Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.03.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттарды айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» 2011 жылғы 9 тамыздағы №920 Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Батыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Батыс Қазақстан облысының қаржы басқармасы» мемлекеттік мекемесі (А.Б.Салахатдинова) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Н.Т.Төреғалиевқа жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
2016 жылғы 29 наурыздағы №80 Батыс Қазақстан облысы әкімдігінің қаулысына қосымша Коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар р/с Өлшемшарттардың атауы Иеліктен айыру түрлері 1 Жекешелендіру объектісін әрі қарай бақылауға мемлекет мүдделілігінің болмауы; сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын тарту; объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату. Сауданы аукцион нысанында өткізу 2 Жекешелендіру объектісінің қызмет бейінін белгілі бір уақыт кезеңіне сақтау; объектіні барынша мүмкін баға бойынша сату. Сауданы коммерциялық тендер нысанында өткізу 3 Жекешелендіру объектісіне белгілі бір уақыт кезеңіне мемлекеттің бақылауын сақтай отырып, қаржылық қаражатты тарту; сенімгерлік басқарушының, жалдаушының (жалға алушының) кейіннен сатып алу құқығымен мүліктік жалдау (жалға алу) немесе сенімгерлік басқару шартының талаптарын орындауы. Тікелей атаулы сату 4 Мемлекетке тиесілі бағалы қағаздарды әрі қарай бақылауға мүдделілік болмағанда оларды сату; сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту; жекешелендіру объектісінің тиісті қор биржасының биржалық сауда-саттық қағидаларына сәйкестігі. Қор биржасындағы сауда-саттықтар 5 Мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың акцияларына құқықты куәландыратын өтімді бағалы қағаздарды сатудың қажеттігі; сауда-саттыққа қатысушылардың кең ауқымын, оның ішінде шетелдік инвесторларды тарту. Туынды бағалы қағаздарды сату 6 Жекешелендіру объектісінің республикалық бюджет туралы заңда белгіленген, ағымдағы қаржы жылының 1 қаңтарынан әрекет ететін айлық есептік көрсеткіштің 2 500 000 еселенген мөлшерінен асатын баланстық құнында; тәуелсіз консультантты тарту. Екі кезеңді рәсімдер арқылы конкурс 7 Қазақстан Республикасының Yкiметi айқындайтын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік қауiпсiздiгiн, қоршаған табиғи ортасын қорғауды, сыртқы экономикалық жағдайын қозғайтын Объектіні сату. Сауда-саттықты жабық тендер нысанында өткізу