Некоторые вопросы Министерства культуры, информации и общественного согласия Республики Казахстан Күшін жойған

08.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 26.11.2003. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасы Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің кейбір мәселелері туралы Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдеріне мынадай өзгерістер енгізілсін:
Тармақша 1
1) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 499 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 163-құжат): 2-тармақтағы "екі вице-министр" деген сөздер "үш вице-министр" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алынып тасталсын; көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі туралы Ережеде: 16-тармақтың екінші абзацындағы "қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасары - вице-министрі" деген сөздер "қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары - үш вице-министрлері, соның ішінде бір бірінші" деген сөздермен ауыстырылсын; 18-тармақтың 1) тармақшасындағы "вице-министрдің" деген сөздер "вице-министрлердің" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2002.01.11. N 39 қаулысымен.
Тармақша 3
3) "Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Мәдениет комитетінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі N 500 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮКЖ-ы, 1999 ж., N 16, 164-құжат): 1-тармақтың 2) тармақшасының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігіне екі қосымша штат бірлігін ұстау жөніндегі шығыстарды жабуға 2001 жылға арналған республикалық бюджетте табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларды жоюға және өзге де күтпеген шығыстарға көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен 222000 (екі жүз жиырма екі мың) теңге бөлінсін.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі заңнамада белгіленген тәртіппен бөлінетін қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды жүзеге асырсын.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.