Об утверждении положения, состава комиссии по охране памятников истории и культуры города Алматы и придании вновь сооруженным памятникам статуса памятников истории и культуры местного значения Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласының тарих және мәдениет ескерткiштерiн қорғау жөніндегі ережені, комиссияның құрамын бекіту және жаңадан тұрғызылған ескерткiштерге жергiлiктi маңыздағы тарих мәдениет ескерткiштері мәртебесiн беру туралы 📌 Ескерту. Қолданылу мерзімінің аяқталуына байланысты шешімнің күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 24.09.2010 шешімімен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 16 шілдедегі N 242-II "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңының 22-шi бабына 1 тармағының 4 тармақшасына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi N 258-I "Алматы қаласының айрықша мәртебесi туралы" Заңының 3-шi бабының 4-ші тармағына сәйкес II-шi сайланған Алматы қаласының Мәслихаты шешім қабылдады:
Тармақ 1
1. Бекiтiлсiн: - Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткiштерiн қорғау жөніндегі комиссия туралы ереже, N 1 қосымша; - Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткiштерiн қорғау жөніндегі комиссиясының құрамы, N 2 қосымша; - Жаңадан тұрғызылған ескерткiштерге жергiлiктi маңыздағы тарихи-мәдени ескерткiштер мәртебесi берiлсiн, N 3 қосымша.
Тармақ 2
2. Алматы қаласының әкiмiне Алматы қаласының мәдениет басқармасына ескерткiштердi сақтап ұстауға және тарихи-мәдени мұраны есепке алу, пайдалану мен қорғау№жөніндегі қосымша штаттық бiрлiк бөлу мүмкiндiгiн қарастыруға ұсыным жасалсын.
Тармақ 3
3. Осы шешiмнiң орындалуына бақылау жасау қоғамдық келiсiм және рухани даму мәселелерi бойынша тұрақты комиссиясына (А.Ж.Байсарина) және Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары Ә.Ж.Ыбыраевқа жүктелсiн.
Басқа 4
ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының ХІІ-ші сессиясының 26.09.2001 ж. шешіміне N 1 қосымша Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау қалалық комиссиясы туралы қағида
Тарау 1. 1. Жалпы қағида
1. Жалпы қағида
Тармақ 1
1. Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау комиссиясы (бұдан былай Комиссия) қалалық әкімшілік жанындағы Алматы қаласының тарихи-мәдени ескерткіштерін қорғау мен күтуді қамтамасыз ету мақсатындағы іс-әрекеттерді жүзеге асыратын кеңесші ұйым болып табылады.
Тармақ 2
2. Комиссия өзінің іс-әрекетін Қазақстан Республикасының 1992 ж. 2 маусымдағы N 1488-ХІІ "Тарихи-мәдени мұраны қорғау мен пайдалану туралы", 1996 жылдың 24 желтоқсанындағы N 56-I "Мәдениет туралы", 1998 жылдың 1 шілдесіндегі N 258-1 "Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы" және 2001 жылдың 16 шілдесіндегі N 242-ІІ "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңдарына, Алматы қаласының өкілетті және атқарушы органдарының нормативті-құқықтық актілеріне, Қазақстан Республикасының басқа да заңдарына сәйкес және осы қағидаға байланыстыра жүзеге асырады.
Тарау 2. ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттігі
ІІ. Комиссияның негізгі міндеттері мен өкілеттігі
Тармақ 3
3. Комиссия жергілікті өкілетті және атқарушы органдардың қарауына төмендегідей ұсыныстар береді:
Тармақша 1
1) тарихи-мәдени мұра объектілерін айқындау, есепке алу, қорғау, жаңғырту мен пайдалануға;
Тармақша 2
2) тарих және мәдениет құндылықтарына республикалық және жергілікті мәні бар тарихи-мәдени ескерткіш статусын белгілеуге;
Тармақша 3
3) жылжымайтын тарихи-мәдени ескерткіштерді өзгерту мен ауыстыру, түбегейлі жою мәселелеріне;
Тармақша 4
4) ескерткіштердің барлық түрінің сақталуына қауіп төндіретін іс-әрекетке тыйым салуға;
Тармақша 5
5) объектілерді республикалық және жергілікті мәні бар тарихи-мәдени ескерткіштер тізімінен шығаруға;
Тармақша 6
6) қаланың экономикалық және әлеуметтік даму жоспарына республикалық және жергілікті мәні бар ескерткіштерді есепке алу, қорғау мен жаңғыртуға бағытталған жұмыстарды енгізу үшін іс-шаралар әзірлеуге;
Тармақша 7
7) тарихи-мәдени ескерткіш болып табылатын мемлекет меншігіндегі ғимараттар мен үйлерді пайдалануға беруге;
Тармақша 8
8) қаланы егжей-тегжейлі жоспарлау, салу және қайта жаңғыртудың жобаларын әзірленген және бекіткен кезде тарихи-мәдени ескерткіштердің барлық түрлерін зерделеуге, қорғауға арналған іс-шаралардың орындалуын қамтамасыз етуге;
Тармақша 9
9) тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау, күту және пайдаланудағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыратын мемлекеттік бағдарламалар әзірлеуге;
Тармақша 10
10) тарихи-мәдени ескерткіштерге қандай-да болмасын зерттеулер жүргізуге, жобалау және жаңғырту жұмыстарын жүргізуге;
Тармақша 11
11) сәулеттік, қала құрылыстық және құрылыстық іс-әрекеттер жүргізілуге болмайтынын немесе шектелетіндігін айрықша реттейтін шекара белгілеуге.
