Об установлении правил общего водопользования в Алматинской области Күшін жойған
Басқа 0
Алматы облысында ортақ
су пайдаланудың қағидаларын
белгілеу туралы
2003 жылғы 9 шілдедегі «Қазақстан Республикасы Су кодексінің» 38-бабының 1 тармағына сәйкес, Алматы облыстық мәслихаты ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
Тармақ 1
1. Алматы облысында Ортақ су пайдаланудың қағидалары қосымшаға сәйкес белгіленсін.
Тармақ 2
2. Осы шешімшің орындалуына бақылау жүргізу облыс әкімінің орынбасары Серікжан Іслямұлы Бескемпіровке жүктелсін (келісім бойынша).
Тармақ 3
3. Алматы облыстық мәслихаты аппаратының басшысы Құрманбаев Ерлан Бақытжанұлына осы шешімді әділет органдарында мемлекеттік тіркелгеннен кейін ресми және мерзімді баспасөз басылымдарында, сондай ақ Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындайтын интернет-ресурста және облыстық мәслихаттың интернет-ресурсында жариялау жүктелсін.
Тармақ 4
4. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 5
Алматы облыстық мәслихатының
2016 жылғы «12» мамыр
№ 2-16 шешімімен бекітілген
Алматы облысында ортақ су пайдалану қағидалары
Тармақ 1
1. Осы ортақ су пайдаланудың қағидалары (бұдан әрі - Қағидалар) 2003 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасы Су кодексінің (бұдан әрі - Кодекс) 38-бабының 1 тармағына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 20 наурыздағы № 19-1/252 бұйрығымен бекітілген «Ортақ су пайдаланудың үлгілік қағидалары» негізінде әзірленді және Алматы облыстық мәслихаты Алматы облысының өңірлік жағдайларының ерекшеліктерін ескере отырып ортақ су пайдалану қағидаларын белгілеу тәртібін айқындайды.
Тармақ 2
2. Ортақ су пайдалану халықтың мұқтаждарын қанағаттандыру үшін су объектілері жекелеген немесе заңды тұлғаларға бекітіліп берілмей және судың жай-күйіне әсер ететін құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Ортақ су пайдалануды жүзеге асыру үшін арнайы рұқсат талап етілмейді.
Тармақ 4
4. Кодексте көзделген жағдайларды қоспағанда, жеке және заңды тұлғалардың ортақ су пайдалану объектілеріне халықтың кіруін қоршаулар, күзет пункттерін, тиым салатын белгілер орнату жолымен шектеуіне жол берілмейді.
Тармақ 5
5. Экологиялық, техникалық және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздігі мақсатында ортақ су пайдалану шектелуі немесе оған тиым салынуы мүмкін.
Тармақ 6
6. Ортақ су пайдалануға:
Тармақша 1
1) шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін;
Тармақша 2
2) ықтимал сел қаупі бар су объектілерін қоспағанда, рекреациялық мақсаттарда, жаппай демалу, туризм және спорт мақсаттарында;
Тармақша 3
3) кеме қатынасы және шағын кемелерді пайдалану үшін;
Тармақша 4
4) мал суару үшін су объектілерін пайдалану жатады.
Тармақ 7
7. Шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін жер үсті су көздерінен су алу судың жай-күйiне әсер ететiн құрылыстар немесе техникалық құрылғылар қолданылмай жүзеге асырылады.
Тармақ 8
8. Су объектiлерi мен су шаруашылығы құрылыстарындағы көпшiлiктiң демалуына, туризм мен спортқа арналған жерлердi экологиялық талаптар мен адам өмірінің қауіпсіздігін сақтай отырып, су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау, су бұру саласындағы, қоршаған ортаны қорғау саласындағы және халықтың санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылығы саласындағы уәкiлеттi органдармен келiсiм бойынша Алматы облысының әкімдігі белгiлейдi.
Тармақ 9
9. Кеме қатынасы санатына жатқызылған Қазақстан Республикасының жер үстi су объектiлерi, оларды осы мақсаттарға пайдалануға толық немесе iшiнара тыйым салынған не олар оқшау пайдалануға берiлген жағдайларды қоспағанда, ортақ пайдаланудағы су жолдары болып табылады.
