Об утверждении Правил ведения, использования и хранения специальных учетов лиц, привлеченных к ответственности за осуществление террористической деятельности, а также организаций и информационных материалов, признанных судом террористическими, и лиц, привлеченных к ответственности за совершение экстремизма, а также организаций и информационных материалов, признанных судом экстремистскими Қолданыста
Басқа 0
Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларын бекіту туралы
«Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 4-тармағын, 3-тармағының 10-1), 11) тармақшаларын іске асыру мақсатында және «Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-1-бабының, «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабының, «Қылмыстық жолмен алынған кiрiстердi заңдастыруға (жылыстатуға), терроризмді қаржыландыруға және жаппай қырып-жою қаруын таратуды қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабының талаптарын орындау үшін, «Прокуратура туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық Заңының 9-бабының 22) тармақшасын басшылыққа алып, БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет):
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оның мерзімді баспа басылымдарында, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнында жариялануын;
Тармақша 2
2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Комитет Төрағасына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары
Қазақстан Республикасы
Бас Прокурорының
2016 жылғы 24 наурыздағы
№ 49 бұйрығымен
бекітілген
Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот террористік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды және экстремизмді жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды, сондай-ақ cот экстремистік деп таныған ұйымдарды және ақпараттық материалдарды арнайы есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мемлекеттік құқықтық статистика және арнайы есепке алу туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 12-бабы 3-тармағының 10-1) және 11) тармақшаларында (бұдан әрі – арнайы есепке алу) көзделген арнайы есепке алу мәліметтерін жүргізу, пайдалану және сақтау тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі комитетінің (бұдан әрі – Комитет) аумақтық және оларға теңестірілген органдарының (бұдан әрі – аумақтық органдар) бастықтары арнайы есепке алу мәліметтерінің уақтылы енгізілуін, толықтығы мен шынайылығын қамтамасыз етеді.
Тарау 2. 2-тарау. Арнайы есепке алуды жүргізу тәртібі
2-тарау. Арнайы есепке алуды жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны және экстремизм жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдарды арнайы есепке алу үшін соттың заңды күшіне енген үкімдері (бұдан әрі – адамдарды арнайы есепке алу) негізінде жүзеге асырылады.
Тармақ 4
4. Адамдарды арнайы есепке алу осы Қағидалардың қосымшасына сәйкес нысан бойынша террористік іс-әрекетті жүзеге асырғаны және экстремизм жасағаны үшін жауаптылыққа тартылған адамдардың (Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 3-бабының 30) және 39) тармақтары) Комитеттің ақпараттық жүйесінде (бұдан әрі – электрондық журнал) жүргізеді.
Тармақ 5
5. Электрондық журнал Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен бекітілген Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған адамдардың, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша электрондық алфавиттік есепке алу карточкалары негізінде қалыптастырылады.
Тармақ 6
6. «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ есеп нысанын және оны қалыптастыру жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы» (бұдан әрі – 1-ЭТ есебі) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2023 жылғы 9 қаңтардағы № 12 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31687 болып тіркелген) бекітілген, адамдарды арнайы есепке алудың толықтығын және олардың мәліметтерін уақтылы енгізуді қамтамасыз ету мақсатында Комитеттің аумақтық органдары тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін электрондық журналдың мәліметтерін «Экстремизмге және терроризмге байланысты құқық бұзушылықтар туралы және прокурорлық қадағалаудың жай-күйі туралы» № 1-ЭТ нысанды есептің көрсеткіштерімен салыстырып тексеруді жүргізеді.
Салыстыру нәтижелері адамдардың арнайы есебін жүргізуге және № 1-ЭТ есебін қалыптастыруға жауапты бөлімшелерінің бастықтары бекітетін актімен рәсімделеді.
Қылмыстық қудалау органдарының орталық аппараттың іс жүргізуіндегі қылмыстық істері бар адамдарды арнайы есепке алу мәліметтерін салыстырып тексеруді Комитеттің қылмыстық құқық бұзушылық жасалған жердегі аумақтық органы жүргізеді.
Тармақ 7
7. Сот экстремистік және террористік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды арнайы есепке алу үшін (бұдан әрі – ұйымдар мен материалдарды арнайы есепке алу) соттың заңды күшіне енген шешімі негіз болып табылады.
Тармақ 8
8. Арнайы есепке алуды Комитет сот террористік және экстремистік деп таныған ұйымдар мен ақпараттық материалдарды электрондық тізімдері (бұдан әрі – электрондық тізім) жүргізу жолымен жүзеге асырылады.
Тармақ 9
9. Электрондық тізімді Комитет соттардың заңды күшіне енген шешімдері мен осы Қағидалардың 10-тармағында көзделген құжаттар негізінде қалыптастырады.
Тармақ 10
10. Комитеттің аумақтық органдары сот шешімі заңды күшіне енген сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Комитетке PDF форматында мынадай материалдарды жібереді:
Тармақша 1
1) ақпараттық материалдарды экстремистік және террористік деп тану, оларды Қазақстан Республикасы аумағына әкелуге, онда басып шығаруға және таратуға тыйым салу туралы арыз;
Тармақша 2
2) осы ақпараттық материалдар бойынша сараптамалық қорытынды;
Тармақша 3
3) сот шешімі.
