О повышении базовой ставки земельного налога и ставки единого земельного налога на не используемые земли сельскохозяйственного назначения по Балхашскому району Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Балқаш ауданы бойынша пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелерін және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелерін жоғарылату туралы «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің 386-бабының 5-тармағына, 444-бабының 1-тармағына сәйкес, Балқаш аудандық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Балқаш ауданы бойынша Қазақстан Республикасының жер заңнамасына сәйкес пайдаланылмайтын ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерге жер салығының базалық мөлшерлемелері және бірыңғай жер салығының мөлшерлемелері он есеге жоғарылатылсын.
Тармақ 2
2. «Балқаш аудандық жер қатынастары бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысына (келісім бойынша Нарбаев Ғалым Рахимович) осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспа басылымдарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындаған интернет-ресурста және аудандық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы шешімнің орындалуын бақылау Балқаш аудандық мәслихатының «Агроөнеркәсіп, шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту, тұрғын үй, жол құрылысы жөніндегі» тұрақты комиссиясына жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.