О лицензировании отдельных видов деятельности в городе Алматы Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.07.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы 📌 Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы Әкімінің 2005 жылғы 9 наурыздағы N 1/127 қаулысымен. Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы " Жергілікті мемлекеттік өзін-өзі басқару", 1995 жылы 17 сәуірдегі " Лицензиялау туралы", 1998 жылы 01 шілдедегі " Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы", 1998 жылы 01 шілдедегі " Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы (Алматы қаласының мәртебесі жөніндегі)", 1999 жылы 16 шілдедегі " Этил спирті мен спиртті ішімдіктердің айналымын және өнімін мемлекеттік реттеу туралы" Заңдарын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1995 жылы 29 желтоқсандағы N 1894 "Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылы 17 сәуірдегі N 2201 қаулысын іске асыру туралы" қаулысын орындау мақсатында, Алматы қаласының әкімшілігі қаулы қабылдады:
Тармақ 1
1. Алматы қаласы әкімі аппаратының Экономика жөніндегі комитеті Алматы қаласында келесі қызмет түрлерін лицензиялау жөніндегі өкілетті орган болып белгіленсін:
Тармақша 1
1) дезинфекция, дезинсекция, дератизация дәрмектерін дайындау, өндіру, өңдеу және көтерме саудамен тарату, сонымен қатар оларды қолданатын жұмыс қызмет түрлеріне;
Тармақша 2
2) ветеринарлық;
Тармақша 3
3) Алматы қаласының аймағына шетел жұмыс күшін тарту және Алматы қаласынан жұмыс күшін шетелге шығаруға байланысты іс-әрекеттер;
Тармақша 4
4) медициналық және дәрігерлік;
Тармақша 5
5) Алматы қаласының аймағында жалпы бастауыш, жалпы негізгі немесе орта білім және бастауыш кәсіпкерлік, сонымен қатар мектеп жасына дейінгі және мектептен тыс ұйымдарға білім беру қызметтеріне;
Тармақша 6
6) жергілікті лотерея ойынын ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 7
7) казино және тотализатор ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 8
8) спиртті ішімдіктер өнімдерін бөлшектеп сату (сырадан басқа);
Тармақша 9
9) жылу энергиясын өндіру, беру және тарату (жылу энергиясы көзінен бекітілген жылыту қуат көлемі 100 Г/каллорияға дейін).
Тармақша 10
10) алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен толайым саудалау;
Тармақша 11
11) алкоголь және қара металлдарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен саудалау. 📌 Ескерту. 1 тармақ толықтырылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 04 мамырдағы N 3/383 қаулысымен.
Тармақ 2
2. N 1 Қосымшадағы аталған қала қызметтері, лицензия алушы субъектілерге қойылатын квалификациялық талаптарға сай, аталған қызмет түрлеріне қолданылып жүрген заңдар жиынтығына сәйкес қорытынды беруді іске асырады. Лицензия беру үшін, қорытынды беруші орган бекіткен нысан бойынша қорытынды алу, міндетті түрдегі шарт болып табылады.
Тармақ 2-1
2-1. Экономика жөнiндегi комитет түстi және қара металлдарды жинау (дайындау), сақтау, қайта өңдеу мен саудалау қызметiне лицензия алуға тiлек бiлдiрушi субъектiлердiң бiлiктiлiк талаптарға сай екендiгiн тексерудi жүзеге асыратын болсын. 📌 Ескерту. 2-1 тармақпен толықтырылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 04 мамырдағы N 3/383 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Алматы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы", 1999 жылы 18 тамыздағы N 720 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2000 жылы 2 наурыздағы N 216 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2000 жылы 24 шілдедегі N 758 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2000 жылы 9 қарашадағы N 1050 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы", 2001 жылы 24 мамырдағы N 346 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 "Алматы қаласында кейбір қызмет түрлерін лицензиялау туралы" шешіміне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2001 жылы 24 мамырдағы N 347 "Алматы қаласы әкімінің 1999 жылы 12 шілдедегі N 623 Алматы қаласында фармация қызметіне лицензия беру жөніндегі мәселесі бойынша шешімге өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" шешімдері өз күшін жойды деп табылсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулының орындалуын бақылауды Алматы қаласы әкімінің орынбасары Қ. Жаңбыршинге жүктеледі.
