О внесении изменений и дополнений в некоторые законодательные акты Республики Казахстан по вопросам проведения судебной экспертизы Қолданыста

07.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.11.2001. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне сот сараптамасын жүргізу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы Қазақстан Республикасының мына заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
Тармақ 1
1. "Сот сараптамасы туралы" 1997 жылғы 12 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 21, 276-құжат; 2000 ж., N 6, 141-құжат): 10-бапта: мынадай мазмұндағы 1-1-тармақпен толықтырылсын: "1-1. Бір жолғы тәртіппен сараптама жүргізу: 1) сараптама түрлерінің заңдарда белгіленген тізбесінде көзделмеген сараптама тағайындалған; 2) осы заңның 27-бабына сәйкес шет мемлекеттің сот сараптамасы саласындағы маман сарапшы ретінде тартылған; 3) сот сараптамасы органдарының қызметкерлері болып табылатын, сондай-ақ лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын тиісті мамандықтағы барлық сарапшыларға қарсылық қанағаттандырылған не осы адамдар және тұтас алғанда тиісті сот сараптамасы органы сараптама жүргізуден дәлелді себептермен шеттетілген жағдайларда тапсырылуы мүмкін."; 4-тармақтағы "Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер "осы Заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын.
Тармақ 2
2. 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1997 ж., N 23, 335-құжат; 1998 ж., N 23, 416-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 6, 141-құжат; 2001 ж., N 8, 53-құжат; N 15-16, 239-құжат; N 17-18, 245-құжат):
Тармақша 1
1) 83-баптың бірінші бөлігіндегі "Қазақстан Республикасы заңдарымен" деген сөздер "осы Кодекстің 243-бабының бірінші бөлігімен" деген сөздермен ауыстырылсын;
Тармақша 2
2) 243-баптың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын: "Сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға; 3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.".
Тармақ 3
3. 1999 жылғы 13 шілдедегі Қазақстан Республикасының Азаматтық іс жүргізу кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1999 ж., N 18, 644-құжат; 2000 ж., N 3-4, 66-құжат; N 10, 244-құжат; 2001 ж., N 8, 52-құжат; N 15-16, 239-құжат): 91-бапта: төртінші бөліктегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға; 3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін."; алтыншы бөліктегі бірінші сөйлем алып тасталсын.
Тармақ 4
4. 2001 жылғы 30 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 2001 ж., N 5-6, 24-құжат; N 17-18, 241-құжат): 597-баптың бірінші бөлігіндегі екінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын: "Сот сараптамасын жүргізу: 1) сот сараптамасы органдарының қызметкерлеріне; 2) лицензия негізінде сот-сараптама қызметін жүзеге асыратын адамдарға; 3) заң талаптарына сәйкес бір жолғы тәртіппен өзге де адамдарға тапсырылуы мүмкін.".