О лотереях и лотерейной деятельности Қолданыста

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 01.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Лотереялар және лотерея қызметі туралы
Тарау 1. 1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1-тарау. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 1. 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар
1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бас жүлде – тираждың ұтыс ойынын өткізу барысында ойнатылмаған және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес бір тираждан келесі тиражға ауысатын тираждық лотереяның жүлде қорының бір бөлігі;
Тармақша 2
2) жүлде қоры – лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) есебінен не лотерея операторының дербес қаражаты есебінен қалыптастырылатын және лотереяға қатысушыларға ұтыс түрінде төленетін ақша және (немесе) өзге де мүлік;
Тармақша 3
3) жүлде қорының ұтыс ойыны – лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін жүргізілетін және ұтқан лотереяға қатысушыны (қатысушыларды) анықтауға бағытталған процесс;
Тармақша 4
4) лотерея – осы Заңға, лотереяны өткізу талаптарына және шарттарына сәйкес өткізілетін, егер ол лотереяны өткізу шарттарына сәйкес ұтқан деп танылатын болса, бір тарап (лотерея операторы) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізетін, ал екінші тарап (лотереяға қатысушы) ұтысқа құқық алатын ойын. Коммерциялық ұйымдардың тауарларды (көрсетілетін қызметтерді) сатуын ынталандыруға бағытталған жүлделердің ұтыс ойыны лотерея болып табылмайды;
Тармақша 5
5) лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы – байланыс желілеріне қосылған және таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты алуға, сақтауға және есепке алуға және оны лотерея операторынан лотереялық есептілік орталығына беруге арналған аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 6
6) лотерея билеті – лотереяға қатысу құқығын растайтын құжат;
Тармақша 7
7) лотерея есептілігінің орталығы – байланыс желілері арқылы лотерея ақпаратын өңдеу орталығына қосылған, таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты лотерея операторынан уақтылы алуға мүмкіндік беретін аппараттық-бағдарламалық кешен;
Тармақша 8
8) лотерея жабдығы – ұтыс комбинациясын анықтауға арналған құрылғы немесе құрылғылар (кездейсоқ сандардың генераторы, механикалық, электрлік, электрондық немесе өзге де техникалық құрылғылар);
Тармақша 9
9) лотереялар және лотерея қызметі саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі – уәкілетті орган) – лотереялар және лотерея қызметі саласындағы басшылықты жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 10
10) лотерея комбинациясы – лотереяны өткізу шарттарында көзделген, лотерея билетінде, электрондық лотерея билетінде көрсетілген нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы;
Тармақша 11
11) лотереяға қатысушы – жүлде қорының ұтыс ойынына қатысу құқығын беретін лотерея билетін, электрондық лотерея билетін иеленген, он сегіз жасқа толған жеке тұлға;
Тармақша 11-1
11-1) лотерея мобильді қосымшасы – лотерея операторының ұялы байланыстың абоненттік құрылғысында орнатылған және іске қосылған электрондық лотерея билеттерін өткізуге (ресімдеуге) қолжетімділік беретін бағдарламалық өнімі;
Тармақша 12
Тармақша 13
13) лотерея операторы – лотерея өткізу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
Тармақша 14
14) лотереяны өткізу – лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін дайындау не оларды дайындауға арналған шарттарды жасасу, сондай-ақ лотереялық жабдықты және лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де жабдықты, бағдарламалық өнімдерді дайындаушымен шарттарды және (немесе) лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де шарттарды (келісімшарттарды) жасасуды, лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) және есепке алуды, жүлде қорының ұтысын ойнатуды, ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне сараптама жасауды, лотереяға қатысушыларға ұтыстарды төлеуді, лотереяны өткізу үшін қажетті өзге де іс-қимыл мен іс-шараларды жүзеге асыруды қамтитын іс-шараларды жүзеге асыру;
Тармақша 14-1
14-1) лотерея таратушы (агенті) – сыйақы үшін лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді), ұтыс шыққан лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тексеруді, сондай-ақ лотерея операторы атынан және есебінен ұтыстар төлеуді жүзеге асыратын дара кәсіпкер немесе заңды тұлға;
Тармақша 15
15) лотерея терминалы – лотерея билеттерін өткізуге (ресімдеуге) арналған жабдық;
Тармақша 16
