О состоянии борьбы с наркоманией и наркобизнесом на территории области и мерах принимаемых правоохранительными органами и органами здравоохранения Күшін жойған
Басқа 0
Облыс аумағында нашақорлыққа, есірткі бизнесіне қарсы күрестің жайы және құқық қорғау және денсаулық сақтау органдары тарапынан алынып жатқан шаралар туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы
әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күреске жасалынған талдау облыстық құқық қорғау және денсаулық сақтау органдары тарапынан Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2000 жылғы 16 мамырдағы № 394 "Қазақстан Республикасында нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған стратегиясы туралы" Жарлығын және екiншi сайланған облыстық Мәслихаттың VIII сессиясының 2000 жылғы 29 қарашадағы № 90-II "Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарлама және оны жүзеге асыру туралы 2000-2001 жылдардағы жоспарын бекiту туралы" шешiмiн орындауға, есiрткiге қатысты қылмыскерлiкпен күреске күш салынған және бiрқатар жұмыстар атқарылғандығын көрсетеді.
Сонымен бiрге, жүргiзiлiп отырған жұмыстардың әлi де болса талап деңгейiне жауап бермейтiнiн атап өткен жөн.
Облыстағы жағдай есiрткi заттарын қолданушылардың санының және оған байланысты құқық бұзушылық санының өсуiмен және оларды ашу деңгейiнiң былтырғы 100% көрсеткiштерге қарағанда 95%-ға төмендеуiмен сипатталады.
Жылдан жылға есiрткi заттарын медициналық емес мақсаттарға пайдаланушылар саны артуда.
Облыстық құқық қорғау органдарының, әртүрлi ведомстволар мен денсаулық сақтау мекемелерiнiң қызметi тек қана есiрткi заттарын медициналық емес мақсатқа пайдалану, немесе оларды аз мөлшерде сақтаумен күресуге байланысты, бұл оң нәтижелерге жетуге керi әсерiн тигiзiп отыр.
Қала және аудан әкiмдерiнiң бұл бағыттағы жұмыстары мардымсыз, оқу орындарындағы және тұрғылықты жерлердегi тұрғындардың барлығын қамтитын нашақорлыққа және есiрткi бизнесiнiң таралуына қарсы тиiмдi мемлекеттiк және қоғамдық жүйелердің негізгі буындары құрылмаған.
Есiрткi бизнесiнiң ұйымдасқан түрлерiн, контрабандасын және есiрткi заттарын сату, қолдануға итермелеу қылмыстарын анықтау жөнiндегi жұмыстар нашар жүргiзiлуде.
Нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң жай-күйi туралы мәселенi қарап және талқылап, облыс әкiмияты ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Облыс әкiмi аппараты басшысы орынбасарының мiндетiн атқарушы Ә. Жарылғасовтың "Нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрес жайы жәәне құқық қорғау және денсаулық сақтау органдары тарапынан қабылданып отырған шаралар туралы" хабарламасы қатерге алынсын.
Тармақ 2
2. Құқық қорғау және басқа да мемлекеттiк органдар:
Тармақша 1
1) екiншi сайланған облыстық Мәслихаттың VIII сессиясының 2000 жылғы 29 қарашадағы N 90-II шешiмiмен бекiтiлген нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес жөнiндегi аймақтық бағдарламасы мен оны жүзеге асыру туралы 2000-2001 жылдарға арналған жоспарын және облыс әкiмiнiң 2001 жылғы 20 сәуiрдегi № 144 шешiмiмен бекiтiлген облыстағы нашақорлыққа қарсы күрестiң 2001-2005 жылдарға арналған басым бағыттағы шаралар жоспарының мүлтiксiз орындалуының барлық шаралары алынсын;
Тармақша 2
2) есiрткi контрабандасын және есiрткi заттарын сату көздерiн, оны қолдануға итермелеу деректерiн анықтауға басты назар аудара отырып, есiрткi бизнесiнiң ұйымдасқан түрлерiмен пәрмендi күрес жұмыстарын жүргiзуге жұмылдырылсын;
Тармақша 3
3) медицина мекемелерi мен осы салада кәсiпкерлiкпен айналысатын адамдардың, құрамында есiрткi заттары бар дәрi-дәрмектердi жасау, тасымалдау, сақтау және сату тәртiбiне бақылау жасау күшейтiлсiн.