Тармақ 11
11. Комитет сот шешімі мен осы Қағидалардың 9-тармағында көрсетілген материалдар келіп түскен сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде олардың кескінінің анықтығы мен оқылуының жеңілдігіне тексеру жүргізеді.
Осы тармақтың талаптары бұзылған жағдайда Комитет бұзушылықтарды жою үшін оларды 5 (бес) жұмыс күні ішінде аумақтық органдарына қайтарылады.
Тармақ 12
12. Комитет тоқсан сайын есепті кезеңнен кейінгі айдың 10-күніне дейін электрондық тізімнің мәліметтерін № 1-ЭТ есептің көрсеткіштерімен салыстырып тексереді.
Салыстыру нәтижелері ұйымдардың арнайы есебін жүргізуге және 1-ЭТ есебін қалыптастыруға жауапты бөлімшелердің бастықтары бекітетін актімен рәсімделеді.
Тарау 3. 3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау
3-тарау. Арнайы есепке алу мәліметтерін пайдалану және сақтау
Тармақ 13
13. Электрондық тізімдер Комитеттің ресми сайтында орналастырылады және Комитет осы Қағидалардың 11-тармағында көзделген тексеру аяқталған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде толықтырылады.
Тармақ 14
14. Арнайы есепке алу мәліметтері сұрау салынатын адамдарға (бұдан әрі – сұрау салудың бастамашысы) қатысты тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті мемлекеттік органдарға, мекемелерге және өзге де ұйымдарға ақпараттық-анықтамалық қызмет көрсету кезінде пайдаланылады.
Тармақ 15
15. Қылмыстық құқық бұзушылықтар жасаған, қылмыстық жауаптылыққа тартылған және тартылатын адамдарды арнайы есепке алуды және ұстап алынған, күзетпен ұсталатын және сотталған адамдарды дактилоскопиялық есепке алуды жүргізу, пайдалану және сақтау қағидаларының (бұдан әрі – № 29 Қағида) Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2018 жылғы 27 ақпандағы № 29 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 16667 болып тіркелген) бекітілген, сұрау салудың бастамашысы өтеусіз негізде жүргізу Қағидалардың 15-қосымшасына сәйкес «Жеке тұлғаға электрондық нысанда мәлімет алу үшін пайдаланушының нұсқаулығын» пайдалана отырып, Құқық қорғау, арнаулы мемлекеттік және өзге де органдардың ақпарат алмасу жүйесінен және (немесе) Комитеттің ақпараттық сервисі арқылы электрондық форматтағы арнайы есепке алу мәліметтерін талап етеді.
Тармақ 16
16. Талапты сұрау салудың бастамашысы тексерілетін адамдардың тізімі қоса беріле отырып, электрондық құжат нысанында болмаса бірыңғай транспорттық орта болмаған жағдайда қағаз тасымалдағышта басшысының немесе оның орнын алмастырушы адамның қолы қойылған ілеспе хатпен жіберіледі.
Ілеспе хатта оларға тексеру құқығын беретін нормативтік құқықтық актіге сілтеме көрсетіледі.
Осы ереже жедел-іздестіру қызметін, тергеуді (анықтауды), жазаның орындалуын, қарсы барлау қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік органдарға, Қазақстан Республикасының соттарына, көші-қон полициясының бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасы ішкі істер органдарының рұқсатнама жүйесіне және қорғаныс істері органдарына қолданылмайды.
Тармақ 17
17. Талап әрбір тексерілетін адамға бөлек құрастырылады. Тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде), туған күнін өзгерткен адамға талапты толтырған кезде бұрынғы және өзгертілген сауалнамалық деректері көрсетіледі.
Тармақ 18
18. Бірінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Бас Прокурорының 16.04.2026 № 64 бұйрығымен.
Талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады, тексерілетін адамның сауалнамалық деректерінің біреуі болмаған жағдайда тиісті деректеме толтырылмайды. Туған жылы, күні, айы және туылған жері толық көрсетілуге жатады. Егер туған күні, айы белгісіз болса, онда тиісті бағанға «00» жазбасы жазылады.
Тексерілетін адамның жеке сәйкестендіру нөмірі болған жағдайда мәліметтер «Жеке тұлға» Мемлекеттік деректер банкі арқылы толтырылады.
Тармақ 19
19. № 29 Қағидалардың 16-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қағаз тасымалдағыштағы талапта барлық деректемелер толтырылуға жатады. Тексеруші адамға қатысты сауалнамалық деректемелердің бірі болмаған жағдайда, тиісті деректемеде «жоқ» жазбасы жазылады.
Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде) анық, баспа, біріншісі бас әріппен жазылады. Туған күні мен туған жері толық көрсетілеуі тиіс. Егер туған күні немесе айы белгісіз болса, тиісті бағанға «00» жазбасы жазылады.
