Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Экибастуза
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- Об утверждении мест размещения нестационарных торговых объектов на территории города Экибастуза
- Атауы (қаз.)
- Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындарын бекіту туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 291/3
- Қабылданған күні
- 17.03.2016
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2023 101436_669218.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16PC005085
- ЭКБ идентификаторы
- 101436
- Редакция идентификаторы
- 101436_669218
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 10:01
0 Екібастұз қаласының
аумағында стационарлық емес
сауда объектілерін орналастыру
орындарын бекіту туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31, 37-баптарына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 12-баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрі міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығымен бекітілген Ішкі сауда қағидаларының 50-1 - тармағына сәйкес, Екібастұз қаласының аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында, Екібастұз қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қосымшаға сәйкес Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары бекітілсін.
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Екібастұз қаласы әкімінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
3. Осы қаулы алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Екібастұз қаласы әкімдігінің
2016 жылғы 17 наурыздағы
№ 291/3 қаулысымен
бекітілген
Екібастұз қаласының аумағында стационарлық емес сауда объектілерін орналастыру орындары
Р/с №
Нақты орналасу орны
Алатын алаңы, шаршы метр
Сауда қызметін жүзеге асыру кезеңі, жыл
Жақын орналасқан инфрақұрылым (ұқсас тауарлар ассортименті сатылатын сауда объектілері,
сондай-ақ қоғамдық тамақтану объектілері)
Қызмет саласы
1
Кеншілер көшесі (№ 1 және № 5 үйлер арасында)
10
5
«Горняк» дүкені
Саяжай өнімдерін іске асыру
2
Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 22 үй (аула ішінде)
15
5
«Нур» әлеуметтік павильоны
Саяжай өнімдерін іске асыру
3
Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі
№ 47 және Бауыржан Момышұлы көшесі № 40 «А» үйлердің арасында)
10
5
«№ 73» дүкен
Саяжай өнімдерін іске асыру
4
Мәшһүр Жүсіп көшесі (Мәшһүр Жүсіп көшесі бойынша № 52/5 үй және Абай көшесі, № 55 бойынша № 26 орта мектеп ғимаратының арасында)
15
5
«Ақ қайың» дүкені
Саяжай өнімдерін іске асыру
5
Мәшһүр Жүсіп көшесі, № 149 үй (аула ішінде)
25
5
«Бахыт» дүкені
Саяжай өнімдерін іске асыру
6
Энергетиктер көшесі (№ 65 және № 67 үйлер арасында)
10
5
«Сауле» сауда үйі
Саяжай өнімдерін іске асыру