Об утверждении положения государственного учреждения «Управление по развитию языков Восточно-Казахстанской области» Күшін жойған

11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 12.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
«Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 27-бабының 2-тармағына және 39-бабына, «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 1 наурыздағы Заңының 17 – бабының 7) тармақшасына, 164-бабына сәйкес Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесі бекітілсін.
Тармақ 2
2. «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің ережесін бекіту туралы» Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2015 жылғы 25 қарашадағы № 317 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4271 нөмірімен тіркелген, 2016 жылғы 15 қаңтардағы № 4 (17244) «Дидар», 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 4 (19756) «Рудный Алтай» газеттерінде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.
Тармақ 3
3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
Басқа 4. «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Шығыс Қазақстан облысы әкімдігінің 2016 жылғы «16» мамырдағы № 139 қаулысымен бекітілген «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі туралы ереже
Бөлім 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі – Басқарма) Шығыс Қазақстан облысы аумағында тіл саясаты саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
Тармақ 2
2. Басқарма өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және зандарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
Тармақ 3
3. Басқарма мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес қазынашылық органдарында шоттары болады.
Тармақ 4
4. Басқарма азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
Тармақ 5
5. Басқарманың, егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
Тармақ 6
6. Басқарма өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен Басқарма басшысының бұйрықтарымен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
Тармақ 7
7. Басқарманың құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
Тармақ 8
8. Заңды тұлғаның орналасқан жері: Қазақстан Республикасы, Шығыс Қазақстан облысы, индексі 070004, Өскемен қаласы, Қ. Қайсенов көшесі, 121.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік органның толық атауы - «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Тармақ 10
10. Осы Ереже «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
Тармақ 11
11. Басқарманың қызметін қаржыландыру Шығыс Қазақстан облысының бюджетінен жүзеге асырылады.
Тармақ 12
12. Басқармаға кәсіпкерлік субъектілерімен Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Бөлім 2. 2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттері
Тармақ 13
13. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының миссиясы: Қазақстан халқының ұлтық бірлігін нығайтудың факторы ретінде төзімді тілдік орта жасау.
Тармақ 14
14. Міндеттері:
Тармақша 1
1) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіруші қызметін кеңейту;
Тармақша 2
2) облыстағы тілдік әралуандықты сақтау.
Тармақ 15
15. Функциялары:
Тармақша 1
1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлімшелерінің және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 2
2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңдарында белгіленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
Тармақша 4
4) мемлекеттік тілді және басқа тілдерді дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенін жүзеге асырады;
Тармақша 5
5) облыстық ономастикалық комиссиясының қызметін қамтамасыз етеді;
Тармақша 6
6) жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
Тармақ 16
16. Құқықтары мен міндеттері:
Тармақша 1
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында көзделген көлемде оған жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін қажет құжаттарды, ақпарат пен материалдарды мемлекеттік органдар мен ұйымдардан сұрау және алу;
Тармақша 2
2) тілдерді дамыту мәселелері бойынша әлеуметтік зерттеулер жүргізу үшін шарт негізінде ғалымдар мен мамандарды тарту;
Тармақша 3
3) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды және міндеттерді жүзеге асыру.
Бөлім 3. 3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
Тармақ 17
17. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына басшылықты Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басқарма басшысы жүзеге асырады.
Тармақ 18
18. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының басшысын облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
Тармақ 19
19. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысының өкілеттігі:
Тармақша 1
1)құрылымдық бөлімшелер басшыларының міндеттері мен өкілеттіктерін анықтайды;
Тармақша 2
2)заңнамаға сәйкес басқарма қызметкерлерін лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады;
Тармақша 3
3)заңнамада белгіленген тәртіппен басқарма қызметкерлерін көтермелейді, тәртіптік жаза қолданады;
Тармақша 4
4)өз құзіреті шегінде Басқарма қызметкерлері мен ведомстволық ұйымдар орындауға міндетті бұйрықтар шығарады, нұсқаулар береді, қызметтік құжаттамаларға қол қояды;
Тармақша 5
5) мемлекеттік органдарда және өзге де ұйымдарда «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің атынан шығады, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда «Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
Тармақша 6
6) бөлімдер туралы ережелерді бекітеді;
Тармақша 7
7) белгіленген тәртіппен қаржылық-экономикалық және шаруашылық қызмет мәселелерін шешеді, бюджет қаражатының ұтымды және мақсатты пайдаланылуын бақылайды;
Тармақша 8
8) Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының қызметінде заңдылықтың, шарттық және қаржылық тәртіптің сақталуын қамтамасыз етеді;
Тармақша 9
9) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-әрекет бойынша қажетті іс-шаралар қабылдайды және оған дербес жауапты болады;
Тармақша 10
10) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіптік даярлығына сәйкес олардың мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
Тармақша 11
11) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасы басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
Бөлім 4. 4. Мемлекеттік органның мүлкі
4. Мемлекеттік органның мүлкі
Тармақ 20
20. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болу мүмкін. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді қоса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
Тармақ 21
21. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасына бекітілген мүлік облыстық коммуналдық меншікке жатады.
Тармақ 22
22. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
Бөлім 5. 5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Тармақ 23. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
23. Шығыс Қазақстан облысының тілдерді дамыту жөніндегі басқармасын қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Қарамағындағы ұйымдардың тізбесі «Шығыс Қазақстан лингвистикалық орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорны.