Государственный норматив по формированию и представлению технико-экономических обоснований и проектно-сметной документации в электронно-цифровой форме в экспертные организации и в Единый государственный электронный банк предпроектной и проектной (проектно-сметной) документации на строительство объектов, финансируемых за счет государственных инвестиций и средств субъектов квазигосударственного сектора Күшін жойған

06.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 21.01.2026. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативті бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 936 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі туралы ереженің 16-тармағының үшінші абзацының 489) тармақшасына және Қазақстан Республикасы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы № 55 бұйрығымен бекітілген «Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті» республикалық мемлекеттік мекемесі ережесінің 14-тармағының 46) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
Тармақ 1
1. Осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-сандық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив бекітілсін.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің Құрылыстағы сметалық нормалар басқармасы заңнамада белгіленген тәртіппен:
Тармақша 1
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
Тармақша 2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның мерзімді баспасөз басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін, сондай-ақ тіркелген бұйрықты алған күннен бастап бес жұмыс күн ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына жіберуді;
Тармақша 3
3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитетінің ресми интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
Тармақ 3
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы бұйрық 2016 жылғы 1 қыркүйектен бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға жатады.
Басқа 1. Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері және жер ресурстарын басқару комитеті төрағасының 2016 жылғы 21 ақпандағы № 106-нқ бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив
Тарау 1. 1-тарау. Жалпы ережелер
1-тарау. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы «Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік норматив» (бұдан әрі – Мемлекеттік норматив) Қазақстан Республикасының сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласындағы заңнаманың талаптарына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Мемлекеттік норматив сараптамалық ұйымдар мен мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкіне (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық банк) ұсынылатын техникалық-экономикалық негіздемелердің және жобалау-сметалық құжаттамасының электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптарды қамтиды.
Тармақ 3
3. Осы Мемлекеттік нормативте мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
Тармақша 1
1) жобаның және/немесе жұмыс жобасының электрондық-цифрлық нысандағы паспорты (бұдан әрі – жобаның электрондық паспорты) – негізгі қасбеттердің, жоспарлардың және бөліністердің (қималардың) схемалық бейнесі, қысқаша сипаттамасы және негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштері, оның ішінде пайдалану сипаттамалары келтірілетін электрондық құжат;
Тармақша 2
2) жобалау-сметалық құжаттама (ЖСҚ) – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді, сондай-ақ құрылысты, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған сметалық есептерді қамтитын құжаттама;
Тармақша 3
3) құрылыс объектілерінің электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелері (бұдан әрі – ЭТЭН) – инвестициялау мақсатын, инвестициялар тиімділігінің негіздемелерін сипаттап, негізгі бастапқы деректерден тұратын электрондық құжаттар мен файлдардың логикалық құрылымдалған және ұйымдастырылған жиынтығы, оның ішінде: объектінің (кешеннің) жұмыс істеуінен күтілетін экономикалық, әлеуметтік және (немесе) коммерциялық тиімділік, сондай-ақ, құрылыс объектісінің негізгі техникалық және технологиялық өлшемдері туралы мәліметтер және объектінің техникалық-экономикалық көрсеткіштерінің айқындамасы бар есептер;
Тармақша 4
4) Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалық-сметалық) құжаттамасының бірыңғай мемлекеттік электрондық банкі (бұдан әрі – Бірыңғай электрондық банк) – Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіппен бекітілген мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған электрондық жеткізгіштердегі жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттама;
Тармақша 5
5) объект құрылысының электрондық-цифрлық нысандағы жобалау-сметалық құжаттамасы (бұдан әрі – ЭЖСҚ) – көлемдік-жоспарлау, конструкциялық, технологиялық, инженерлік, табиғат қорғау, экономикалық және өзге де шешімдерді қамтитын электрондық құжаттар мен файлдардың қисындық жағынан құрылымдалған және ұйымдастырылған жиынтығы, сондай-ақ құрылысты, аумақты инженерлік дайындауды, абаттандыруды ұйымдастыруға және жүргізуге арналған сметалық есептер;
Тармақша 6
6) техникалық-экономикалық негіздеме (бұдан әрі – ТЭН) – негізгі техникалық, технологиялық және өзге де шешімдер туралы мәліметтерді, сондай-ақ, негізгі техникалық-экономикалық параметрлерді айқындай отырып, пайданы және шығындарды экономикалық талдау негізінде жүргізілетін бюджеттік инвестициялық жобаның жүзеге асырушылығы мен тиімділігін зерделеу нәтижелерін қамтитын құжат;
Тармақша 7
7) файл – бағдарламадан тыс сыртқы жақта орналасатын және арнайы операциялар арқылы бағдарламаға қол жетімді болатын деректер түрінде нақты бағдарламада толық сипатталған даналардың сәйкестендірілген жиынтығы;
Тармақша 8
8) электрондық құжат – ақпарат электрондық-цифрлық нысанда ұсынылған және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
Тармақша 9
9) электрондық тасығыш – ақпаратты электрондық нысанда сақтауға, сондай-ақ, оны техникалық құралдардың көмегімен жазуға немесе көрсетуге арналған материалдық тасығыш;
Тармақша 10
10) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрі – ЭЦҚ) – электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың анықтығын, оның тиістілігін және мазмұнының өзгермейтіндігін растайтын электрондық цифрлық нышандар жиынтығы.
Тарау 2. 2-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар
2-тарау. Техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамаларға электрондық-цифрлық нысанына қойылатын талаптар
Тармақ 4
4. Электрондық-цифрлық нысанда ЖСҚ бөлімдерінің құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Индустрия және сауда министрлігі Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері комитеті Төрағасының 2007 жылғы 29 мамырдағы № 163 бұйрығымен бекітілген Құрылысқа арналған техникалық-экономикалық негіздемелерді әзірлеу, келісу, бекіту және құрамы туралы ережелердің Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес қалыптастырылады және қағаз тасығыштағы құжаттаманың түпнұсқасына толық ұқсас.
Тармақ 5
5. Электрондық-цифрлық нысандағы ЖСҚ құрамына және мазмұнына қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының Құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық істері агенттігінің 2011 жылғы 29 желтоқсандағы № 540 бұйрығымен бекітілген Құрылыстың жобалық құжаттамасын әзірлеу, келісу, бекіту тәртібі мен құрамының Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларына сәйкес қалыптастырылады және қағаз тасығыштағы құжаттаманың түпнұсқасына толық ұқсас.
Тармақ 6
6. Жоба бөлімдерінің әрқайсысы бойынша кешенді ведомстводан тыс сараптама жүргізу үшін ТЭН мен ЖСҚ ұсыну кезінде Тапсырыс беруші мынадай тәсілдердің бірімен электрондық құжаттарды қалыптастырады:
Тармақша 1
1) қағаз түпнұсқаларды сканерлеу;
Тармақша 2
2) қағаз тасығышта шығарусыз электрондық-цифрлық нысанның негізінде электрондық құжаттарды қалыптастырады.
Тармақ 7
7. Жобаның мәтіндік және графикалық бөлігінің қағаз түпнұсқаларын сканерлеу тәсілімен ЭЖСҚ және ЭТЭН қалыптастыру мынадай талаптарды ескере отырып, жүргізіледі:
Тармақша 1
1) жоба бөлімдерінің мәтіндік және графикалық бөлігінің сканерленген материалдарын мынадай қағидат бойынша PDF форматының көп бетті файлдары түрінде қалыптастыру қажет: «жобаның бір бөлімі (кіші бөлімі) – бір том (кітап) – бір файл»;
Тармақша 2
2) «бір бет - бір сызба - бір файл» қағидаты бойынша құжаттаманы қалыптастыруға жол берілмейді;
Тармақша 3
3) PDF файлдарында мазмұны бойынша және кестелер мен суреттердің толық тізбесі бойынша бетбелгі жасау қажет;
Тармақша 4
4) сканерлеу құжаттың түпнұсқасынан тікелей жүзеге асырылуы тиіс (ксерокөшірмеден сканерлеуге жол берілмейді);
Тармақша 5
5) құжатта кез келген графикалық бейнелер болмаған кезде сканерлеу құжаттағы мәтін қара түсті болуы шартымен қара-ақ режимде жүзеге асырылады;
Тармақша 6
6) құжатта түрлі-түсті графикалық бейнелер немесе түрлі-түсті мәтін болған кезде құжатты түрлі-түсті режимде сканерлеу қажет;
Тармақша 7
7) құжатта түрлі-түстіден өзгеше бейнелер болған кезде сканерлеуді құжаттағы мәтіннің қара түсті болуы шартымен «Қоңыр түс» режиміне жүзеге асыру қажет;
Тармақша 8
8) ЖСҚ (ТЭН) мәтіндік бөлігіндегі файлдарды 300 dpi рұқсатымен сканерлеу қажет;
Тармақша 9
9) ЖСҚ (ТЭН) бөлігінің графикалық бөлігінің файлдары А4, А3, А2 форматы үшін кем дегенде 300 dpi (еселік форматтарды қоса алғанда) және А1 және А0 форматы үшін кем дегенде 400 dpi (еселік форматтарды қоса алғанда) рұқсатымен сканерленеді;
Тармақша 10
10) ЖСҚ (ТЭН) бөлімін (кіші бөлімін), томды (кітапты) білдіретін электрондық-цифрлық нысандағы құжаттаманың әр файлы уәкілетті тұлғаның электрондық-цифрлық қолымен (бұдан әрі – ЭЦҚ) куәландырылады.