16) мезеттік лотерея – ұтыстарды анықтауға мүмкіндік беретін нышандар (жазбалар, сандар, белгілер, суреттер) жиынтығы лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне дайындау сатысында және олар лотереяға қатысушылар арасында таратылғанға (өткізілгенге) дейін салынатын лотерея түрі. Мезеттік лотереяны өткізу кезінде мұндай лотереяға қатысушы лотерея билеті, электрондық лотерея билеті ақысы төленгеннен кейін және лотерея билеті, электрондық лотерея билеті берілгеннен (ресімделгеннен) кейін тікелей өз ұтысының бар екенін және мөлшерін немесе оның жоқ екенін анықтайды;
Тармақша 17
17) тираж – лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүлде қорының (жүлде қорының бір бөлігінің) ұтыс ойынына қатысатын таратылған (өткізілген) лотерея билеттерінің, электрондық лотерея билеттерінің саны;
Тармақша 18
18) тираждық лотерея – лотереяға қатысушылар арасында жүлде қорының ұтыс ойыны лотерея жабдығын пайдалану арқылы лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері таратылғаннан (өткізілгеннен) кейін бір мезгілде өткізілетін лотерея түрі;
Тармақша 19
19) ұтыс – лотерея операторы лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жеңімпаз деп танылған лотереяға қатысушыға лотереяны өткізу шарттарына сәйкес мөлшермен және нысанда (ақшамен немесе заттай) төлейтін жүлде қорының бір бөлігі.
Тармақша 20
20) электрондық лотерея билеті – лотереяға қатысу құқығын растайтын электрондық-цифрлық нысандағы құжат.
Бап 1-1. 1-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
1-1-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары мен міндеттері
Тармақ 1
1. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктерін қамтамасыз ету, лотерея операторының қызметін реттеу Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының мақсаттары болып табылады.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының міндеттері:
Тармақша 1
1) лотереялар және лотерея қызметін ұйымдастырудың және оны өткізудің шарттары мен ерекшеліктерін айқындау;
Тармақша 2
2) лотереялар және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік бақылау мен реттеудің ұйымдастырушылық негіздерін белгілеу.
Бап 2. 2-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасы
2-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасы
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді және осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
Тармақ 2
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңда қамтылғаннан өзге қағидалар белгіленсе, онда халықаралық шарттың қағидалары қолданылады.
Бап 3. 3-бап. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы негізгі қағидаттар
3-бап. Лотерея және лотерея қызметі саласындағы негізгі қағидаттар Лотерея және лотерея қызметі саласындағы негізгі қағидаттар:
Тармақша 1
1) лотереяға қатысушылардың ұтысқа мүмкіндіктерінің теңдігі болжанатын, лотереяға қатысу шарттарының теңдігін қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) лотереяны өткізу шарттарының және тираждық лотереялардың жүлде қорының ұтыс ойыны нәтижелерінің міндетті түрде жариялануы болжанатын жариялылықты қамтамасыз ету болып табылады.
Бап 4. 4-бап. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктері
4-бап. Лотереяға қатысушылар құқықтарының кепілдіктері
Тармақ 1
1. Лотерея операторы мен лотереяға қатысушы арасындағы шарт лотереяға қатысушы лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің құнын төлеген және лотерея билетін, электрондық лотерея билетін берген (ресімдеген) кезден бастап жасалған деп танылады.
Тармақ 2
2. Лотерея билетін, электрондық лотерея билетін сатып алу азаматтық-құқықтық міндеттеменің туындауына негіз болады, оған сәйкес лотереяға қатысушы лотерея операторынан мыналарды:
Тармақша 1
1) лотереяны өткізу шарттарын сақтауды;
Тармақша 2
2) ұтысты төлеуді талап етуге құқылы.
Тармақ 3
3. Лотереяға қатысушы лотерея операторының шешімдерін және әрекеттерін (әрекетсіздігін) сотта даулауға құқылы.
Тармақ 4
4. Лотерея операторының Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, лотереяны ұтқан қатысушы туралы мәліметтерді, егер оның жазбаша келісімі алынбаса, жария етуге құқығы жоқ.
Тармақ 5
5. Лотерея операторы мәртебесінен айырылған жағдайда, лотерея операторы лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) тоқтатуға, бұл туралы лотереяға қатысушыларды мерзімді баспасөз басылымдары және лотерея операторының интернет-ресурсы арқылы хабардар етуге, ұтыс ойыны өткізілген тиісті лотерея бойынша ұтыстарға үш ай ішінде төлем жүргізуге және жүлде қорының ұтыс ойыны өткізілмеген, сатылған лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері үшін ақшаны қайтаруға міндетті.
