О проведении осенне-посадочных работ по озеленению населенных пунктов области Күшін жойған
Басқа 0
Облыстың елдi мекендерiн көгалдандыру жөнiндегi күзгi-отырғызу жұмыстарын өткiзу туралы
📌 Ескерту. Күші жойылды - Атырау облысы әкімінің 20.12.2004 № 248 шешімімен.
Көгалдандыру және көрiктендiру жөнiндегi шараларды жүзеге асыру және облыстың елдi мекендерiнiң санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында ШЕШІМ ЕТЕМІН:
Тармақ 1
1. 15 қыркүйек және 15 қараша аралығында санитарлық тазалық бойынша көрiктендiру, облыстың елдi мекендерiн көгалдандыру және көрiктендiру бойынша екi айлық өткiзiлсiн.
📌 Ескерту. 1-тармақ өзгертілді - Атырау облысы әкiмiнiң 2001 жылғы 1 қазандағы N 311 шешiмiмен.
Тармақ 2
2. Қала және аудан әкiмдерi үстiмiздегi жылдың 15 қыркүйегiне дейiн:
Тармақша 1
1) алынып тасталды
Тармақша 2
2) Ағаштар мен бұталарды отырғызу жөнiндегi жұмыстардың орындалуы үшiн меншiк түрлерiнен тәуелсiз облыстың кәсiпорындары мен ұйымдарының жанындағы көгал аумақтарын бекiту туралы мәселе шешiлсiн;
Тармақша 3
3) барлық аудан орталықтарында, Атырау қаласының жеке секторында жоспарлы-реттеу санитарлық тазалық жұмыстары ұйымдастырылсын.
📌 Ескерту. 2-тармақтың 1-тармақшасы алынып тасталды - Атырау облысы әкiмiнiң 2001 жылғы 1 қазандағы N 311 шешiмiмен.
Тармақ 3
3. алып тасталды
📌 Ескерту. 3-тармақ алынып тасталды - Атырау облысы әкiмiнiң 2001 жылғы 1 қазандағы N 311 шешiмiмен.
Тармақ 4
4. Коммуналдық меншiк, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы департаментi (В.Оспанов) Атырау облысын көгалдандыру мәселесiндегi негiзгi бағыттарды өңдеу мақсатында аумақтық орман және биоресурстар жөнiндегi басқармамен және қоршаған ортаны қорғау жөнiндегi басқармамен бiрiгiп осы жылдың 15 қазанға дейiн орман, балық, аң аулау шаруашылығы Комитеттерi өкiлдерiнiң және мамандандырылған институттардың мiндеттi қатысуымен жиналыс өткiзсiн.
📌 Ескерту. 4-тармақ өзгертілді - Атырау облысы әкiмiнiң 2001 жылғы 1 қазандағы N 311 шешiмiмен.
Тармақ 5
5. Осы шешiмнiң орындалуын бақылау облыс әкiмiнiң орынбасары Қ.Ищановқа жүктеледi.