Тармақ 8
8. Қағаз тасығышта шығарусыз электрондық-цифрлық нысанның түпнұсқасы негізінде ЭЖСҚ және ЭТЭН қалыптастыру мынадай талаптарды ескере отырып, жүргізіледі:
Тармақша 1
1) ЖСҚ (ТЭН) мәтіндік бөлігінің электрондық-цифрлық нысаны көп бетті PDF-файлдың форматында файлды тікелей жариялау жолымен дайындалады;
Тармақша 2
2) ЖСҚ (ТЭН) графикалық бөлігінің электрондық-цифрлық нысаны DWF, DWFX форматының көп бетті файлдарындағы файлдарды тікелей жариялау жолымен дайындалады;
Тармақша 3
3) қағаз тасығыштарда алынған және қабылданған тәртіппен келісілген үшінші ұйымдардан (мердігерлік, пайдаланушы) құжаттарды ЭЖСҚ құрамына енгізу осы Мемлекеттік нормативтің 7-тармағының талаптарына сәйкес жүргізіледі;
Тармақша 4
4) ЖСҚ (ТЭН) электрондық-цифрлық нысаны «жобаның бір бөлімі (кіші бөлімі) – бір том (кітап) – бір файл» қағидаты бойынша жинақталады. ЖСҚ бөлімінің (кіші бөлімінің) мәтіндік және графикалық бөліктері үшін жекелеген кітаптарды (файлдарды) жинақтауға рұқсат беріледі. «Бір бет - бір сызба - бір файл» қағидаты бойынша құжаттаманы қалыптастыруға жол берілмейді.
Тармақ 9
9. Егер, ЖСҚ (ТЭН) қалыптастыру кезінде жобаның графикалық бөлігінің негізіне айналған объектінің немесе оның жекелеген бөліктерінің (бөлімдерінің/кіші бөлімдерінің) 3D моделі әзірленсе, онда жобалаушы жобаланатын объектінің 3D моделін сараптамаға жібереді. Бұл жағдайда жобаның тиісті бөлімінің графикалық бөлігінің құрамына 3D моделдің жекелеген компоненттерін, түрлерін, тораптарын немесе 3D моделді толықтай енгізу қажет. Бұл үшін ЖСҚ (ТЭН) кешенінің берілетін графикалық бөлігі объектінің 3D моделімен толықтырылады. 3D модель немесе оның жекелеген бөлшектері 3D PDF, 3D DWF немесе 3D DWFX жариялау үшін редакцияланбайтын форматта ұсынылуы мүмкін.
Тармақ 10
10. Қағаз тасығышта шығарусыз режимінде ЭЖСҚ (ЭТЭН) куәландыру мынадай тәсілдердің бірімен жүзеге асырылады:
Тармақша 1
1) ЖСҚ (ТЭН) норма бақылауды әзірлеуге және келісуге қатысатын әрбір тұлға өз ЭЦҚ-мен электрондық құжатты (бұдан әрі - ЭҚ) куәландырады. Куәландыру тәртібі жобалаушы ұйымның ішкі регламенттерімен айқындалады. Толық дайындалған ЭҚ-ға Тапсырыс беруші ЭЦҚ қол қояды;
Тармақша 2
2) барлық жауапты тұлғалардың ЭЦҚ қамтамасыз ету мүмкін емес болған жағдайда жобаның жекелеген құжаттарына, кітаптарына, бөлімдеріне (томдарына) ақпараттық-куәландыру парағын (бұдан әрі - КП) рәсімделеді. КП-да оларға шығарылған тиісті ЭҚ әзірлеген, тексерген, келіскен және бекіткен тұлғалардың тектері мен түпнұсқа қолдары ЭҚ белгілеуі көрсетіледі. ЭҚ пен КП әзірлеген тұлғаның қолы және норма бақылау міндетті болып табылады. «Күні» тиісті бағанындағы КП-да бекітілген файлдың соңғы өзгерісінің күні мен уақыты көрсетіледі. КП ресімдеу бойынша ұсынымдар 2.051-2006 «Электрондық құжаттар» МЕСТ-те бар. Қағаз тасығышта толық ресімделген КП PDF форматында сақтаумен сканерленеді, Тапсырыс берушінің ЭЦҚ куәландырылады, одан кейін бір кітапқа (файлға) тігіледі және сараптамадан өту үшін беріледі.