Тармақ 3
3. Облыстық iшкi iстер басқармасы (Т.Рақымжанов):
Тармақша 1
1) қызметтiк iздестiру иттерiне арналған питомниктi қалпына келтiру шараларының бағдарламасын дайындап және питомниктi ұстауға, қызметтiк iздестiру иттерiн сатып алуға, маман-кинологтарды оқытуға, техникалық қамтамасыз етуге қажеттi қаражат мөлшерi туралы ұсыныс дайындасын;
Тармақша 2
2) Денсаулық сақтау департаментiмен (К.Нұрғазиев) бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде облыстық наркологиялық диспансер жанындағы мамандандырылған емдеу-профилактикалық мекемесiнiң iшкi және сыртқы күзетiн қамтамасыз ету мәселесiн шешсiн:
Тармақ 4
4. Облыстық қаржы басқармасы (А.Әжiғалиева) осы мақсаттарға облыс әкiмiнiң резервiнен қосымша қаражат көздерiн қарастырсын.
Тармақ 5
5. Облыс прокуроры (М.Жөргенбаев - келiсiм бойынша) басқа құқық қорғау органдарымен бiрлесiп Қазақстан Республикасының Үкiметiне нашақорлық пен есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң заңнамалық және өзге де нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру және оны тиiмдi қолдану жөнiнде ұсыныс дайындасын.
Тармақ 6
6. Қала және аудан әкiмдерi:
Тармақша 1
1) 2000-2001 жылдарға арналған облыстағы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрестiң аймақтық бағдарламасын орындауда құқық қорғау органдарына үнемi көмек көрсетсiн;
Тармақша 2
2) тоқсан сайын мемлекеттiк органдар басшыларының осы бағдарламаны орындаудағы жұмыстары тыңдалсын.
Тармақ 7
7. Бiлiм (С.Еспосынова) және денсаулық сақтау (К.Нұрғазиев) департаменттерi, жастар iсi, туризм және спорт басқармасы (Қ.Иманғали) оқу орындарында ұдайы нарколог-мамандарды нашақорлықтың алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыруға үнемi қатыстырып, "қатерлi" топтарға жататын жасөспiрiмдер мен олардың отбасыларына наркологиялық орталықтарда тегiн медициналық қызмет көрсетiлуiн қамтамасыз етсiн.
Тармақ 8
8. Әдiлет (Ғ. Есжанов) және iшкi iстер (Т.Рақымжанов) басқармалары облыс тұрғындары арасында нашақорлыққа қарсы насихатты жүргiзу жөнiнде пәрмендi құқықтық шаралар алсын.
Тармақ 9
9. Ақпарат және қоғамдық келiсiм басқармасы (Б.Қожиев), облыстық "Атырау" (Қ.Қуанышбайұлы), "Прикаспийская коммуна" (Л.Монастырская) газеттерiнiң редакциялары бұқаралық ақпарат құралдарында осы бағыттағы жұмысты кеңiнен жариялап, нашақорлыққа қарсы күрес пен салауатты өмiр салты проблемаларына арналған айдарлар ашсын.
Тармақ 10
10. Осы бағытта жүзеге асырылып жатқан алынатын шаралар мен олардың
нәтижелерi туралы нашақорлыққа және есiрткi бизнесiне қарсы күрес
жөнiндегi аймақтық комиссияның жұмысшы органын (облыс әкiмi аппаратының мемлекеттiк-құқықтық және әскери-жұмылдыру бөлiмi) ай сайын хабарлап
отырсын.
Тармақ 11
11. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкiмi аппараты басшысының
мiндетiн атқарушы М.Өтешовке жүктелсiн.