Об утверждении схем и Правил перевозки в общеобразовательные школы детей, проживающих в отдаленных населенных пунктах Жанибекского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.09.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары мен қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес аудан әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемалары 1, 2, 3, 4, 5, 6, 7, 8, 9, 10, қосымшаларға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары бекітілсін.
Тармақ 3
3. Ауылдық округ әкімдері, «Жәнібек аудандық білім беру бөлімі», «Жәнібек аудандық экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемелері қолданыстағы заңнамаларға сәйкес осы қаулыдан туындайтын қажетті шараларды қабылдасын.
Тармақ 4
4. Аудан әкімі аппарат басшысы осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
Тармақ 5
5. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Меңешовке жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 7
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 1 қосымша Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың схемасы
Басқа 8
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 2 қосымша
Басқа 9
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 3 қосымша
Басқа 10
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 4 қосымша
Басқа 11
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 5 қосымша
Басқа 12
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 6 қосымша
Басқа 13
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 7 қосымша
Басқа 14
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 8 қосымша
Басқа 15
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 9 қосымша
Басқа 16
Жәнібек аудан әкімдігінің 2016 жылғы 22 сәуірдегі №82 қаулысына 10 қосымша
Басқа 17
2016 жылғы «22» сәуірдегі Жәнібек ауданы әкімдігінің №82 қаулысымен бекітілген Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың осы қағидалары (бұдан әрі – Қағида) Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушысының 2015 жылғы 26 наурыздағы №349 «Автомобиль көлігімен жолаушылар мен багажды тасымалдау қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2015 жылы 3 шілдеде №11550 тіркелді) сәйкес әзірленген және Жәнібек ауданының шалғайдағы елді мекендерінде тұратын балаларды жалпы білім беретін мектептерге тасымалдаудың тәртібін айқындайды.
Тарау 2. 2. Балаларды тасымалдау тәртібі
2. Балаларды тасымалдау тәртібі
Тармақ 2
2. Балаларды тасымалдау үшін бөлінген автокөліктердің техникалық жай-күйі, жабдықтары Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі «Автомобиль көлігі туралы» Заңына сәйкес Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 30 сәуірдегі № 547 «Автомобиль көлігі құралдарын техникалық пайдалану қағидаларын бекіту туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №12221 тіркелген) бұйрығының талаптарына жауап беруі тиіс. Ұйымдастырылған балалар топтарын тасымалдауға арналған автобустар сары түсті жылтыр шағын маягымен жабдықталады. Автокөліктердің алдына және артына «Балалар тасымалдау» деген төрт бұрыш айыратын белгісі орнатылады. Балалар топтарын ұйымдастырылған түрде жасы кемінде жиырма бесте, тиісті санаттағы жүргізуші куәлігі және кемінде бес жыл еңбек өтілі бар жүргізушілердің тасымалдауына рұқсат етіледі. Автокөлік шанағында тасымалданатын балалардың саны орындық санынан аспауы тиіс.
Тармақ 3
3. Оқу орындарында тасымалдауды ұйымдастыру кезінде тасымалдаушы Жәнібек ауданының жергілікті атқарушы органдармен және оқу орындарының әкімшілігімен бірлесіп маршруттарды және балаларды отырғызудың және түсірудің ұтымды орындарын белгілейді.
Тармақ 4
4. Балаларды тасымалдау тәуліктің қараңғы мезгілінде жүзеге асырылса, онда алаңшалардың жасанды жарығы болу тиіс. Күзгі-қысқы кезеңде алаңдар қардан, мұздан, кірден тазартылуы тиіс.
Тармақ 5
5. Ұйымдастырушы балаларды оқу орындарына тасымалдауға балаларды отырғызу және түсіру орындарының жай-күйін тұрақты түрде (айына кемінде бір рет) тексереді.
Тармақ 6
6. Балалар топтарын 22.00-ден бастап 06.00 сағатқа дейін автокөліктермен тасымалдау, сондай-ақ көрінім жеткіліксіз жағдайда (тұман, қар жауған, жаңбыр және басқалар) жол берілмейді. Тасымалдау қауіпсіздігіне қатер төндіретін жол және метеорологиялық жағдайлардың қолайсыз өзгеруі кезінде, автокөліктердің қозғалысын уақытша тоқтату туралы қолданыстағы нормативтік құжаттарда көзделген жағдайда тасымалдаушы рейсті алып тастауға және бұл туралы тапсырыс берушіге дереу хабарлауы керек.
Тармақ 7
7. Автокөліктердің қозғалыс кестесін тасымалдаушы мен ұйымдастырушы келіседі. Жол жағдайларының қолайсыз өзгеруі кезінде, басқа жағдайлар кезінде (қозғалысқа шек қою, уақытша кедергілердің көрінуі, бұл жағдайда жүргізуші кестеге сәйкес жылдамдықты жоғарылатпай жүре алмайды), кесте жылдамдықты төмендету жағына (қозғалыс уақыттарының артуына) түзетіледі. Кестенің өзгеруі туралы тасымалдаушы ұйымдастырушыға хабарлайды, ол балаларды дер кезінде хабарландыру бойынша шаралар қабылдайды.
Тармақ 8
8. Балаларды жаппай тасымалдауды және балаларды алыс қашықтықтарға тасымалдауды тасымалдаушы, балаларды оқытушылар немесе арнайы тағайындалған ересек адамдар (15 балаға бір ересек адам) алып барған жағдайда ғана орындауы мүмкін.
Тармақ 9
9. Балалардың ұйымдастырылған топтарын тасымалдауларына жеті жастан кіші емес балалар рұқсат етіледі. Жеті жасқа толмаған балалар білім беру мекемесі жұмысшыларының, сондай-ақ ата-анасымен және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес оларды ауыстыратын адамдармен жеке алып жүруі кезінде ғана жол жүруге рұқсат етілуі мүмкін.
Тармақ 10
10. Балаларды тасымалдау кезінде автокөліктің жүргізушісіне мыналар рұқсат етілмейді:
Тармақша 1
1) сағатына 60 километр артық жылдамдықпен жүруге;
Тармақша 2
2) жүру маршрутын өзгертуге;
Тармақша 3
3) балалар бар автокөлік салонында қол жүгі мен балалардың жеке заттарынан басқа кез келген жүкті, багажды немесе құрал жабдықтарды тасымалдауға;
Тармақша 4
4) автокөлікте балалар болған кезінде, соның ішінде балаларды отырғызу және түсіру кезінде автобус салонынан шығуға;
Тармақша 5
5) автомобиль легінде жүру кезінде алда жүрген автокөлікті басып озуға;
Тармақша 6
6) автокөлікпен артқа қарай қозғалысты жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) егер ол көлік құралының өздігінен қозғалуын немесе оны жүргізуші жоқ болғанда пайдалануын болдырмау шараларын қолданбаса, өз орнын тастап кетуге немесе көлік құралын қалдыруға.