Тармақ 11
11. Сметалық құжаттаманы осы Мемлекеттік нормативтің 7, 8-тармақтарының талаптарына сәйкес жергілікті ресурстық сметалардың шығыс деректері мен есебі нәтижелерін ұсынудың әмбебап форматында (бұдан әрі – KENML форматы) және PDF форматында электрондық құжат түрінде бір мезгілде ұсыну қажет. Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру форматының сипаттамасы және мақсаты осы Мемлекеттік нормативтің 1-қосымшасына сәйкес ұсынылады. Сметалық-есептік бағдарламалардың осы Мемлекеттік нормативке 2-қосымшаға сәйкес жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматын (ХМL негізінде KENML) техникалық сипаттауда ұсынылған талаптарға сәйкес KENML форматында сметалық есептердің шығыс деректері мен есеп нәтижелерін жүктеудің техникалық мүмкіндігі болуы тиіс.
Тармақ 12
12. Файлдардың атауы титулды парақтарда, негізгі мәтіндік және графикалық құжаттардағы жазбаларда (мөртаңбаларда) және жобалау құжаттамасының құрамында көрсетілген атауларына сәйкес келуі тиіс.
Тармақ 13
13. Қалыптастырылған электрондық құжат материалдарының құрамы және оларды ұсыну нысаны оларды басып шығару кезінде пайдаланушының тарапынан қандай да бір қосымша іс-әрекеттерді – құжаттың толық қағаз көшірмесін дайындауды басып шығару кезінде осындай түрде ұсынылуы қажет. Графикалық бейнелеу масштабы бойынша да және түсті бейнелеу бойынша да түпнұсқаға сәйкес келуі тиіс және қарау үшін оңтайландырылуы тиіс.
Тармақ 14
14. Тапсырыс беруші сараптама ұйымының сұрау салуы бойынша анықтама материалы ретінде файлдарды/электрондық құжаттарды ЭЖСҚ және/немесе ЭТЭН құру пайдаланатын бағдарламалар файлдардың форматында ұсынады.
Тарау 3. 3-тарау. Сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай электрондық банкке техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды электрондық-цифрлық нысанда беру
3-тарау. Сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай электрондық банкке техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамаларды электрондық-цифрлық нысанда беру
Тармақ 15
15. Сараптамалық ұйымдарға ТЭН-ді және ЖСҚ-ны электрондық-цифрлық нысанда беру Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10722 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 1 сәуірдегі № 299 бұйрығымен бекітілген Қаржыландыру көздеріне қарамастан, жаңаларын салуға, сондай-ақ, бұрыннан бар үйлер мен ғимараттарды, олардың кешендерін, инженерлік және көлік коммуникацияларын өзгертуге (реконструкциялауға, кеңейтуге, техникалық қайта жарақтандыруға, жаңғыртуға және күрделі жөндеуге) арналған техникалық-экономикалық негіздемелерге және жобалау-сметалық құжаттамасына ведомстводан тыс кешенді сараптама жүргізу қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілері қаражатының есебінен қаржыландырылатын қаражат есебінен әзірленген жобаларды Бірыңғай электрондық банкке енгізу Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 19 қарашадағы №705 бұйрығымен бекітілген, Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12422 болып тіркелген Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаттары есебінен қаржыландыралатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттаманың бірыңғай мемлекеттік электрондық банкін қалыптастыру қағидаларына сәйкес жүзеге асырылады.