Бап 5. 5-бап. Лотерея түрлері және оларды өткізу ерекшеліктері
5-бап. Лотерея түрлері және оларды өткізу ерекшеліктері
Тармақ 1
1. Лотерея оны өткізу тәсіліне қарай мынадай:
Тармақша 1
1) мезеттік;
Тармақша 2
2) тираждық түрлерге бөлінеді.
Тармақ 1-1
1-1. Лотереяларды өткізу ерекшеліктері лотереялар өткізу қағидаларында айқындалады.
Тармақ 2
2. Осы Заңда көзделген тәртіппен ұйымдастырылатын және өткізілетін лотереяларды қоспағанда, Қазақстан Республикасында өзгеше лотереяларды ұйымдастыруға және өткізуге тыйым салынады.
Тармақ 3
3. Құмар ойындарды және (немесе) бәс тігуді лотерея түрінде өткізуге жол берілмейді.
Тармақ 4
4. Лотерея операторы болып табылмайтын тұлғаның лотерея өткізуіне тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Лотерея операторы немесе лотерея таратушы (агенті) болып табылмайтын тұлғаның лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуына (өткізуіне) тыйым салынады.
Тарау 2. 2-тарау. ЛОТЕРЕЯ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
2-тарау. ЛОТЕРЕЯ ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
Бап 6. 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті
6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінің құзыреті Қазақстан Республикасының Үкіметі лотерея және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі бағыттарын әзірлейді және олардың жүзеге асырылуын ұйымдастырады.
Бап 7. 7-бап. Уәкілетті органның құзыреті
7-бап. Уәкілетті органның құзыреті Уәкілетті орган:
Тармақша 1
1) лотерея және лотерея қызметі саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастырады және іске асырады;
Тармақша 1-1
1-1) лотерея операторын және оған лотерея өткізу құқығын беру мерзімін айқындайды;
Тармақша 2
2) лотереялар және лотерея қызметі туралы Қазақстан Республикасы заңнамасының сақталуына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының қылмыстық жолмен алынған кірістерді заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес тәуекелді бағалаудың өлшемшарттарын, тексеру парақтарын әзірлейді және кәсіпкерлік жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп бекітеді;
Тармақша 3-1
3-1) лотереялар өткізу қағидаларын әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 3-2
3-2) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес лотереялар және лотерея қызметі саласындағы нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді;
Тармақша 4
4) осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерімен көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тарау 3. 3-тарау. ЛОТЕРЕЯНЫ ӨТКІЗУ
3-тарау. ЛОТЕРЕЯНЫ ӨТКІЗУ
Бап 8. 8-бап. Лотерея операторына қойылатын жалпы талаптар
8-бап. Лотерея операторына қойылатын жалпы талаптар
Тармақ 1
1. Лотерея операторының лотерея өткізуден басқа кәсіпкерлік қызметтің өзге де түрлерімен айналысуға құқығы жоқ.
Тармақ 2
2. Мына:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қаржы-шаруашылық қызметі тоқтатыла тұрған;
Тармақша 2
2) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты ұйымдар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілген;
Тармақша 3
3) атқарушылық құжаттар бойынша орындалмаған міндеттемелері бар және атқарушылық құжаттардың орындалуын қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган борышкерлердің тиісті тізіліміне енгізген;
Тармақша 4
4) құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) олардың үлестес тұлғасы уәкілетті орган басшыларының жақын туыстары, жұбайы (зайыбы) немесе жекжаттары болып табылатын;
Тармақша 5
5) құрылтайшылары (қатысушылары) және (немесе) атқарушы органы және (немесе) олардың үлестес тұлғасы экономика саласындағы қылмысы үшін не ауырлығы орташа қасақана қылмысы, ауыр қылмысы, аса ауыр қылмысы үшін алынбаған немесе өтелмеген сотталғандығы бар және (немесе) терроризмді және экстремизмді қаржыландырумен байланысты тұлғалар тізбесіне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен енгізілген тұлғалар болып табылатын заңды тұлғалар лотерея операторы ретінде әрекет ете алмайды.
