О создании государственного учреждения "Батальон оперативного назначения внутренних войск Министерства внутренних дел Республики Казахстан" Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.12.2002. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
"Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесін құру туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі ішкі әскерлерінің жедел мақсаттағы батальоны" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігі Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің Жарғысын бекітсін және оның әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мекемені қаржыландыру 2002 жылға арналған республикалық бюджетте Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрлігіне көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылады деп белгіленсін.
Тармақ 4
4. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.12.29. N 1443 қаулысымен.
Тармақ 5
5. Алматы облысының әкімі белгіленген тәртіппен Мекемені қажетті қызметтік үйлермен және тұрғын жайлармен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген қызметті қамсыздандырудың өзге де құралдарымен қамтамасыз етсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.