Об определении перечня должностей специалистов в области здравоохранения, социального обеспечения, образования, культуры, архивного дела, спорта, ветеринарии, лесного хозяйства и особо охраняемых природных территорий, являющихся гражданскими служащими и работающих в сельской местности Қолданыста
Басқа 0
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі,
спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар
саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесiн айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабы 2) тармақшасына, 139-бабының 9-тармағына, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 27-бабы 2-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау, әлеуметтiк қамсыздандыру, бiлiм беру, мәдениет, архив ісі, спорт, ветеринария, орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi осы қаулының 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7 - қосымшаларына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. «Павлодар облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Ғ. Қ. Сәдібековке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Облыстық мәслихат
сессиясының төрағасы
А. Терентьев
2016 жылғы «15 » сәурдегі
Облыстық мәслихат хатшысының
міндетін атқарушы
А. Оспанова
2016 жылғы «15» сәурдегі
Басқа 5. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың лауазымдар тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«7» сәурдегі № 106/3 қаулысына 1-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн денсаулық сақтау саласындағы
мамандардың лауазымдар тізбесi
1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары.
2. Бөлімше (бөлімше, зертхана, филиал, бөлім) басшысы.
3. Дәріхана (дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бөлімінің) меңгерушісі.
4. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, акушер, диеталық мейіргер, тіс дәрігері (дантист), тіс технигі (тіс протездеу бөлімшесінің зертханашысы), мейіргер, фельдшер, статистик, зертханашы (медициналық), медициналық тіркеуші, провизор (фармацевт), психолог, рентген зертханашысы, психолог-маманы, фармацевт, фельдшер (-зертханашы), әлеуметтік қызметші, қоғамдық денсаулық сақтау маманы (эпидемиолог, статистик, әдіскер), емдік денешынықтыру жөніндегі нұсқаушы, нұсқаушы-дезинфектор.
Басқа 6. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Павлодар облысы
әкімдігінің 2016 жылғы
7 сәуірдегі № 106/3
қаулысына 2-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн әлеуметтiк қамсыздандыру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
Тармақ 2
2. Құрылымдық бөлімше, бөлім, сектор басшысы, бөлімше меңгерушісі.
Тармақ 3
3. Мамандар: барлық мамандықтағы дәрігерлер, нұсқаушы, диеталық мейіргер, мейіргер, қарттарға және мүгедектігі бар тұлғаларға күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, мүгедектігі бар балаларға және психоневрологиялық аурулары бар 18 жастан асқан мүгедектігі бар тұлғаларға күтім көрсету бойынша әлеуметтік қызметкер, әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман, мансап орталығының құрылымдық бөлімше (бөлім, сектор, топ) маманы, әлеуметтік жұмыс жөніндегі ассистент, әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультант, жүзу жөніндегі нұсқаушы, еңбек терапиясы жөніндегі нұсқаушы, медициналық-әлеуметтік мекемелердің (ұйымдардың) әдіскері, арнаулы әлеуметтік қызметтерге қажеттілікті бағалау және айқындау жөніндегі әлеуметтік қызметкер, емдік дене шынықтыру жөніндегі маман, психолог, дефектолог, мансап орталығының әлеуметтік жұмыс жөніндегі консультанты, мансап орталығының ассистенті.
Басқа 10. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
3-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс iстейтiн бiлiм беру саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеменің және қазыналық кәсіпорнының басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
Тармақ 2
2. Шеберхана, зертхана, сектор, бөлімше, кітапхана басшысы (меңгерушісі).
Тармақ 3
3. Мамандар: барлық мамандықтағы мұғалімдер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу ұйымының шебері-оқытушысы, жетекші, тәрбиеші, нұсқаушы, шебер, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беретін оқу ұйымдарының өндірістік оқыту шебері, әдіскер, музыкалық жетекші (негізгі қызмет), педагог-психолог, ұйымдастырушы педагог, әлеуметтік педагог, қосымша білім беретін педагог, барлық мамандықтағы дәрігерлер, диеталық мейіргер, мейіргер, кітапханашы, жаттықтырушы-оқытушы.
Басқа 14. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет, архив ісі, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы 7 сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
4-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және
ауылдық жерде жұмыс iстейтiн мәдениет, архив ісі, саласындағы мамандар лауазымдарының тiзбесi
Тармақ 1
1. Мәдениет және архив ісінің мемлекеттік мекемесі және қазыналық кәсіпорын басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
Тармақ 2
2. Архив, архив қоймасының, кітапхана, әдістемелік кабинет, өндірістік шеберхана басшысы (меңгерушісі), құрылымдық бөлімше, сектор, бөлім, филиал басшысы, көркемдік жетекші, ұжым (үйірме) жетекшісі, музыкалық жетекші.
Тармақ 3
3. Мамандар: аккомпаниатор, барлық атаулардың әртісі, библиограф, кітапханашы, дыбыс режиссері, дыбыс операторы, нұсқаушы, мәдени ұйымдастырушы, әдіскер, суретші, хореограф, қорлардың бас қорғаушысы, архивист, архивші, археограф, экскурсовод, музейлер қорын есепке алу архивисті, режиссер, концертмейстер, хормейстер, репетитор, редактор.
Басқа 18. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«7» сәурдегі № 106/3 қаулысына 5-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн спорт саласындағы мамандардың лауазымдар тізбесi
Тармақ 1
1. Мемлекеттік мекеме және қазыналық кәсіпорын, филиал басшысы және басшысының орынбасары (әкімшілік-шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасарынан басқа).
Тармақ 2
2. Спорт ғимараты, бассейн меңгерушісі.
Тармақ 3
3. Мамандар: нұсқаушы, әдіскер, жаттықтырушы.
Басқа 22. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы
мамандардың лауазымдар тізбесi
Павлодар облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«7» сәурдегі № 106/3 қаулысына 6-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде жұмыс iстейтiн ветеринария саласындағы
мамандардың лауазымдар тізбесi
Тармақ 1
1. Ветеринарлық дәрiгер.
Тармақ 2
2. Ветеринарлық фельдшер.
Басқа 25. Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Павлодар облысы әкімдігінің
2016 жылғы «7» сәуірдегі
№ 106/3 қаулысына
7-қосымша
Азаматтық қызметшілер болып табылатын және ауылдық жерде
жұмыс істейтін орман шаруашылығы және ерекше қорғалатын табиғи
аумақтар саласындағы мамандар лауазымдарының тізбесі
Тармақ 1
1. Облыстық маңызы бар орман шаруашылығының коммуналдық мемлекеттік мекемесінің басшысы және орынбасары.
Тармақ 2
2. Облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеменің орман шаруашылығы басшысы (бас орманшы).
Тармақ 3
3. Облыстық маңызы бар коммуналдық мемлекеттік мекеменің орман шаруашылығы басшысының орынбасары.
Тармақ 4
4. Орманды күзету және қорғау инженері, орманды пайдалану жөніндегі инженер, орманды қалпына келтіру жөніндегі инженер, ағаш отырғызушы-инженер.
Тармақ 5
5. Мамандар: орманшы (инспектор), аңшытанушы, орман (учаске) шебері.