Тармақ 3
3. Лотерея операторы уәкілетті органда лотерея есептілігінің орталығын орналастыруды қамтамасыз етуге тиіс. Лотерея операторы лотерея ақпаратын өңдеу орталығы арқылы таратылған (өткізілген) лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім, төленген ұтыстар туралы ақпаратты жинауды, қалыптастыруды, сақтауды және есепке алуды және оны лотерея есептілігінің орталығына айына бір реттен сиретпей ұсынуды қамтамасыз етуге тиіс.
Бап 8-1. 8-1-бап. Лотерея таратушы (агенті)
8-1-бап. Лотерея таратушы (агенті) Лотерея таратушы (агенті) өз қызметін лотерея операторымен жасалатын тапсырма шарты негізінде жүзеге асырады. Тапсырма шарты осы Заңда және лотереялар өткізу қағидаларында көзделген лотерея тарату (өткізу) жөніндегі ерекшеліктермен Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес жасалады.
Бап 9. 9-бап. Лотерея терминалына, лотереялық ақпаратты өңдеу орталығына, лотерея есептілігінің орталығына, лотерея жабдығына қойылатын талаптар
9-бап. Лотерея терминалына, лотереялық ақпаратты өңдеу орталығына, лотерея есептілігінің орталығына, лотерея жабдығына қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Лотерея терминалдары "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасының Кодексіне (Салық кодексіне) сәйкес модельдері бақылау-касса машиналарының мемлекеттік тізіліміне енгізілген бақылау-касса машиналарымен жарақтандырылуға тиіс. Лотерея терминалдары ұтыстарды төлеу кезінде төлем көзінен жеке табыс салығын ұстап қалуды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 2
2. Лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы Қазақстан Республикасының аумағында орналасуға тиіс. Лотереялық ақпаратты өңдеу орталығы мен лотерея есептілігінің орталығы ақпаратты жоғалудан, ұрланудан, бұрмаланудан, жалған ақпарат жасаудан, рұқсатсыз қолжетімділіктен және оны тарату, бұғаттау, жою, түрлендіру, көшіру жөніндегі әрекеттерден және өзге де заңсыз әрекеттерден қорғауды қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 3
3. Лотерея жабдығының техникалық сипаттамалары жүлде қорын ұтыс ойынына салу кезінде ұтыстарды бөлудің кездейсоқ болуын қамтамасыз етуге тиіс.
Тармақ 4
4. Лотерея жабдығының жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу нәтижелерін осындай ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін жасырын мүмкіндіктері және (немесе) рәсімдері мен алгоритмдері болмауға тиіс.
Тармақ 5
5. Лотерея жабдығы байланыс желісі арқылы лотерея терминалдарымен қосылмауға тиіс.
Бап 10. 10-бап. Лотереяны өткізу шарттары
10-бап. Лотереяны өткізу шарттары
Тармақ 1
1. Лотереяны өткізу шарттарын лотерея операторы әзірлейді және бекітеді. Лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары уәкілетті органда осы бапта белгіленген тәртіппен келісілуге тиіс.
Тармақ 2
2. Лотереяны өткізу шарттары мынадай мәліметтерді:
Тармақша 1
1) лотереяның атауын;
Тармақша 2
2) лотерея өткізу тәсілінің, аумағының және технологиясының, сондай-ақ жүлде қорын қалыптастыру тәсілінің көрсетілуін;
Тармақша 3
3) орналасқан жері, банктік деректемелері, бизнес сәйкестендіру нөмірі көрсетілген лотерея операторының атауын;
Тармақша 4
4) лотерея өткізілетін мерзімдерді;
Тармақша 5
5) лотерея тұжырымдамасының сипаттамасын;
Тармақша 6
6) лотереяның ұйымдастырушылық-технологиялық сипаттамасын;
Тармақша 7
7) лотереяға қатысушылардың құқықтары мен міндеттерін;
Тармақша 8
8) ұтты деп танылған лотереяға қатысушыға ұтысты төлеу тәртібі мен мерзімдерін, сондай-ақ ұтыс шыққан лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне сараптама жүргізу мерзімдерін;
Тармақша 9
9) лотереяға қатысушыларды лотереяға қатысу қағидалары және жүлде қорын ұтысқа салу нәтижелері туралы хабардар ету тәртібін;
Тармақша 10
10) лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін тарату (өткізу) тәртібін;
Тармақша 11
11) лотерея билетінің, электрондық лотерея билетінің бағасын;
Тармақша 12
12) ұтыстың мөлшері мен нысанын (ақшалай немесе заттай);
Тармақша 13
13) жүлде қорының жоспарланып отырған мөлшерін;
Тармақша 14
14) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу тәртібін, ұтыстарды айқындау алгоритмін, бас жүлдені (бар болса) қалыптастыру мен ұтысқа салу қағидаларын қамтуға тиіс.
