Об утверждении Перечня специальных и транспортных средств, применяемых сотрудниками органов внутренних дел в целях прекращения общественно опасных деяний, задержания и доставления в органы внутренних дел лиц, их совершивших Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.10.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тоқтату, оларды жасаған адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын арнайы және көлік құралдарының тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының ішкі істер органдары туралы" 1995 жылғы 21 желтоқсандағы N 2707 Заң күші бар Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тоқтату, оларды жасаған адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын арнайы және көлік құралдарының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді.
Басқа 3. Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тоқтату, оларды жасаған адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын арнайы және көлік құралдарының Тізбесі
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2001 жылғы 30 қазандағы N 1375 қаулысымен бекітілген Қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді тоқтату, оларды жасаған адамдарды ұстау және ішкі істер органдарына жеткізу мақсатында ішкі істер органдарының қызметкерлері қолданатын арнайы және көлік құралдарының Тізбесі Арнайы құралдар
Тармақ 1
1. Резина таяқтар.
Тармақ 2
2. Қол кісендер.
Тармақ 3
3. Көзден жас ағызатын заттар - гранаталар, патрондар, аэрозольды баллондар ("Черемуха", "Сирень", "Волна" және т.б.), аэрозольды кешен ("Жасмин" және т.б.).
Тармақ 4
4. Жарық-дыбыс құрылғылары ("Заря", "Пламя" және т.б.).
Тармақ 5
5. Түтін шығаратын құрылғылар - түтіндеткіш қол гранаталары ("Факел" және т.б.), бейтарап түтінді шашкалар.
Тармақ 6
6. Көлік құралдарын мәжбүрлеп тоқтатуға арналған құралдар ("ЕЖ" және т.б.).
Тармақ 7. Арнайы көлік құралдары
7. Механикалық әрекеттерден қорғануға арналған бұйымдар - каскалар, қорғанудың 1-4 деңгейіндегі қорғану жилеттері, барлық түрлендірудегі соққыға қарсы қалқандар. Арнайы көлік құралдары
Тармақ 1
1. Кезекші бөлімдердің автомобильдері.
Тармақ 2
2. Күзет бөлімшелерінің ұстап алу топтарының автомобильдері.
Тармақ 3
3. Патрульдік (патрульдік полиция мен жол полициясының) автомобильдер.
Тармақ 4
4. Ішкі істер органдарының жеке құрамын тасымалдау үшін жабдықталған автомобильдер.
Тармақ 5
5. Қызметтік иттері бар полиция нарядтарын тасымалдауға арналған автомобильдер.
Тармақ 6
6. Штаб автомобильдері, жылжымалы байланыс тораптары - автомобильдер.
Тармақ 7
7. Жаппай тәртіпсіздік орындарына ішкі істер органдарының жеке құрамын тасымалдауға арналған бронетранспортерлар.
Тармақ 8
8. Суатқылармен жабдықталған өрт сөндіруші және арнайы автомобильдер.