Об утверждении тарифов на сбор, вывоз, захоронение и утилизацию коммунальных отходов по поселку Атасу Жанааркинского района Күшін жойған

10.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 28.06.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтерді бекіту туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 9 қаңтардағы Экологиялық кодексінің 19-1 бабының 2) тармақшасына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинауға, шығаруға, көмуге және кәдеге жаратуға жеке және заңды тұлғалар үшін тарифтер қосымшаға сәйкес бекітілсін.
Тармақ 2
2. Осы шешім оның алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Басқа 3
Жаңаарқа аудандық мәслихатының 2016 жылғы 11 мамырдағы №2/16 шешіміне қосымша Жаңаарқа ауданы Атасу кенті бойынша коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару, көмуге және кәдеге жаратуға арналған тарифтер Атауы Жинақталу нормасы м3 1м3 үшін тариф (ҚҚС-мен) (теңге) Бір айда коммуналдық қалдықтарды жинау, шығару және кәдеге жарату үшін қызмет құны (теңге) Бір айда коммуналдық қалдықтарды көму үшін қызмет құны (теңге) Заңды тұлғаларға (1м3 үшін) 1364,39 492 Жеке тұлғалар Жайлы тұрғын үй (1 тұрғынға) 1,1 1364,39 125,07 Жайлы емес тұрғын үй (1 тұрғынға) 2,0 1364,39 227,04 Ескертпе: ҚҚС – қосылған құн салығы; м3-текше метр.