Об утверждении Правил проведения экспертизы ядерной безопасности и (или) радиационной безопасности, и (или) ядерной физической безопасности Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.09.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидаларын бекіту туралы «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 11 мамырдағы № 284 қаулысымен бекітілген Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Атом энергиясын пайдалану туралы» 2016 жылғы 12 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 5-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленді және ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын (бұдан әрі – сараптама) жүргізу тәртібін белгілейді.
Тармақ 2
2. Сараптаманы қаржыландыру пайдаланушы ұйымның қаражаты немесе Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған басқа да көздер есебінен жүзеге асырылады.
Тарау 2. 2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі
2-тарау. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу тәртібі
Тармақ 3
3. Сараптаманы Қазақстан Республикасының атом энергиясын пайдалану саласындағы заңнамасында белгіленген тәртіппен қызметтің осы түрін жүзеге асыруға атом энергиясын пайдалану саласындағы уәкілетті органда (бұдан әрі – уәкілетті орган) аккредиттелген ұйымдар (бұдан әрі – аккредиттелген ұйым) жүргізеді.
Тармақ 4
4. Сараптама:
Тармақша 1
1) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды орналастыру және салу алаңдарын таңдау жөніндегі жобалау құжаттамасына;
Тармақша 2
2) ядролық қондырғылардың, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғылардың жобалау және пайдалану құжаттамасына;
Тармақша 3
3) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды техникалық жаңғыртуға арналған жобалау құжаттамасына;
Тармақша 4
4) ядролық қондырғыларды, радиациялық қауіптілігі 1 және 2-санаттағы радиациялық қондырғыларды пайдаланудан шығару жөніндегі жобалау және пайдалану құжаттамасына жүргізілуге тиіс.
Тармақ 5
5. Сараптама ядролық және радиациялық қондырғылардың жүйелерінде, жабдығында, жобалау және пайдалану құжаттамасында ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті, (және) немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты өзгерістер болған кезде қайта жүргізіледі. Пайдаланушы ұйым бір мезгілде уәкілетті органды және бұрын ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізген сараптама ұйымын ядролық және радиациялық қондырғының жобалау және пайдалану құжаттамасын ұсына отырып, жоспарланатын өзгерістер туралы жазбаша хабардар етеді
Тармақ 6
6. Атом энергиясы пайдаланылатын объектілерді пайдалануды жүзеге асыратын пайдаланушы ұйым (бұдан әрі – өтініш беруші) аккредиттелген ұйымға сараптама жүргізуге арналған өтінім жібереді.
Тармақ 7
7. Жобалау және пайдалану құжаттамасы қағаз және электронды жеткізгіштерде беріледі.
Тармақ 8
8. Сараптаманы жүзеге асыратын аккредиттелген ұйымдардың басшылары:
Тармақша 1
1) сараптама жүргізу үшін сарапшылар құрамын айқындайды, қажет болған жағдайда отандық және шетелдік мамандарды тартады, бұл ретте Заңның 24-бабының 3-тармағында көрсетілген адамдар сарапшылар ретінде әрекет етпейді;
Тармақша 2
2) сараптама қорытындысына қол қояды.
Тармақ 9
9. Сараптама жүргізу мерзімі аккредиттелген ұйым өтінімді алған күннен бастап үш айдан аспайды.
Тармақ 10
10. Аккредиттелген ұйымдар сараптама жүргізу кезінде ядролық қауіпсіздікті және (немесе) радиациялық қауіпсіздікті, (және) немесе ядролық физикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты есеп-қисап әдістемелерін қолданады.
Тармақ 11
11. Аккредиттелген ұйым сараптама жүргізу нәтижелері бойынша жүргізілген сараптаманың нысанасы мен объектісі туралы ақпаратты, өтініш беруші көздеп отырған немесе жүргізіп жатқан қызметтің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі ұсынымдарды, сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы тұжырымды қамтитын қорытынды береді.
Тармақ 12
12. Ядролық қауіпсіздік және (немесе) радиациялық қауіпсіздік, және (немесе) ядролық физикалық қауіпсіздік сараптамасын жүргізу нәтижелері бойынша сараптама объектісін іске асыру жөнінде шешім қабылдауға жол берілетіні және мүмкін екені туралы қорытынды беріледі.
Тармақ 13
13. Сараптаманың теріс қорытындысы берілген жағдайда өтініш беруші ескертулерді жояды және жобалау мен пайдалану құжаттамасын сараптама жүргізу үшін қайта жібереді. Аккредиттелген ұйым қайта сараптаманы бастапқы (бұрын жобалау мен пайдалану құжаттамасының сараптамасын жүзеге асырған) құрамда жүргізеді. Қайта сараптама жүргізу мерзімі аккредиттелген ұйым өтінімді алған күннен бастап бір айдан аспайды. ______________________