Об утверждении перечня энзоотических болезней животных, профилактика и диагностика которых осуществляется за счет бюджетных средств Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.05.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесін бекіту туралы «Ветеринария туралы» 2002 жылғы 10 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабындағы 1-тармағының 17-3) тармақшасына сәйкес, Ақмола облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Ақмола облысы әкiмiнiң бірінші орынбасары Қ.М. Отаровқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы Ақмола облысының Әділет департаментінде тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4. Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі
Акмола облысы әкімдігінің 2016 жылғы 7 сәуірдегі № А-5/157 қаулысымен бекітілген Профилактикасы мен диагностикасы бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылатын жануарлардың энзоотиялық ауруларының тізбесі Ірі қара мал аурулары: гиподерматоз (тері асты бөгелегі) Жылқы аурулары: сақау, сальмонеллезді іш тастау, эпизоотиялық лимфангит.