О некоторых вопросах, возникающих в судебной практике в связи с применением Кодекса Республики Казахстан об административных правонарушениях Күшін жойған
Басқа 0
Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің қолданылуына байланысты сот практикасында пайда болған кейбір мәселелер туралы
Соттардың Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің судьяның заңды күшіне енген қаулыларын қайта қарауға қатысты кейбір нормаларын бірыңғай және дұрыс қолдануы мақсатында Жоғарғы Соттың жалпы отырысы қаулы қабылдап, төмендегідей түсіндірме береді:
Тармақ 1
1. Судьяның әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс бойынша заңды күшіне енген қаулылары Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 672, 674-баптарына сәйкес тек прокурордың наразылығы бойынша қайта қаралуы мүмкін.
Тармақ 2
2. Облыстық және оларға теңестірілген соттардың қадағалау алқаларында қайта қарау Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 673-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас прокурорының және оның орынбасарларының, облыстардың прокурорларының, оларға теңестірілген прокурорлар мен олардың орынбасарларының наразылықтары бойынша жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Қазақстан Республикасының Жоғарғы Сотында қайта қарау азаматтық
істер жөніндегі алқада және қылмыстық істер жөніндегі алқада кемінде үш
судья құрамында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы
кодексінің 676-бабына сәйкес Қазақстан Республикасының Бас
прокурорының наразылығы бойынша жүзеге асырылады. Осы алқалардың қаулылары
түпкілікті болып табылады.
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының Төрағасы
Жалпы отырыстың хатшысы,
Қазақстан Республикасы
Жоғарғы Сотының судьясы