Об оказании социальной помощи на возмещение затрат на обучение на дому детей-инвалидов Күшін жойған
Басқа 0
Мүгедек балаларды үйде оқытуға
жұмсаған шығындарды өтеуге
әлеуметтік көмек көрсету туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы», 2005 жылғы 13 сәуірдегі «Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы», 2002 жылғы 11 шілдедегі «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Заңдарына сәйкес Осакаров аудандық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
Тармақ 1
1. Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындар әр мүгедек балаға ай сайын екі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өтелсін.
Тармақ 2
2. Келесі шарттар белгіленсін:
Тармақша 1
1) үйде оқытылатын мүгедек балаларға шығындарды өтеу (толықтай мемлекет қамтамасыз ететін мүгедек балалар және мүгедек балаларға қатысты ата-анасының ата-ана құқығынан айырылған балалардан басқа) ата-анасының біреуіне және мүгедек баланың басқа заңды өкілдеріне отбасы кірісіне тәуелсіз беріледі;
Тармақша 2
2) шығындарды өтеу өтініш білдірген айдан бастап оқу жылының аяқталған айына дейін беріледі;
Тармақша 3
3) шығындарды өтеу қаржыландырудың түсуіне байланысты өткен айға жүргізіледі. Шығындарды өтеуді тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедек баланың 18 жасқа толуы, мүгедек баланың қайтыс болуы, мүгедектікті алып тастау), төлемдер сәйкес жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.
Тармақ 3
3. «Осакаров ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (А.А. Тулеуова) мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қамтамасыз етілсін.
Тармақ 4
4. «Осакаров ауданының экономика және қаржы бөлімі» мемлекеттік мекемесіне (Е.Е. Темиров) жергілікті бюджетте қарастырылған қаржы шегінде міндеттемелер мен төлемдерді қаржыландыру жоспарына сәйкес,
мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарды өтеуді қаржыландыру бойынша мәселесі шешілсін.
Тармақ 5
5. Осы шешімнің орындалуын бақылау аудандық мәслихаттың әлеуметтік саясат бойынша тұрақты комиссиясына (Н.С. Кобжанов) жүктелсін.
Тармақ 6
6. Осы шешім алғашқы ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
«Осакаров ауданының жұмыспен
қамту және әлеуметтік бағдарламалар
бөлімі» мемлекеттік мекемесінің басшысы
А. Тулеуова
2016 жыл «18» мамыр