Тармақ 3
3. Лотерея операторы лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын уәкілетті органда Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасына сәйкестігі тұрғысынан келісуге міндетті. Лотерея операторы уәкілетті органда бекітілген және келісілген лотереяны өткізу шарттарынсыз лотерея өткізуге құқылы емес. Лотереяны өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттары уәкілетті органмен келісу болмаған кезде жарамсыз деп есептеледі.
Тармақ 4
4. Уәкілетті орган лотерея өткізу, өзгерістер мен толықтырулар енгізу шарттарын келіп түскен күнінен бастап бес жұмыс күні ішінде келіседі не келісуден бас тартады.
Тармақ 5
5. Лотерея операторы уәкілетті органмен келісілген лотереяны өткізу шарттары бекітілгеннен кейін олардың түпнұсқа данасын оны өткізу басталғанға дейін күнтізбелік он күннен кешіктірмей уәкілетті органға жіберуге және лотереяны өткізу шарттарын күнтізбелік бір күннен кешіктірмей өзінің интернет-ресурсына орналастыруға міндетті.
Бап 11. 11-бап. Жүлде қорын қалыптастыру және бөлу
11-бап. Жүлде қорын қалыптастыру және бөлу
Тармақ 1
1. Лотерея операторы нақты лотереяның өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсімнің кемінде елу пайызы мөлшерінде не өз қаражаты есебінен жүлде қорын қалыптастыруды қамтамасыз етуге міндетті.
Тармақ 2
2. Жүлде қоры осы бапқа және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес қалыптастырылады.
Тармақ 3
3. Тираждық лотереяның жүлде қоры оны ұтыс ойынына салу басталғанға дейін қалыптастырылады.
Тармақ 4
4. Лотерея операторына, лотереяға қатысушылар алдындағы ұтыстарды төлеу жөніндегі міндеттемелерді қоспағанда, жүлде қорына қандай да бір міндеттемелермен ауыртпалық салуға, сондай-ақ жүлде қорының қаражатын ұтыстарды төлеуден басқаға пайдалануға тыйым салынады.
Тармақ 5
5. Жүлде қорын (бас жүлдені) бірнеше тираж бойына жинақтап қалыптастыру қағидаты өткізу шарттарында пайдаланылатын тираждық лотереяны қоспағанда, тираждық лотереяның жүлде қоры оған қатысы бар тираж шеңберінде толығымен ұтысқа салынуға тиіс.
Тармақ 6
6. Ұтыстарды төлеу осы Заңға және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады. Ұтыстарды төлеу тиісті тираж өткізілгеннен кейін отыз күн мерзімнен кешіктірілмей басталуға және осы тираждың (жүлде қорын ұтысқа салудың) нәтижелері жарияланған кезден бастап кемінде алты ай бойы жалғасуға тиіс. Бұл мерзім аяқталған соң талап етілмеген ұтыстар бойынша наразылықтар лотереяны өткізу шарттарында көзделген тәртіппен қабылданады.
Тармақ 7
7. Лотерея операторы лотерея өткізу шарттарында белгіленген мерзімде талап етілмеген ұтыстарды тиісті тираждың нәтижесі (жүлде қорын ұтысқа салу) жарияланған кезден бастап үш жыл бойы сақтайды, одан кейін олар салықтық емес төлем түрінде бюджет кірісіне есепке жатқызылады.
Бап 12. 12-бап. Лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне қойылатын талаптар
12-бап. Лотерея билеттеріне, электрондық лотерея билеттеріне қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Лотерея билеттерінде мынадай міндетті ақпарат:
Тармақша 1
1) лотереяның атауы;
Тармақша 2
2) лотерея операторының атауы, орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы;
Тармақша 3
3) тираждың нөмірі немесе атауы (тираждық лотереялар үшін);
Тармақша 4
4) лотерея билетінің нөмірі;
Тармақша 5
5) лотерея билетінің бағасы;
Тармақша 6
6) жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны (тираждық лотерея үшін);
Тармақша 7
7) ұтысты алу орны мен мерзімдері туралы деректер;
Тармақша 8
8) жүлде қорының мөлшері қамтылуға тиіс.
