О форуме молодежи Кызылординской области Күшін жойған
Басқа 0
Қызылорда облысының
жастар форумы туралы
«Өңірлік жастар форумы туралы үлгілік қағидаларды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі №244 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде 11153 нөмірімен тіркелген) сәйкес Қызылорда облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса берілген:
Тармақша 1
1) Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша ұйымдастыру комитетінің құрамы;
Тармақша 2
2) Қызылорда облысының жастар форумын өткізу қағидасы бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Қызылорда облысы әкімінің орынбасары Р. Кенжеханұлына жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.
КЕЛІСІЛДІ
«Қазақстан Республикасы Білім
және ғылым министрлігінің
«Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
мемлекеттік университеті»
шаруашылық жүргізу құқығындағы
республикалық мемлекеттік
кәсіпорнының ректоры
___________________ Қ. Бисенов
2016 жылғы «28» наурыз
КЕЛІСІЛДІ
«Қызық орда»
шығармашылық тобы»
қоғамдық қорының төрағасы
___________________А. Тулеганов
2016 жылғы «28» наурыз
КЕЛІСІЛДІ
«Нұр Отан» партиясы жанындағы
«Жас Отан» Жастар қанаты»
қоғамдық бірлестігінің Қызылорда
облыстық филиалының төрағасы
__________________А. Сабанбаев
2016 жылғы «28» наурыз
Басқа 6. Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
Қызылорда облысы әкімдігінің
2016 жылғы «28» наурыздағы
№401 қаулысымен бекітілген
Қызылорда облысының жастар форумын дайындау және өткізу бойынша
ұйымдастыру комитетінің (бұдан әрі-ұйымдастыру комитеті)
құрамы
Қызылорда облысы әкімінің осы салаға жетекшілік ететін орынбасары, ұйымдастыру комитетінің төрағасы;
«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитеті төрағасының орынбасары;
«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бөлім басшысы (немесе міндетін атқарушы), ұйымдастыру комитетінің хатшысы;
Ұйымдастыру комитетінің мүшелері:
«Қызылорда облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасы» мемлекеттік мекемесінің басшысы (немесе міндетін атқарушы);
«Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының ректоры (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);
«Қызылорда облысының жастар саясаты мәселелері басқармасының «Жастар ресурстық орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің директоры (немесе міндетін атқарушы);
«Нұр Отан» партиясы жанындағы «Жас Отан» Жастар қанаты» қоғамдық бірлестігінің Қызылорда облыстық филиалының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша);
«Қызық орда» шығармашылық тобы» қоғамдық қорының төрағасы (немесе міндетін атқарушы), (келісім бойынша).
Басқа 7
2016 жылғы « 28» наурыздағы
Қызылорда облысы әкімдігінің
№ 401 қаулысымен
бекітілген
Қызылорда облысының жастар форумын өткізу
Қағидасы
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Қызылорда облысының жастар форумының қағидасы (бұдан әрі – Қағида) «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» 2015 жылғы 9 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және өңірлік жастар форумын өткізу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Қызылорда облысының жастар форумы (бұдан әрі – Форум) – жергілікті атқарушы органдар мен жастар арасындағы өзара іс-қимылдың өңірлік деңгейін қалыптастыру мақсатында өткізілетін жастар өкілдерінің форумы.
Тармақ 3
3. Форум өз қызметінде Қазақстан Республикасының Конституциясын, «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 9 ақпандағы Заңын, басқа да құқықтық актілерді, сондай-ақ, осы Қағиданы басшылыққа алады.
Тарау 2. 2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
2. Форумның мақсаты, міндеттері және функциялары
Тармақ 4
4. Форумның мақсаты мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылау бойынша мемлекеттік органдардың жастармен және жастар ұйымдарымен диалогы мен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету болып табылады.
Тармақ 5
5. Форумның өңір деңгейіндегі негізгі міндеттері:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдардың жастармен, жастар ұйымдарымен диалогын және өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Тармақша 2
2) мемлекеттік жастар саясатын іске асыру мәселелерін талқылауды қамтамасыз ету;
Тармақша 3
3) мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар әзірлеу болып табылады.
Тармақ 6
6. Форумның негізгі функцияларына:
Тармақша 1
1) жергілікті атқарушы органдар мен жастар ұйымдары өкілдерінің мемлекеттік жастар саясатын іске асыру барысы туралы есептерін тыңдау;
Тармақша 2
2) республикалық жастар форумына қатысу үшін жастар, жастар ұйымдары қатарынан Қызылорда облысының делегаттарын сайлау;
Тармақша 3
3) жергілікті атқарушы органға, сондай-ақ, республикалық жастар форумының қарауына мемлекеттік жастар саясатын жетілдіру бойынша ұсынымдар енгізу жатады.
Тарау 3. 3. Форумның өту тәртібі
3. Форумның өту тәртібі
Тармақ 7
7. Форумды дайындау және өткізуді ұйымдастыру комитеті жүзеге асырады.
Тармақ 8
8. Форум жергілікті атқарушы органмен кемінде екі жылда бір рет шақырылады.
Тармақ 9
9. Форум екі кезеңде өтеді:
Тармақша 1
1) дайындық кезеңі - бұл кезде облыстағы Форум делегаттарының сайлауы өтеді;
Тармақша 2
2) негізгі кезеңі – өңірлік форумды өткізу.
Тармақ 10
10. Өңірлік жастар форумы аудандық (облыстық маңызы бар қала) және облыстық деңгейлерде өтеді.
Тармақ 11
11. Форумда шешім қабылдау Форум делегаттарының ашық дауыс беруі арқылы жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Форумның шешімі көпшілік дауыспен қабылданады.
Тарау 4. 4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
4. Форумда жастар өкілдігін қалыптастыру
Тармақ 13
13. Форум делегаттарының құрамын қалыптастыру аудандарда (облыстық маңызы бар қала) Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған тәртіппен әділет органдарында тіркелген жастар ұйымдарының қатысуымен сайлау арқылы өтеді.
Тармақ 14
14. Форумға аудандардың (облыстық маңызы бар қала) жіберген жастары және жастар ұйымдарының өкілдері қатысады.
Тармақ 15
15. Делегациялардың сандық құрамы Қазақстан Республикасы жастарының жалпы санынан әр ауданның (облыстық маңызы бар қала) жастары санының пайыздық арақатынасына байланысты қалыптастырылады. Форумға қатысу үшін саяси партиялардың, Қазақстан халқы Ассамблеясының, жастар ресурстық орталықтарының, оқу орындарының, мүдделі мемлекеттік органдардың және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері Форум делегаттарының жалпы санының жиырма пайызынан аспайтын көлемде қосымша шақырылуы мүмкін.
Тарау 5. 5. Қорытынды ережелер
5. Қорытынды ережелер
Тармақ 16
16. Форумда қабылданатын шешімдер ұсынымдық сипатта болады.
Тармақ 17
17. Форумда қабылданған ұсынымдар тиісті хаттамамен ресімделеді және жергілікті атқарушы органының, сондай-ақ, республикалық жастар форумының қарауына жолданады.