Об установлении тарифа на регулярные автомобильные перевозки пассажиров и багажа, осуществляемые на территории Володарского сельского округа Күшін жойған
Басқа 0
Володар ауылдық округі аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды тұрақты автомобильмен тасымалдау тарифін белгілеу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 Заңының 31-бабы 1-тармағының 9) тармақшасына, «Автомобиль көлігі туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 4 шілдедегі № 476 Заңының 19-бабының 2, 5-тармақтарына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі аумағында автобус және шағын автобус маршруттары бойынша жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды ауылдық тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифі орнатылсын.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы әкімінің орынбасары Қ.Д.Досымбековке жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Келісілді:
аудандық мәслихаттың
хатшысы____________ Б.Жанахметовпен
2016 жылғы «03» мамыр
Басқа 4
Солтүстік Қазақстан облысы
Айыртау ауданы әкімдігінің
2016 жылғы «03» мамырдағы № 156
қаулысына қосымша
Солтүстік Қазақстан облысы Айыртау ауданы Володар ауылдық округі аумағында жүзеге асырылатын жолаушыларды және багажды ауылдық тұрақты автомобильмен тасымалдаудың бірыңғай тарифі
№
Елді мекеннің атауы
Бір жолдың бағасы
1
Саумалкөл ауылы
60 теңге