Басқа 1-1. Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру форматының сипаттамасы және мақсаты
Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативке 1-қосымша Жергілікті ресурстық сметалар есебінің нәтижелерін беру форматының сипаттамасы және мақсаты
Тармақ 1
1. Жергілікті сметалардың бастапқы деректерін және есеп нәтижелерін сақтау мен берудің әмбебап форматы мынадай:
Тармақша 1
1) жобалау процесіне қатысушылар арасында бастапқы деректермен және есеп нәтижелерімен алмасу;
Тармақша 2
2) сметалардың сараптамасын орындау;
Тармақша 3
3) электрондық мұрағатты бірыңғай форматта қалыптастыру мақсатына арналған.
Тармақ 2
2. Әмбебап форматы UTF-8 (RFC 3629) кодтауда XML (RFC 3023) форматының файлын білдіреді, бұл бір файлда көптеген тілді және арнайы нышандарды пайдалануға мүмкіндік береді. XML тіліне негізделген деректерді сақтаудың ашық форматын пайдалану идеологиясы пайдаланушыларға құжатпен жұмыс істеу үшін мәтіндік редакторға дейін кез келген бағдарламалық қамтамасыз етуді таңдауға мүмкіндік береді. Сметалық есептердің барлық нәтижелерін бірыңғай форматта сақтау қажет болған жағдайда бағдарламалық қамтамасыз етуді жеткізушіні ауыртпалықсыз ауыстыруға мүмкіндік береді. Бұдан өзге, бірыңғай ашық форматтағы нәтижелермен алмасу жобалау процесіне барлық қатысушыларды бір бағдарламалық өнімде жұмыс істеуге міндеттемейді.
Басқа 1-2. Жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматының (XML негізінде KENML) техникалық сипаттамасы
Мемлекеттік инвестициялардың және квазимемлекеттік сектор субъектілерінің қаражаты есебінен қаржыландырылатын объектілердің құрылысына арналған жоба алдындағы және жобалау (жобалау-сметалық) құжаттамасын сараптамалық ұйымдарға және Бірыңғай мемлекеттік электрондық банкке электрондық-цифрлық нысандағы техникалық-экономикалық негіздемелерді және жобалау-сметалық құжаттамасын қалыптастыру және ұсыну жөніндегі мемлекеттік нормативке 2-қосымша Жергілікті сметалар файлдарының әмбебап форматының (XML негізінде KENML) техникалық сипаттамасы Торап Атрибут Типі Мәні ҚҰЖАТ Файлдың негізгі торабы Формат нұсқасы STRING Экспорт форматы нұсқасының нөмірі, XX.YY, онда XX – негізгі нөмір, .YY – қосымша Типі INTEGER Құжат типі, 1 – Инвесторлық жоба 2 – Оферта Генератор STRING Құжатты қалыптастырған бағдарлама Күні STRING КК.АА.ЖЖЖЖ форматынде құжатты жасау акүні Уақыты STRING СС:ММ:СС форматында құжатты жасау уақыты СНБ нұсқасы STRING Сметалық-нормативтік базаның есебі кезінде пайдаланылатын нұсқа Нұсқа STRING Есепті орындаған бағдарлама нұсқасы Бірегей Сәйкестендіруші GUID ['{F02A446F-F449-420E-B9A5-166A9303EBF8}'] форматындағы құжаттың GUID Құрылыс атауы STRING Құрылыс атауы Құрылыс шифрі STRING Құрылыс шифры Жобалау сатысы STRING Жобалау сатысы Басшы STRING Жобалау ұйымы басшысының аты-жөні ЖБИ STRING Бас инженердің аты-жөні Сметалық Бөлім Бастығы STRING Сметалық бөлім бастығының аты-жөні Валюта STRING Құжат валютасының атауы Валюта Коды STRING Құжат валютасының халықаралық коды Өңір Нөмірі INTEGER Сметалық есеп өңірінің нөмірі Аудан Нөмірі INTEGER Сметалық есеп ауданының нөмірі Аумақ Нөмірі INTEGER Сметалық есеп аумағының нөмірі СБК Аймақ Нөмірі INTEGER Сметалық бағалар каталогы бойынша аймақ нөмірі Ұйым Коды STRING Ұйым коды Құрылыс Түрі STRING Құрылыс түрінің коды – Норматив шифрі Құрылыстағы үстеме шығыстардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 3-қосымша ҮСТ2 Көрсеткіші DOUBLE 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін қабылданған көрсеткіш, %. СП Көрсеткіші DOUBLE Сметалық пайданың есебі үшін қабылданған көрсеткіш, %. Баға Деңгейі STRING Баға деңгейі, формат ЖЖЖЖ.