Об определении критериев по выбору видов отчуждения районного коммунального имущества Күшін жойған
Басқа 0
Аудандық коммуналдық
мүлікті иеліктен айыру түрлерін
таңдау жөніндегі өлшемшарттарды
айқындау туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» қаулысына сәйкес, Есіл ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысының орындалуын бақылау Есіл ауданы әкімінің орынбасары Г.Н. Сағнаевка жүктелсін.
Тармақ 3
3. Есіл ауданы әкімдігінің осы қаулысы Ақмола облысы Әділет Департаментінде мемлекеттік тіркелгеннен күннен бастап күшіне енеді және ресми жариаланғаннан күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Есіл ауданы әкімдігінің
2016 жылғы 30 наурыз
№ а-3/116 қаулысына
қосымша
Аудандық коммуналдық мүлікті иеліктен айыру
түрлерін таңдау жөніндегі өлшемшарттар
№ п/п
Өлшемшарттар атауы
Иеліктен айыру түрі
1
Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса.
Аукцион түріндегі жекешелендіру
2
Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса.
тендер түріндегі жекешелендіру