Об утверждении Положения Государственного учреждения "Отдел земельных отношений Талгарского района" Күшін жойған

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 23.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесін бекіту туралы «Мемлекеттік мүлік туралы» 2011 жылғы 1 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 18-бабының 8) тармақшасына және «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығына сәйкес, Талғар ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің Ережесі осы қаулының қосымшасына сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы Тыныбай Мақсат Молдашұлына осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудан әкімдігінің интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Тойбаев Абдыгали Абдыхановичке жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Талғар ауданы әкімдігінің 2016 жылғы «19» қаңтардағы № «01-40» қаулысымен бекітілген қосымша «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі туралы Ереже
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Бөлім) Талғар ауданы аумағында жер қатынастары саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Бөлімнің ведомстволары жоқ.
Тармақ 3
3. Бөлім өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Бөлім мемлекеттік мекеме ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 5
5. Бөлім азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 6
6. Бөлімгеегер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 7
7. Бөлім өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Бөлім басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен рәсімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 8
8. Бөлімнің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 9
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: индекс 041600, Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Талғар ауданы, Талғар қаласы, Рысқұлов көшесі, № 72.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік органның толық атауы – «Талғар ауданының жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 11
11. Осы Ереже Бөлімнің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 12
12. Бөлімнің қызметін қаржыландыру республикалық және жергілікті бюджеттерінен жүзеге асырылады.
Тармақ 13
13. Бөлімге кәсіпкерлік субъектілерімен Бөлімнің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. Егер Бөлімге заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберіледі.
Тарау 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 14
14. Бөлімнің миссиясы: жер қатынастарын реттеу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру.
Тармақ 15
15. Міндеттері:
Тармақша 1
1) жер учаскесіне меншік құқығы мен жер пайдалану құқығы туындауының, өзгертілуі мен тоқтатылуының негіздерін, шарттары мен шектерін, жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру тәртібін белгілеу;
Тармақша 2
2) жерді ұтымды пайдалану мен қорғауды, топырақ құнарлығын ұдайы қалпына келтіріп отыруды, табиғи ортаны сақтау мен жақсартуды қамтамасыз ету мақсатында жер қатынастарын реттеу;
Тармақша 3
3) шаруашылық жүргізудің барлық нысандарын тең құқықпен дамыту үшін жағдайлар жасау;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалар мен мемлекеттің жерге құқықтарын қорғау;
Тармақша 5
5) жылжымайтын мүлік рыногын жасау және дамыту;
Тармақша 6
6) жер қатынастары саласында заңдылықты нығайту.
Тармақ 16
16. Функциялары:
Тармақша 1
1) Талғар ауданы әкімдігінің жер учаскелерін беру және олардың нысаналы мақсатын өзгерту жөніндегі ұсыныстары мен қаулылардың жобаларын дайындау;
Тармақша 2
2) Талғар ауданы әкімдігінің іздестіру жұмыстарын жүргізу үшін жер учаскелерін пайдалануға рұқсат беруі жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 3
3) жерді резервке қалдыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 4
4) жерді аймақтарға бөлу жобаларын, жерді ұтымды пайдалану жөніндегі жобалары мен схемаларын әзірлеуді ұйымдастыру;
Тармақша 5
5) ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
Тармақша 6
6) аудан бойынша жер сауда-саттығын (конкурстар, аукциондар) жүргізуді ұйымдастыру;
Тармақша 7
7) Талғар ауданының жер балансын жасау;
Тармақша 8
8) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорттарын беру;
Тармақша 9
9) жер учаскесін сатып алу-сату шарттары мен жалдау және жерді уақытша өтеусіз пайдалану шарттарын жасасу және жасалған шарттар талаптарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру;
Тармақша 10
10) иесі жоқ жер учаскелерін анықтау және оларды есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастыру;
Тармақша 11
11) мемлекеттік мұқтажы үшін жер учаскелерін мәжбүрлеп иеліктен шығару жөнінде ұсыныстар дайындау;
Тармақша 12
12) жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;
Тармақша 13
13) мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту;
Тармақша 14
14) жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;
Тармақша 15
15) жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;
Тармақша 16
16) жер учаскелерінің меншік иелері мен жер пайдаланушылардың, сондай-ақ жер құқығы қатынастарының басқа да субъектілерінің есебін жүргізу;
Тармақша 17
17) пайдаланылмай жатқан және Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылып жатқан жерді анықтау;
Тармақша 18
18) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де функцияларды жүзеге асыру.
Тармақ 17
17. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Бөлімнің құзыретіне кіретін мәселелерді шешу бойынша аудан әкімінің және аудандық мәслихаттың қарауына ұсыныстар енгізу;
Тармақша 2
2) мемлекеттік органдардан және өзге де ұйымдардан өз қызметіне қажетті ақпаратты заңнамада белгіленген тәртіппен сұрату және алу;
Тармақша 3
3) оперативті басқару құқығымен қарасты мүліктерді пайдалануды жүзеге асыру;
Тармақша 4
4) жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақытылы және сапалы қарау;
Тармақша 5
5) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өз құзыреті шегінде өзге де құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру.
Тарау 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 18
18. Бөлімге басшылықты Бөлімге жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын бірінші басшы жүзеге асырады.
Тармақ 19
19. Бөлімнің бірінші басшысын Талғар ауданының әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 20
20. Бөлімнің бірінші басшысының орынбасарлары жоқ.
Тармақ 21
21. Бөлімнің бірінші басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1) Бөлімнің қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерін өз құзыреті шегінде айқындайды;
Тармақша 2
2) Бөлімнің қызметкерлерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес қызметке тағайындайды және босатады;
Тармақша 3
3) Бөлімнің қызметкерлерін заңнамада белгіленген тәртіппен ынталандырады және тәртіптік жазалар қолданады;
Тармақша 4
4) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдар мен басқа да ұйымдарда өз құзыреті шегінде Бөлімнің мүддесін білдіреді;
Тармақша 6
6) Бөлімде сыбайлас жемқорлыққа қарсы әрекет етеді, сол үшін жеке жауапкершілік алуды белгілейді;
Тармақша 7
7) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Бөлімнің бірінші басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
Тарау 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 22
22. Бөлімде заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Бөлімнің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 23
23. Бөлімге бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 24
24. Егер заңнамада өзгеше көзделсе, Бөлім, өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Тарау 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 25
25. Бөлімді қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.