Т – жыл.тоқсан форматы Бірлікті Дөңгелектеу INTEGER Позицияның бірлік құнын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілердің саны Дөңгелектер Барлығы INTEGER Позицияның құнын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілердің саны Еңбек Бірлігін Дөңгелектеу INTEGER Позицияның өлшем бірлігіне арналған еңбек шығындарын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілер саны Барлық Еңбекті Дөңгелектеу INTEGER Позицияның көлеміне арналған еңбек шығындарын дөңгелектеу кезінде он таңбалық белгілер саны Тарау INTEGER Құрылыс құнының сметалық есебі тарауының нөмірі Объектінің Атауы STRING Объект атауы Құжат Атауы STRING Құжат атауы Объект Шифрі STRING Объект шифры Смета Шифры STRING Смета шифры Сызбалар Тізімі STRING Смета бойынша сызбалар тізімі Құрылыс Көлемі DOUBLE Смета бойынша құрылыс көлемі Өлшегіш STRING Смета өлшегіші Құжат Нөмірі STRING Сметалық құжаттағы құжат нөмірі Жұмыстар Тізімі STRING Смета жұмыстарының тізімі Құрастырды STRING Құрастырушының аты-жөні Тексерді STRING Тексерушінің аты-жөні Деректерді Енгізу STRING Оператордың аты-жөні Құрылысы ҚҰЖАТТЫҢ ата-ана торабы Жергілікті сметалық құжат типінің құжат құрылымының иерархиялық сипаттауынан тұрады ТАРАУ Ата-ана торабы ҚҰРЫЛЫМ немесе БӨЛІМ Типі INTEGER Тарау типі, 1 – Бөлік, 2 – Бөлім, 3 - Бөлімше, 4 – Кіші бөлімше ID GUID Құжат бөлімшесінің GUID Атауы STRING Құжат бөлімшесінің атауы Өлшегіш STRING Құжат бөлімшесінің өлшегіші Ескерту STRING Құжат бөлімшесіне ескерту ПОЗИЦИЯ Ата-ана торабы ҚҰРЫЛЫМ немесе БӨЛІМ Барлық ресурстық және құндық көрсеткіштерді келтірумен құжаттың жекелеген сметалық позициясының сипаттамасынан тұрады. ID INTEGER Құжаттағы позиция нөмірі GUID GUID Позиция GUIDи Типі INTEGER Сметалық позиция типі, 0 – жұмыс, 1 – материал, 2 – жергілікті материал, 2 – инженерлік жабдық, 3 – технологиялық жабдық, 4 – жиһаз және мүкәммал, 5 – конструкция, 6 - тасымалдар СНБ коды STRING Сметалық-нормативтік базада қабылданған сметалық позиция коды, мысалы ХХ-ХХХХХХ-ХХХХ. Егер мәтіндік позиция – бос жол. Жергілікті Код STRING Сметалық бағдарламада қабылданған сметалық позиция коды Атауы STRING Позиция атауы Код түсініктемесі STRING Позиция шифріне (негіздемеге) түсініктеме Атау түсініктемесі STRING Позиция атауына түсініктеме Көлем DOUBLE Позиция көлемі Формула Көлемі STRING Көлем есебі формуласының жолы Өлшегіш STRING Позицияның өлшем бірлігі Жұмыстар Түрлері STRING Жұмыс түрінің коды – Норматив шифрі Құрылыстағы үстеме шығыстардың шамасын айқындау жөніндегі мемлекеттік нормативке 2-қосымша Шығындар Түрі STRING Шығындар түрі, Қ – құрылыс жұмыстары, М – монтаж жұмыстары, Ж – жабдық, І – іске қосу жұмыстары, ӨЖ – өзге де жұмыстар және шығындар ҮСТ1 DOUBLE Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, 1 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткіш ҮСТ2 