақ отандық iрi бизнес өкiлдерi кiредi.
Тармақ 8
8. Кеңестiң дербес құрамын Қазақстан Республикасының Президентi бекiтедi.
Тармақ 9
9. Кеңестiң отырыстары қажеттiгiне қарай жылына кемiнде бiр рет, Кеңес Төрағасы айқындаған мерзiмде өткiзiледi.
Тармақ 10
10. Кеңес мүшелерi оның отырыстарына алмастыру құқығынсыз қатысады.
Тармақ 11
11. Кеңестiң шешiмдерi Қазақстан Республикасы Президентiнiң, Қазақстан Республикасы Yкiметiнiң, Премьер-Министрiнiң, орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдардың актiлерiн шығару арқылы iске асырылуы мүмкiн.
Тармақ 12
12. Кеңестiң қызметiн ұйымдық және ақпараттық қамтамасыз етудi, сондай-ақ Кеңес отырыстарының күн тәртiбi бойынша ұсыныстар мен қажеттi материалдарды дайындауды Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі жүзеге асырады. <*> 📌 Ескерту. 12-тармақ өзгерді - ҚР Президентінің 2003.03.03. N 1036 жарлығымен.