О запрещении лова осетровых рыб в Урало-Каспийском бассейне Қолданыста
Басқа 0
Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын аулауға тыйым салу туралы
"Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы"
Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 21 қазандағы
Заңына сәйкес
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Жайық-Каспий бассейнінде бекіре балықтарын ғылыми мақсатта
пайдаланудан басқа оларды аулауға 2002 жылдың 1 қаңтарына дейін тыйым
салынсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Табиғи
ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрлігіне жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.