Тармақ 4
4. Комиссия Қазақстан Республикасы Заңдарымен белгіленген тәртіп және оның құзырына енетін мәселелер бойынша төмендегідей құқыққа ие:
Тармақша 1
1) тиесілі органдарға қаладағы тарихи-мәдени ескерткіштердің сақталуына байланысты мәселелер жөніндегі кепілдеме енгізу;
Тармақша 2
2) тарихи, археологиялық, сәулеттік ғимараттар мен ескерткіштерді жөндеу, жаңғырту, қайта жаңарту кезінде мекемелермен кеңес беру жұмыстарын жүргізу;
Тармақша 3
3) заң орындарынан және жеке адамдардан Комиссияның құзырына жататын қажетті ақпарат алуға;
Тармақша 4
4) Комиссия мәжілістерінде тарихи-мәдени мұраны пайдалану мен қорғау мәселелері бойынша жергілікті ұйымдар мен органдардың жауапты өкілдерін, қаланың жұмыс және сарапшы топтарын тыңдауға.
Тарау 3. ІІІ. Комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру
ІІІ. Комиссияның іс-әрекетін ұйымдастыру
Тармақ 1
1. Комиссияның мәжілісі қажет деп табылған кезде өткізіліп, және оған оның барлық мүшесінің 2/3 бөлігі қатысқанда ғана құқықты деп табылады.
Тармақ 2
2. Комиссияның шешімі ашық дауыс берумен қабылданып, және оған көпшілік дауыс бергенде ғана қабылданған болып саналады.
Тармақ 3
3. Дауыстар тең болған жағдайда комиссияның төрағасы дауысын берген шешім ғана қабылданған болып саналады. Комиссия мүшелері ерекше көзқарасқа құқылы, егер олай болған жағдайда, жазба түрінде болуы шарт. Комиссия мәжілісінің қорытындысы бойынша, мәжіліске қатысқан оның мүшелерінің қолы қойылған хаттама жазылады. Орган мәжілісте қаралған барлық құжаттар мен мәліметтер қосымша беріледі.
Тармақ 4
4. Комиссияның жұмыс органы - қаланың мәдениет басқармасы.
Басқа 31. Алматы қаласы тарихи-мәдени ескерткiштерiн қорғау жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ
ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының ХІІ-ші сессиясының 26.09.2001 ж. шешіміне N 2 қосымша Алматы қаласы тарихи-мәдени ескерткiштерiн қорғау жөнiндегi комиссияның ҚҰРАМЫ --------------------------------------------------------------------- 1.! Ыбыраев Әдiл Жүнiсұлы        !- Комиссияның төрағасы, !                              !  Алматы қаласы әкiмiнiң орынбасары --------------------------------------------------------------------- 2.!Баймағамбетов Сұлтан Қабиұлы  !- Комиссия төрағасының орынбасары, !                              !  Сәулет және қала құрылысы !                              !  Департаментiнiң бастығы --------------------------------------------------------------------- 3. !Меңдіғалиев Мұсағали !- Комиссия төрағасының орынбасары, ! Меңдіғалиұлы                 !  қалалық N 3 емхананың бас дәрігері, !                              !  Алматы қалалық Мәслихатының ! ! депутаты --------------------------------------------------------------------- 4.! Үмбетов Батырхан             !- Комиссия хатшысы, ! Әбдрахманұлы                 !  Бiлiм, ғылым және мәдениет бөлiмiнiң ! ! бас маманы --------------------------------------------------------------------- Комиссия мүшелерi --------------------------------------------------------------------- 5.! Әшiмов Бәйкен Әшiмұлы        !- қалалық Ағалар алқасының төрағасы, ! ! Еңбек Ерi --------------------------------------------------------------------- 6.! Сүлейменов Темiр Бимашұлы    !- ҚР Дизайнерлер Одағының Президентi, !                              !  ҚР еңбек сiңiрген өнер қайраткерi --------------------------------------------------------------------- 7.! Сығаев Әшiрбек Төребекұлы    !- Т.Жүргенов атындағы өнер !                              !  Академиясының профессоры, ҚР еңбек ! ! сiңiрген өнер қайраткерi --------------------------------------------------------------------- 8.! Ниязбеков Шәкен Оңласынұлы   !- қаланың бас суретшiсi, ҚР халық ! ! суретшiсi ------------------------------------------------------------------- 9.! Ордабаев Алмас Баймаханұлы !- ҚР Дизайнерлер Одағының І-шi ! ! вице-президентi --------------------------------------------------------------------- 10.! Абжiғалиев Серiк !- ҚРҒА-ның Ш.Уәлиханов атындағы тарих және этнология !                              !  институтының бөлiм !                              !  меңгерушiсi, тарих ғылымының докторы, ! ! профессор -------------------------------------------------------------------- 11.! Телжанов Қанапия !- СССР халық суретшiсi, ! Темiрболатұлы                !  ҚР мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, ! ! академик --------------------------------------------------------------------- 12.! Рүстембеков Ақмырза Исаұлы   !- ҚР сәулетшілер Одағының президенті --------------------------------------------------------------------- 13.! Уәлиханов Шота Ыдырысұлы !