Тармақ 1-1
1-1. Электрондық лотерея билеттерінде мынадай міндетті ақпарат:
Тармақша 1
1) лотерея операторының атауы;
Тармақша 2
2) электрондық лотерея билетінің нөмірі;
Тармақша 3
3) электрондық лотерея билетінің бағасы;
Тармақша 4
4) лотерея операторының орналасқан жері, телефон нөмірлері және интернет-ресурсы, лотереяның атауы, тираждың нөмірі немесе атауы, жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу күні мен орны, ұтысты алу орны мен мерзімдері, жүлде қорының мөлшері туралы кеңейтілген ақпаратқа қол жеткізуге сілтеме қамтылуға тиіс.
Тармақ 2
2. Электрондық лотерея билеттеріндегі ақпарат Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңнамасының талаптарына сай болуға тиіс.
Тармақ 3
3. Электрондық лотерея билеті электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландыруды талап етпейді.
Бап 12-1. 12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар
12-1-бап. Лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Лотерея операторы лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) дербес және (немесе) лотерея таратушы (агенті) арқылы жүзеге асырады.
Тармақ 2
2. Лотерея операторы электрондық лотерея билеттерін таратуды (өткізуді) өзінің ресми интернет-ресурсы және (немесе) лотерея мобильді қосымшасы арқылы дербес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Лотерея билеттерін тарату (өткізу):
Тармақша 1
1) лотерея терминалдары;
Тармақша 2
2) стационарлық емес сауда объектілері;
Тармақша 3
3) Ұлттық пошта операторының пошта байланысы бөлімшелері;
Тармақша 4
4) лотерея операторының бөлімшелері (лотерея орталығы) арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Мыналарда:
Тармақша 1
1) көппәтерлі тұрғын үйлерде, жатақханаларда;
Тармақша 2
2) білім беру ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
Тармақша 3
3) денсаулық сақтау ұйымдарында және олардан бір жүз метр радиуста;
Тармақша 4
4) ғибадат ғимараттарында (құрылысжайларында);
Тармақша 5
5) мәдениет ұйымдары орналасқан жеке тұрған ғимараттар мен құрылысжайларда лотерея билеттерін таратуға, ал лотерея терминалдарын орнатуға болмайды.
Тармақ 5
5. Осы Заңда көзделгеннен басқа, өзгеше тәртіппен және тәсілдермен лотерея билеттерін, электрондық лотерея билеттерін таратуға (өткізуге), лотерея терминалдарын орнатуға тыйым салынады.
Бап 13. 13-бап. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізуге қойылатын талаптар
13-бап. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізуге қойылатын талаптар
Тармақ 1
1. Жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу осы Заңға және лотереяны өткізу шарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 2
2. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын лотереяға қатысушы өз ұтысын анықтау мақсатында генерациялау арқылы кездейсоқ ұтқан лотерея комбинациясын өзінің лотерея билетіндегі, электрондық лотерея билетіндегі лотерея комбинациясымен салыстыруға тиіс лотерея жабдығы жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын өткізу кезінде лотерея операторы тираждық комиссия құрады, ол өз қызметін осы Заңға және лотереялар өткізу қағидаларына сәйкес жүзеге асырады. Тираждық комиссияның құрамына қоғамдық бірлестіктердің немесе өзге де коммерциялық емес ұйымдардың өкілдері енгізілуге тиіс.
Тармақ 4
4. Тираждық комиссияның міндеттері:
Тармақша 1
1) лотерея өткізу шарттарының Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасында белгіленген талаптарға сәйкестігін растау;
Тармақша 2
2) тираждың ұтыс ойынына қатысатын лотерея билеттерінің, электрондық лотерея билеттерінің санын растау;
Тармақша 3
3) тираждық комиссия мүшелерінің тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне қол қою арқылы тиражды өткізу нәтижелерін растау. Тираждық комиссия хаттамасына және тиражды өткізу нәтижелерінің ресми кестесіне тираждың ұтыс ойыны өткізілген датадан бастап бір жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қол қойылады.
Тармақ 5
5. Лотерея операторы ұтыстарды айқындау рәсімін көрсете отырып, тираждық лотереяның жүлде қорының ұтыс ойынын телеарнада тікелей эфирде немесе интернет желісінде трансляциялауды қамтамасыз етеді.