DOUBLE Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткіш СП DOUBLE Егер, ол нормативтіктен ерекшеленетін болса, сметалық пайданың есебі үшін көрсеткіш ҚҰНЫ Ата-ана торабы ПОЗИЦИЯ Бірлік пен көлемге арналған позицияның құн көрсеткіштерінен тұрады БІРЛІК Ата-ана торабы ҚҰНЫ Жоба валютасында көлем бірлігіне позицияның құн көрсеткіштері ПЗ DOUBLE Позиция (сметалық) бірлік бағасы МТ DOUBLE Материалдық ресурстар құны ЖА DOUBLE Жұмысшылардың еңбегін төлеу ОР DOUBLE Жұмысшылар еңбегінің орташа разряды МЖ DOUBLE Механизаторлардың еңбегін төлеу ЕМ DOUBLE Машиналар мен механизмдерді пайдалану құны САЛМАҚ DOUBLE КГ-да көлем бірлігіне арналған сметалық позиция салмағының көрсеткіші (жабдық пен конструкциялардың позициялары үшін) МТВ DOUBLE Қайтарылатын материалдардың құны БОС DOUBLE Жабдықтың босатылатын құны КШ DOUBLE Көлік шығыстары (жабдық үшін) ДАҚ DOUBLE Дайындау-қойма шығыстары (жабдық үшін) ДАҚК DOUBLE Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % (жабдық үшін) БАРЛЫҒЫ Ата-ана торабы ҚҰНЫ Көлемге арналған позицияның құн көрсеткіштері ТШ DOUBLE Тікелей шығындар МТ DOUBLE Материалдардың құны ЖА DOUBLE Жұмысшылардың еңбегін төлеу ОР DOUBLE Жұмысшылар еңбегінің орташа разряды МЖ DOUBLE Механизаторлардың еңбегін төлеу ЕМ DOUBLE Машиналар мен механизмдерді пайдаланудың құны МТВ DOUBLE Қайтарылатын материалдардың құны ЖМҚ DOUBLE Жергілікті материалдардың құны МТК DOUBLE Конструкциялар құны ІСҚ DOUBLE Іске қосуға және реттеуге арналған шығындар құны ЖА DOUBLE Жабдықтың сметалық құны БОС DOUBLE Көлемге арналған жабдықтың босатылым бағасы КШ DOUBLE Көлемге арналған көлік шығыстары (жабдық үшін) ДҚШ DOUBLE Көлемге арналған дайындау-қойма шығыстары (жабдық үшін) ҮСТ1 DOUBLE 1 деңгейдегі үстеме шығыстары ҮСТ2 DOUBLE 2 деңгейдегі үстеме шығыстары СП DOUBLE Сметалық пайда БАРЛЫҒЫ DOUBLE Сметалық құн РЕСУРС Ата-ана ПОЗИЦИЯ Позиция ресурсының сипаттамасынан тұрады. Егер, материал немесе жабдық типінің позициясы, онда ресурс торабы сондай толтырылады. ID GUID Ресурс GUID Атауы STRING Ресурс атауы Типі INTEGER Ресурс типі: 1 – еңбек шығындары, 2 – материал, 3 – машина, 4 – инженерлік жабдық, 5- технологиялық жабдық СНБ коды STRING СНБ-те қабылданған ресурс коды Жергілікті Код STRING Есепті орындаған бағдарламада қабылданған ресурс коды Баға DOUBLE Ресурс бағасы МЖ DOUBLE Машиналар үшін, оның ішінде, механизаторларлың еңбегін төлеу ОР DOUBLE Еңбек шығындары үшін – орташа разряд БОС DOUBLE Материалдар мен жабдық үшін – босатылым бағасы КШ DOUBLE Материалдар мен жабдықтар үшін – көлік шығыстары ДҚШ DOUBLE Материалдар мен жабдықтар үшін – дайындау-қойма шығыстары ДҚШК DOUBLE Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % Норма DOUBLE Бірлікке арналған шығыс нормасы Өлшегіш STRING Ресурсты өлшеу бірлігі Салмақ DOUBLE Ресурсты өлшеу бірлігінің салмағы Мәртебе STRING Нормативке қатысты ресурсқа арналған қолданылғн әсер ету: Ауыстырылды, түзетілді, жойылды, қосылды, алып тасталды ID Ауыстыру GUID Норматив бойынша шығыс, ауыстырылған ресурсқа арналған сілтеме Жеткізу STRING Жеткізу белгісі: М – мердігер, Т – тапсырыс беруші, Б – Бас мердігер. ҚҰЖАТ ЖИЫНЫ Ата-ана торабы ДОКУМЕНТ Құжаттың жиынтық құн көрсеткіші Құрылыс DOUBLE Құрылыс жұмыстарының құны Монтаж DOUBLE Монтаж жұмыстарының құны