О некоторых вопросах финансовой устойчивости фонда социального медицинского страхования Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.08.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының қаржылық орнықтылығының кейбір мәселелері туралы «Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру туралы» 2015 жылғы 16 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының (бұдан әрі – қор) қаржылық орнықтылығын қамтамасыз ететін норма мен лимит есептi айдан кейiнгi айдың басына қордың банктiк шотындағы ақшаның инвестицияланбайтын ай сайынғы қалдығы түрінде қорға соңғы күнтізбелік он екі айда түскен соманың 1/12 мөлшерінде, бiрақ 50000000000 (елу миллиард) теңгеден төмен емес болып белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.