- ҚР еңбек сiңiрген сәулетшiсi, ҚР ! ! мемлекеттiк сыйлығының лауреаты, ! ! тарихи-мәдени ескерткiштердi қорғау ! ! қоғамының төрағасы --------------------------------------------------------------------- 14.! Машович Альберт Аронович !- суретшi-монументалист --------------------------------------------------------------------- 15.! Сұртаев Серiк Мамытбекұлы !- Республикалық материалдық мәдени ! ! ескерткiштердi ғылыми-зерттеу жобалау ! ! институтының директоры --------------------------------------------------------------------- 16.! Байпақов Карл Молдахметұлы   !- ҰҒА-ның Ә.Марғұлан атындағы !                              !  археология және этнография !                              !  институтының директоры, тарих және ! ! археология ғалымдарының докторы ---------------------------------------------------------------------
Басқа 32. Алматы қаласында тұрғызылған ескерткiштер тiзбегi
ІІ-ші шақырылған Алматы қалалық Мәслихатының ХІІ-ші сессиясының 26.09.2001 ж. шешіміне N 3 қосымша Алматы қаласында тұрғызылған ескерткiштер тiзбегi --------------------------------------------------------------------- Ескерткiш атауы     ! Түрi  !    Авторы  !Тұрғызылған!Орнатылған !       !            !уақыты     !орны --------------------------------------------------------------------- 1. Әлия Молдағұлова мен !Алып-  !мүсiншi:        !1997       !Төле би Мәншүк Мәметованың   !ескерт-!Қ.Сатыбалдин;   !           !көшесi, ескерткiшi           !кiш    !сәулетшi:       !           !Астана !өнерi  !В.Сидоров       !           !алаңының !       !                !           !қарсысы --------------------------------------------------------------------- 2. Сәбит Мұқановтың     ! / - / !сәулетшi:       !2000       !Сәбит мүсiн-ескерткiшi     !       !Т.Жанызбеков    !           !Мұқанов !       !                !           !көшесi, Төле !       !                !           !би көшесiнiң !       !                !           !қиылысы --------------------------------------------------------------------- 3. Тәуелсiздiк алып     ! / - / !Шығармашылық    !1996-1998  !Республика ескерткiшi           !       !ұжымның басшысы !           !алаңы !       !Ш.Уәлиханов;    !           ! !       !мүсiншi:        !           ! !       !Д.Жұмабаев,     !           ! !       !Н.Далбаев,      !           ! !       !А.Боярлин,      !           ! !       !М.Мансұров,     !           ! !       !Қ.Сұраншиев,    !           ! !       !Қ.Сатыбалдин,   !           ! !       !Сәулетшi:       !           ! !       !Қ.Монтахаев     !           ! --------------------------------------------------------------------- 4. Қаныш Сәтпаев        ! / - / !Мүсінші:        !1999       !Қаныш ескерткiшi           !       !Т.Досмағамбетов;!           !Сәтпаев !       !сәулетшi:       !           !көшесі, !       !А.Қайнарбаев    !           !Байтұрсынов !       !                !           !көшесінің !       !                !           !қиылысы --------------------------------------------------------------------- 5. Жамбыл Жабаев        ! / - / !Мүсінші:        !1996       !Достық ескерткiшi           !       !Б.Әбiшев;       !           !даңғылы, !       !сәулетші:       !           !Искра !       !Т.Ералиев,      !           !кинотеатры- !       !С.Баймағамбетов,!           !ның алды !       !С.Фазылов       !           ! --------------------------------------------------------------------- 6. Александр Пушкиннiң  ! / - / !Мүсінші:        !1999       !Қазақстан мүсiн-ескерткiшi     !       !А.Бючугов;      !           !Республикасы !       !сәулетшi:       !           !Ғылым !       !А.Ачугов,       !           !Академиясы !       !Т.Ералиев       !           !ғимаратының !       !                !           !шығыс жақ !       !                !           !беті --------------------------------------------------------------------- 7. Тарас Шевченконың    ! / - / ! Мүсінші:       !2000       !Шевченко ескерткiшi           !       ! В.Рожин        !           !көшесi, !       !                !           !Достық !       !                !           !даңғылының !       !                !           !қиылысы --------------------------------------------------------------------- 8. Абылайхан ескерткiшi ! / - / ! Мүсінші:       !2000       !Алматы-ІІ !       ! Қ.Сатыбалдин;  !           !станциясы !       ! сәулетшi:      !           !вокзалының !       ! Т.Ералиев,     !           !алдындағы !       ! С.Баймағамбетов!           !алаң ---------------------------------------------------------------------