Тармақ 6
6. Тираждық лотереяның жүлде қорының әрбір ұтыс ойынының және лотерея билеттері, электрондық лотерея билеттері бойынша ұтыстардың нәтижелерін лотерея операторы көрсетілген ұтыс ойыны өткізілген кезден бастап үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының бүкіл аумағында таралатын мерзімді баспасөз басылымдарында жариялайды немесе он екі сағат ішінде лотерея операторының интернет-ресурсында орналастырады.
Тармақ 7
7. Тираждық лотереяны өткізу тоқтатылған жағдайда, бас жүлдені қоса алғанда, оның жүлде қоры толық ойнатылуға тиіс.
Тармақ 8
8. Мезеттік лотереяның жүлде қорының ұтыс ойыны:
Тармақша 1
1) лотереяға қатысушының лотерея билетінде, электрондық лотерея билетінде дайындау кезеңінде оған салынған жасырын лотерея комбинациясын анықтауынан;
Тармақша 2
2) лотереяға қатысушы анықтаған ақпаратты лотереяны өткізу шарттарымен салыстырып-тексеруден тұрады.
Тармақ 9
9. Мезеттік лотереяның жүлде қорының мұндай ұтыс ойынын өткізу нәтижесін ұтыс ойыны басталғанға дейін алдын ала айқындауға мүмкіндік беретін рәсімдер мен алгоритмдерді пайдалануға тыйым салынады.
Бап 14. 14-бап. Лотереядан аударымдар
14-бап. Лотереядан аударымдар Лотерея операторы өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын дене шынықтыру мен спортты дамытуға бағытталған бюджеттен тыс ақша қаражатын бөлу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын бірыңғай операторға дене шынықтыру мен спортты дамыту үшін, өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде үш пайызын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған, креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлғаға креативті индустрияларды дамыту үшін, сондай-ақ өткізілген лотерея билеттерінен, электрондық лотерея билеттерінен түскен түсім мен жүлде қоры арасындағы айырманың кемінде он пайызын «Қазақстан халқына» қоғамдық қорына міндетті мүліктік жарна нысанында тоқсан сайын жіберуге міндетті. Креативті индустрияларды дамытуға жәрдемдесетін заңды тұлға лотереяны және лотерея операторын ілгерілетуді өзі ұйымдастыратын және (немесе) қаржыландыратын жобалар немесе іс-шаралар шеңберінде қамтамасыз етеді.
Тарау 4. 4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
4-тарау. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫН БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПТЫЛЫҚ. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЛОТЕРЕЯЛАР ЖӘНЕ ЛОТЕРЕЯ ҚЫЗМЕТІ ТУРАЛЫ ЗАҢНАМАСЫНЫҢ САҚТАЛУЫНА МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУ
Бап 15. 15-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық
15-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасын бұзу Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген жауаптылыққа алып келеді.
Бап 16. 16-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
16-бап. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының лотереялар және лотерея қызметі туралы заңнамасының сақталуына мемлекеттік бақылау Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексіне сәйкес жоспардан тыс тексеру және бақылау субъектісіне (объектісіне) бару арқылы профилактикалық бақылау нысанында жүзеге асырылады.
Тармақ 2
Тарау 5. 5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
5-тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЖӘНЕ ӨТПЕЛІ ЕРЕЖЕЛЕР
Бап 17. 17-бап. Өтпелі ережелер
17-бап. Өтпелі ережелер Лотереяларды ұйымдастыру және өткізу саласындағы қызметті жүзеге асыратын лицензиаттар осы Заң қолданысқа енгізілген күннен бастап алты ай ішінде бас жүлделерді қоса алғанда, тиісті лотереялардың жүлде қорларын толық ұтысқа салу, ұтыстарды төлеуді жүргізуге және жүлде қорын ойнату өткізілмеген, сатылған лотерея билеттері, түбіртектер немесе өзге де құжаттар үшін ақшаны қайтаруға міндетті.
Бап 18. 18-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі
18-бап. Осы заңды қолданысқа енгізу тәртібі Осы Заң күшіне енгізілген күннен бастап алты ай өткен соң қолданысқа енгізілетін осы Заңның 5-бабының 2 және 4-тармақтарын қоспағанда, осы Заң алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.