О переименовании государственного учреждения "Военный факультет Академии гражданской авиации" Қолданыста
Басқа 0
"Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті" мемлекеттік мекемесін қайта атау туралы
Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері үшін әскери мамандарды сапалы даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. "Азаматтық авиация академиясының әскери факультеті" мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Радиоэлектроника және байланыс әскери-инженерлік институты" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Мекеме) болып қайта аталсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) Мекеменің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін;
Тармақша 2
2) осы қаулыдан туындайтын өзге де шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Мекемені қаржыландыру республикалық бюджетте 09 республикалық деңгейде кадрлар даярлау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мұқтажына көзделген қаражат есебінен және шегінде жүзеге асырылатын болып белгіленсін.
Тармақ 4
4. "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2000 жылғы 9 наурыздағы N 368 қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
Тармақша 3
3) тармақша (құпия).
Тармақ 5
5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.