Об утверждении Правил определения пороговых значений содержания вредных примесей и драгоценных металлов в сырьевых товарах, содержащих драгоценные металлы Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларын бекіту туралы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Индустриялық даму және өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті (А.Қ.Ержанов):
Тармақша 1
1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
Тармақша 2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
Тармақша 4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы 2-тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы 30 наурыздағы № 304 бұйрығымен бекітілген Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасы Заңының 4-бабы 8-тармақшасына сәйкес әзірленген және құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау тәртібін анықтайды.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) бағалы металдар – кез келген күйдегі және түрдегі алтын, күміс, платина және платина тобындағы металдар (палладий, иридий, родий, рутений және осмий);
Тармақша 2
2) бағалы металдарды өндіру субъектілері – Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіруді жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының заңды тұлғалары;
Тармақша 3
3) зиянды қоспалар – құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан бағалы металдарды өндіріп алу процесіне кері әсер ететін химиялық элементтер;
Тармақша 4
4) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәндері – құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын Қазақстан Республикасының аумағынан әкету кезінде мемлекеттік бақылау мақсатында белгіленетін, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларынан өнеркәсіптік алу мүмкіндігін айқындайтын, Қазақстан Республикасының аумағында бағалы металдарды өндіру субъектілері құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу мүмкіндігін (мүмкін еместігін) айқындау үшін пайдаланылатын зиянды қоспалардың жол берілетін барынша жоғары құрамы және бағалы металдардың ең аз құрамы;
Тармақша 5
5) құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарлары – өңделмеген бағалы металдар (оның ішінде, құйма түріндегі Доре қорытпасы, катодты металл), мырыш шөгінділері, бағалы металдардың сынықтары мен қалдықтары, бағалы металдардың кендері мен концентраттары, құрамында бағалы металдар бар түсті металдардың кендері, концентраттары және күлі, түсті металдар өндірісінің жартылай өнімдері;
Тармақша 6
6) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган.
Тарау 2. 2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау тәртібі
2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау тәртібі
Тармақ 3
3. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларын қайта өңдеу және (немесе) аффинаждау бағалы металдарды өндіру субъектілерінің жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері негізінде есептеледі.
Тармақ 4
4. Бағалы металдар өндірісінің субъектілері уәкілетті органға жыл сайын 20 қарашадан кешіктірмей құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ұсынады.
Тармақ 5
5. Уәкілетті орган бұйрықпен мәліметтерді алған күннен бастап күнтізбелік 15 (он бес) күн ішінде құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін белгілейді.
Тармақ 6
6. Уәкілетті органмен белгіленген құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәні бағалы металдар өндіру субъектілерінен құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерінің өзгеруі туралы мәліметті алған жағдайда, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша қайта қарастырылады.
Басқа 1
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларына 1-қосымша нысан Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктері туралы мәліметтер ___________________________________ (уәкілетті органның атауы) ______________________________________________________________ (бағалы металдарды өндіру субъектісінің атауы) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы «___» ________ №________ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы «___»________№____ болып тіркелген) бекітілген Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларының 4-тармағына сәйкес ақпаратты ұсынады. 1. ________________________________________________ (құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының атауы) 2. Қайта өңдеуге және (немесе) аффинаждауға рұқсат берілетін зиянды қоспалардың ең жоғарғы құрамы: Зиянды қоспаның атауы Ең жоғары құрамы, % 3. Қайта өңдеуге және (немесе) аффинаждауға рұқсат берілетін бағалы металдардың ең төменгі құрамы: Бағалы металдың атауы Ең төменгі құрамы, % 4. Осымен жоғарыда көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растаймыз. ________________________ ______________________ (бағалы металдар өндіру (мөр бар болса) (тегі, аты-жөні) субектісі басшысының лауазымы)
Басқа 2
Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларына 2-қосымша нысан Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының қайта өңдеудің және (немесе) аффинаждаудың жеке-дара технологиялық мүмкіндіктерінің өзгергені туралы мәлімет ___________________________________ (уәкілетті органның атауы) ______________________________________________________________ (бағалы металдар өндіру субъектісінің атауы) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2016 жылғы «___» ________ №________ бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2016 жылғы «___»________№____ болып тіркелген) бекітілген Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалар мен бағалы металдар құрамының шекті мәнін айқындау қағидаларының 6-тармағына сәйкес ақпаратты ұсынады. 1. ________________________________________________ (құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының атауы) 2. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы зиянды қоспалардың ең жоғарғы құрамы: Зиянды қоспаның атауы Ең жоғары құрамы, (ескі мәні), % Ең жоғары құрамы, (таза мәні), % Ең жоғары құрамының өзгеруі себептері 3. Құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларындағы бағалы металдардың ең төмен құрамы: Бағалы металдың атауы Ең жоғары құрамы, (ескі мәні), % Ең жоғары құрамы, (таза мәні), % Ең жоғары құрамының өзгеруі себептері 4. Осымен жоғарыда көрсетілген ақпараттың дұрыстығын растаймыз. _________________________ ______________________ (бағалы металдар өндіру (мөр бар болса) (Тегі, аты-жөні) субектісі басшысының лауазымы)