Басқа 17
Алматы қалалық әкімшілігінің 2001 жылы 11.07. N 1/72 қаулысына N 1 қосымша Қызмет түрлері лицензиялауға жататын қызмет түрлерімен айналысу үшін квалификациялық талаптарға сай лайықтылығын анықтайтын қорытынды беретін сарапшылар комиссиясы
Тармақ 1
1. Алматы қаласының Санитарлық-эпидемиологиялық басқармасының жанындағы сарапшылар комиссиясы - дезинфекция, дезинсекция, дератизация дәрi-дәрмектерi мен құралдарын дайындау, өндiру, қайта өңдеу және көтерме саудамен сату қызметтерiне, сонымен қатар оларды қолдануға байланысты жұмыстар мен қызметтер көрсету, сонымен қатар санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы медициналық қызметтерiне қорытынды бередi. <*> 📌 Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 19 маусымдағы N 3/396 қаулысымен.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнiң Алматы қаласы бойынша Аймақтық басқармасы жанындағы сараптаушы комиссиясы ветеринарлық қызметке қорытынды. <*> 📌 Ескерту. 2-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 1/112 қаулысымен.
Тармақ 3
3. Еңбек, жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау департаментінің жанындағы сарапшылар комиссиясы - Алматы қаласының аймағына шетел жұмыс күшін тарту және Алматы қаласынан жұмыс күшін шетелге шығаруға байланысты іс-әрекеттеріне қорытынды.
Тармақ 4
4. Денсаулық сақтау Департаментінің жанындағы сарапшылар комиссиясы - медициналық және дәрігерлік қызметтерге қорытынды.
Тармақ 5
5. Алматы қаласы Бiлiм департаментi жанындағы сараптаушы комиссиясы - негiзгi жалпы және орта немесе бастауыш кәсiптiк бiлiм беретiн бiлiм беру ұйымдарына, сонымен қатар Алматы қаласының аумағындағы мектепке дейiнгi және мектептен тыс ұйымдардың қызметтерiне қорытынды. 📌 Ескерту. 5-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 1/112 ; 2002 жылғы 19 маусымдағы N 3/396 қаулыларымен.
Тармақ 6
6. Қалалық қаржы басқармасының жанындағы сарапшылар комиссиясы - жергілікті лотерея ойынын ұйымдастыру және жүргізу жөніндегі қызметтеріне қорытынды.
Тармақ 7
7. Алматы қаласы өндiрiс және сауда департаментiнiң жанындағы сарапшылар комиссиясы - тотализаторлар, казинолар ұйымдастыру және жүргiзу қызметiне қорытынды. 📌 Ескерту. 7-тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы Әкімшілігінің 2002 жылғы 12 ақпандағы N 1/112 қаулысымен .
Тармақ 8
8. Аудан әкімдері аппаратының жанындағы сарапшылар комиссиясы - спиртті ішімдіктер өнімдерін бөлшектеп сату қызметтеріне қорытынды.
Тармақ 9
9. Алматы қаласы әкімі аппаратының энергетика бөлімінің жанындағы сарапшылар комиссиясы - жылу энергиясын өндіру, беру және тарату (жылу энергиясы көзінен бекітілген жылыту қуат көлемі 100 Г/каллорияға дейін) қызметтеріне қорытынды.
Тармақ 10
10. "Қазалкоорталық" республикалық мемлекеттiк кәсiпорын - алкоголь өнiмдерiн (сырадан басқа) сақтау мен көтерме саудалауға тұжырымдама беруге. 📌 Ескерту. 10 тармақпен толықтырылды - Алматы қалалық Әкімшілігінің 2004 жылғы 04 мамырдағы N 3/383 қаулысымен.