Об определении мест выездной торговли на территории города Балхаш Күшін жойған
Басқа 0
Балқаш қаласының
аумағында көшпелі сауда
орындарын белгілеу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңының 31 бабына, Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 12 сәуірдегі «Сауда қызметін реттеу туралы» Заңының 8, 27 баптарына, Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» (нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) бұйрығына сәйкес, Балқаш қаласының аумағында сауда қызметін ретке келтіру мақсатында, Балқаш қаласының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауданы жүзеге асыру үшін орындар осы қаулының қосымшасына сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы қаулының орындалуын бақылау Балқаш қаласы әкімінің орынбасары Айдын Боранбаевич Қапашевқа жүктелсін.
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 4
Балқаш қаласы әкімдігінің
2016 жылғы «5»мамырдағы
№17/03 қаулысына қосымша
Балқаш қаласының аумағында көшпелі сауда орындарының тізбесі
1.
Михаил Русаков ықшам ауданы №2 үй («Шекер», «Батыр», «Қуаныш», «Жеміс-Жидек», «Океан» дүкендерінің жанында)
2.
Садық Мұхамеджанов ықшам ауданы №5 үй («Нұр», «Санжар», «Ассорти» дүкендерінің жанында)
3.
Ленин көшесі (№6 және №8 үйлерінің арасында)
4.
Ленин көшесі (№37 және №41 үйлерінің арасында)
5.
Сәкен Сейфуллин көшесі (№32 үйдің солтүстік жағында)
6.
Ағыбай батыр көшесі («Береке» дүкенінің жанында)
7
Металлург стадионының оңтүстік жағында