О создании военной кафедры в Евразийском национальном университете имени Л.Н. Гумилева Қолданыста
Басқа 0
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетiнде әскери кафедра құру туралы
"Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорны студенттерiнiң қатарынан Қазақстан Республикасының Қарулы Күштерi үшiн запастағы офицерлер даярлау мақсатында Қазақстан Республикасының Yкiметi қаулы етеді:
Тармақ 1
1. Қазақстан Республикасы Бiлiм және ғылым министрлiгiнiң "Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетi" республикалық мемлекеттiк қазыналық кәсiпорнында оқу орнының қаражаты және штат саны шегiнде әскери кафедра құрылсын.
Тармақ 2
2. Қазақстан Республикасының Бiлiм және ғылым министрлiгi Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлiгiмен бiрлесiп, осы қаулыны iске асыру жөнiнде Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шараларды қабылдасын.
Тармақ 3
3. Күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2006.05.24. N 449 (қаулы алғаш рет ресми жарияланғаннан кейiн он күнтiзбелiк күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) қаулысымен.
Тармақ 4
4. Осы қаулы қол қойылған күнiнен бастан күшiне енедi.