Тармақ 20
20. Комитетке және оның аумақтық органдарына осы Қағидалардың 16, 17, 19-тармақтары бұзылып рәсімделген талаптарды ұсыну, одан бас тартуға және сұрау салған бастамашыға орындаусыз қайтаруға негіз болып табылады.
Факс байланысы арналары арқылы келіп түскен сұрау салулар, сондай-ақ халықаралық келісім шарттармен белгіленген тәртіпті бұзған шетел мемлекеттерінің сұрау салулары орындалмайды.
Азаматтардың, сондай-ақ тексеру іс-шараларын жүзеге асыруға уәкілетті емес мекемелер мен ұйымдардың талаптар бланкілерінде рәсімделген сұрау салулары тексерілмейді және орындаудан бас тарту себептері мен есепке алуға жүгіну тәртібі түсіндіріле отырып, бастамашыға орындаусыз кері қайтарылады.
Тармақ 21
21. Сұрау салудың бастамашысына тексеру күніне Комитетте және оның аумақтық органдарында бар тексерілетін тұлғаға қатысты арнайы есепке алу мәліметтері беріледі.
Тармақ 22
22. Бірінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Бас Прокурорының 16.04.2026 № 64 бұйрығымен.
📌 Ескерту. 22-тармақтың екінші абзацы 12.07.2026 бастап қолданысқа енгізіледі - ҚР Бас Прокурорының 16.04.2026 № 64 бұйрығымен.
Талаптардың Комитетке және оның аумақтық органдарына келіп түскен күні оны орындаудың мерзіміне кірмейді.
Егер электрондық талаптарды өңдеу барысында тиісті мемлекеттік органдарға немесе мекемелерге қосымша сұрау салулар жібере отырып, қабылданған процестік шешім туралы мәліметтерді нақтылау қажет болған жағдайда, содан кейін сұрау салудың бастамашысына аралық жауап жіберіледі, онда 10 (он) жұмыс күні өткеннен кейін электрондық талапты қайта рәсімдеу қажеттігі туралы хабарланады.
Тармақ 23
23. Тексеру нәтижелері № 29 Қағидалардың 17-қосымшасына сәйкес нысан бойынша мөр қоя отырып талаптарда көрсетіледі. Электрондық цифрлық қолтаңба қойылған, ақпараттық жүйелер арқылы жіберілген электрондық талаптар бұларға қосылмайды.
Тармақ 24
24. Тексерілетін адам арнайы есепке алуда тұрған адам болып табылатынына және сауалнамалық деректердің бұрмалануы қатенің немесе терудің салдарынан орын алды деп пайымдауға негіз беретін арнайы есепке алуда тексерілетін адаммен ұқсас сауалнамалық деректері бар адам анықталған кезде (тегі, аты, әкесінің аты (ол болған кезде), туған күнінде сәйкессіздіктер болған кезде) мәліметтер «... мәліметтер бар» белгімен беріледі.
Тексерілушінің арнайы есепке алуда тұрған адамның іс-әрекетіне қатыстылығын сұрау салған бастамашысы анықтайды.
Тармақ 25
25. Комитет және оның аумақтық органдары ұсынған мәліметтерді сұрау салулардың бастамашылары қолданыстағы заңнамаға сәйкес қолдануы тиіс.
Тармақ 26
26. Комитет мәліметтерді тұлғалардың арнайы есебіне қойған сәттен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде оларды қаржы мониторингі жөніндегі уәкілетті органға жібереді.
Тармақ 27
27. Растайтын құжаттары бар ақпараттық оқу құжаттарын, журналды сақтау мерзімдері № 29 Қағидалардың 11-қосымшасында көзделген.
Растайтын құжаттары бар электрондық тізімдер тұрақты сақтау мерзіміне жатады.
Басқа 0.1. Террористік іс-әрекетті және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін
жауаптылыққа тартылған адамдардың
электрондық журналы
Террористік іс-әрекетті жүзеге
асырғаны үшін жауаптылыққа
тартылған адамдарды, сондай-ақ
cот террористік деп таныған
ұйымдарды және ақпараттық
материалдарды және экстремизмді
жасағаны үшін жауаптылыққа
тартылған адамдарды, сондай-ақ cот
экстремистік деп таныған ұйымдарды
және ақпараттық материалдарды
арнайы есепке алуды жүргізу,
пайдалану және сақтау
қағидаларына қосымша
нысан
Террористік іс-әрекетті және экстремизмді жүзеге асырғаны үшін
жауаптылыққа тартылған адамдардың
электрондық журналы
Тегі
Аты
Әкесінің аты (ол бол-ған кезде)
Туған күні
Жеке сәйкес-тендіру нөмірі
Жеке басын куәландыра-тын құжаттың серия-сы, нөмірі
Қыл-мыс-тық істің нөмірі
Сот атауы
Үкім (қау-лы) шығарылған күн
Соттау бабы
Жазаның негіз-гі шара-сы
Үкімнің (қау-лы-ның) заң-ды күші-не ену күні
Облыс коды
Облыс атауы
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
12
13
14