Су объектiлерiн кеме қатынасы санатына жатқызу тәртiбi, кеме қатынасы, әуе кемелерінің ұшуы (қонуы) үшін пайдаланылатын кеме қатынасы су жолдарының тiзбесi және оларды пайдалану қағидалары Кодекстің 105-бабының 3-тармағына сәйкес бекітілетін қағидаларға сәйкес жүзеге асырылады.
Тармақ 10
10. Су объектiлерiн мал суару үшiн пайдалануға санитарлық қорғау аймақтарынан тыс жерде және суат алаңдары мен су объектiлерiнiң ластануы мен қоқыстануын болғызбайтын басқа да құрылғылар болған жағдайда жол берiледi.
Тармақ 11
11. Алматы облыстық мәслихаты азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында өңірлік жағдайлардың ерекшеліктерін ескере отырып, ортақ су пайдалану қағидаларында Алматы облысының аумағында орналасқан су объектілерінде шомылу, ауыз су және тұрмыстық қажеттіліктерге су алу, мал суару, шағын кемелерде және басқа да жүзу құралдарында жүзу жүзеге асырылмайтын жерлерді айқындайды.
Тармақ 12
12. Алматы облыстық мәслихаты бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, сондай-ақ, арнайы ақпараттық белгілер арқылы халықты шомылуға тыйым салу және ортақ су пайдалануды жүзеге асырудың басқа шарттары туралы хабардар етеді.
Тармақ 13
13. Оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы, Алматы облыстық мәслихатының шешiмдерiнде өзгеше белгiленбесе, Кодекстің 67-бабының 3-тармағына және 68-бабының 4-тармағына сәйкес ортақ су пайдалану шарттары немесе оған тыйым салу туралы жариялайды.
Тармақ 14
14. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын жариялау үшін оқшау немесе бірлесіп су пайдалануды жүзеге асыратын су пайдаланушы Алматы облыстық мәслихатқа ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеудің қажеттігі негізделген ұсыныс енгізеді.
Тармақ 15
15. Ортақ су пайдаланудың шарттарын немесе оған тыйым салынатынын белгілеу негізсіз болған жағдайда Алматы облыстық мәслихаты ұсынылған ортақ су пайдалану шарттарынан немесе тыйым салудан бас тарту себептерін негіздей отырып су пайдаланушыны жиырма екі жұмыс күні ішінде жазбаша хабардар етеді.
Бұл ретте жарияланған ортақ су пайдаланудың шарттары немесе оған салынатын тыйымдар шаруашылық-ауыз су мақсаттарын қанағаттандыру үшін ортақ су пайдалануды жүзеге асыруды шектемеуі тиіс.
Тармақ 16
16. Ортақ су пайдалану үшін су объектілерін пайдалану кезінде жеке және заңды тұлғалар:
Тармақша 1
1) су объектілерін ұқыпты пайдалануы;
Тармақша 2
2) су объектілерін пайдаланудың белгіленген режимін сақтауы;
Тармақша 3
3) су объектілерінде мәдени, спорттық және басқа да іс-шараларды өткізу кезінде қауіпсіздік шараларын сақтауы;
Тармақша 4
4) су объектілерін және іргелес аумақтарын тиісті санитариялық нормаларға сай ұстауға, тұрмыстық, құрылыс және басқа да қалдықтармен қоқыстауға, іргелес аумақтарды ластаудың алдын алу және жою жөніндегі іс-шараларды уақытылы жүзеге асыруы тиіс.
Тармақ 17
17. Ортақ су пайдаланудың су объектілерін пайдалану кезінде:
Тармақша 1
1) су объектісін ластауға және қоқыстауға;
Тармақша 2
2) шомылуға арналған орындарда киім жууға және жануарларды шомылдыруға;
Тармақша 3
3) ескерту немесе тыйым салу жазулары бар арнайы ақпараттық белгілер қойылмаған орындарда шомылуға;
Тармақша 4
4) арнайы ақпараттық белгілерді өз еркімен алып тастауға, бұзуға және жоюға;
Тармақша 5
5) аумақта жанар-жағармай материалдарын сақтауға;
Тармақша 6
6) көлікке жанар май құюды, жууды және жөндеуді жүзеге асыруға;
Тармақша 7
7) су объектілерінде және оларға тікелей жақын жерде кәмелетке толмаған балаларды үлкендердің қарауынсыз тастауға жол берілмейді.