О совершенствовании государственного управления в области охраны здоровья граждан Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 16.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Азаматтардың денсаулығын сақтау саласында мемлекеттік басқаруды жетілдіру туралы Қазақстан Республикасының Конституциясы 44-бабының  3) тармақшасына сәйкес қаулы етемін:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі болып қайта құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлықтан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" 1999 жылғы 22 қаңтардағы N 6 Жарлығына  мынадай өзгеріс пен толықтыру енгізілсін: 1-тармақта: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау ісі жөніндегі агенттігі" деген абзац алынып тасталсын; мынадай мазмұндағы жаңа абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігі".
Тармақ 4
4. Осы Жарлықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.
Тармақ 5
5. Осы Жарлық қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті