Об определении критериев по выбору видов отчуждения коммунального имущества города Кокшетау Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.04.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдерді айқындау туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» 2001 жылғы 23 қаңтардағы, «Мемлекеттік мүлік туралы» 2001 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңдарына, «Жекешелендіру объектілерін сату қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2011 жылғы 9 тамыздағы № 920 қаулысына сәйкес, Көкшетау қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер осы қаулының қосымшасына сәйкес айқындалсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Көкшетау қаласы әкімінің орынбасары Ш.Н. Сәдуақасовқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Көкшетау қаласы әкімдігінің 2016 жылғы 19.04 № А-4/833 қаулысына қосымша Көкшетау қаласының коммуналдық мүлігін иеліктен айыру түрлерін таңдау бойынша өлшемдер № р/т Өлшемдердің атауы Иеліктен айыру түрі 1 Егер мемлекеттің алдағы уақытта мемлекеттік меншік объектісін бақылауда мүдделігі болмаса Аукцион түріндегі жекешелендіру 2 Сату шартын бекіту арқылы уақыттың қандай да бір кезеңіне мемлекет тарапынан бақылауды сақтау қажеттілігі болса Тендер түріндегі жекешелендіру