Инженерлік Жабдық DOUBLE Инженерлік жабдық құны Технологиялық Жабдық DOUBLE Технологиялық жабдық құны Жиһаз Мүкәммал DOUBLE Жиһаз мен мүкәммал құны Өзгелері DOUBLE Өзге де шығындар Барлығы DOUBLE Сметалық құнның барлығы Мердігердің Шығындары DOUBLE Оның ішінде мердігердің шығындары Тапсырыс берушінің Шығындары DOUBLE Оның ішінде тапсырыс берушінің шығындары РЕСУРС ЖИЫНЫ Ата-ана торабы ДОКУМЕНТ Құжат бойынша ресурстардың сипаттамасынан тұрады ЖИЫН РЕСУРС Ата-ана торабы ЖИЫН РЕСУРС Құжат ресурсының сипаттамасынан тұрады. ID INTEGER Ресурстың реттік нөмірі Атауы STRING Ресурс атауы Типі INTEGER Ресурс типі: 1 – еңбек шығындары, 2 – материал, 3 – машина, 4 - жабдық СНБ коды STRING СНБ-да қабылданған ресурс коды Жергілікті Код STRING Есепті орындаған, бағдарламада қабылданған ресурс коды Баға DOUBLE Құжат бойынша ресурстың орташаланған бағасы МЖ DOUBLE Машиналар үшін, оның ішінде, механизаторлардың еңбегін төлеу ОР DOUBLE Еңбек шығындары үшін – орташа разряд БОС DOUBLE Материалдар мен жабдықтар үшін – босатылым бағасы КШ DOUBLE Материалдар мен жабдықтар үшін – көлік шығыстары ДҚШ DOUBLE Материалдар мен жабдықтар үшін – дайындау-қойма шығыстары ДҚШК DOUBLE Дайындау-қойма шығыстарының есебі үшін көрсеткіш, % Норма DOUBLE Бірлікке арналған шығыс нормасы Өлшегіш STRING Ресурс өлшегішінің бірлігі Салмақ DOUBLE Ресурс өлшегіші бірлігінің салмағы Жеткізу STRING Жеткізу белгісі: М – мердігер, Т – тапсырыс беруші, Б – Бас мердігер. КОЭФФИЦИЕНТТЕР Ата-ана торабы ҚҰЖАТ немесе ТАРАУ не ПОЗИЦИЯ Белгіленген коэффициенттердің тізімінен тұрады КОЭФФИЦИЕНТ Коэффициенттің сипаттамасынан тұрады Атауы STRING Коэффициент атауы Сілтеме STRING Нормативке сілтеме Типі INTEGER Коэффициент типі: 1 – Жұмыс жүргізу талаптары, 2 – Қолдану талаптары, 3 – Жабдыққа есептеулер, 4 – Үстеме есебіне және пайда үшін көрсеткіштерге коэффициенттер, 5 – Айқындалмаған Позициялар Тізімі STRING Егер, құжаты үшін коэффициент ЛС немесе бөлімше типі олар үшін осы коэффициент қолданылатын позициялар нөмірлерінің тізімі, Тізім форматында = ID | Тізім[, ID] Жұмыс Типі STRING Өндіріс талаптарының типі коэффициенттері үшін олар үшін осы коэффициент қолданылатын жұмыстар типі: Қ – құрылыс, М – монтаж, Ж – жөндеу-құрылыс, І – іске қосу, К – 46-бөлімшенің құрылыс. Еңбек Коэффициенті DOUBLE Жұмысшылардың еңбек шығындарына коэффициент еңбекті төлеу шамасына да әсер етеді ЖаК DOUBLE Жұмысшылардың жалақысына коэффициент МашК DOUBLE Машиналарды пайдалану уақытына коэффициент машинистердің еңбек шығындарына және машинистердің еңбегін төлеуге әсер етеді ЕңбекмашК DOUBLE Машинистердің еңбек шығындарына коэффициент машинистердің еңбегін төлеуге әсер етеді МашжалК DOUBLE Машинистердің жалақысына коэффициент МатериалдарК DOUBLE Материалдық ресурстардың шығысына коэффициент материалдардың құнына әсер етеді матқұнК DOUBLE Материалдардың құнына коэффициент КөлпрцК DOUBLE Жабдық үшін көлік шығындарының құны есебі үшін босатылым бағасынан процент ДҚпрцК DOUBLE Франко-жоба маңы қоймасы жабдығының құнынан процент ҮШК1 DOUBLE 1 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткішке коэффициент ҮШК2 DOUBLE 2 деңгейдегі үстеме шығыстар есебі үшін көрсеткішке коэффициент СПК DOUBLE Сметалық пайда есебі үшін көрсеткішке коэффициент