Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Степногорска Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 10.06.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Степногорск қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Степногорск қаласының әкімі орынбасарының міндетін атқарушы С.С. Шабаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Степногорск қаласы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Степногорск қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 28 наурыздағы № а-3/144 қаулысына қосымша Степногорск қаласындағы коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер № р/р Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі 1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру 2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса Тендер түріндегі жекешелендіру