О повышении базовых ставок земельного налога Күшін жойған
Басқа 0
Жер салығының базалық
мөлшерлемелерін жоғарылату
туралы
1.«Жер салығының базалық мөлшерлемелерін жоғарылату туралы» Маңғыстау облысы Ақтау қалалық мәслихатының 2016 жылғы 11 наурыздағы №38/379 шешімінің (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 3030 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын;
Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабының 5 тармағына және Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 6 бабы 1 тармағының 15) тармақшасына сәйкес Ақтау қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Кодексінің 509 бабы 5 тармағында белгіленген жер салығының базалық мөлшерлемесі он есе жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. Ақтау қалалық мәслихаты аппараты басшысының міндетін атқарушы (Л. Сүйіндік) осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін, оның «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалалық мәслихаттың экономика және бюджет мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясына жүктелсін (комиссия төрағасы А. Бүркітбаев).
Тармақ 4
4. Осы шешім Маңғыстау облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қалалық жер қатынастары
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің
басшысы
Е.Кенған
«16» наурыз 2016 жыл
«КЕЛІСІЛДІ»
«Ақтау қаласы бойынша
мемлекеттік кірістер басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
Ж.Серік
«16» наурыз 2016 жыл