О повышении базовых ставок земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по городу Актобе Күшін жойған
Басқа 0
Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын
ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін арттыру туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабына, «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» Қазақстан Республикасының 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Кодексінің 509-бабының 5-тармағына сәйкес, Ақтөбе қалалық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Ақтөбе қаласы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы
жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес он есеге арттырылсын.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілсін.