Об утверждении правил ввоза на территорию Республики Казахстан из стран, не входящих в Евразийский экономический союз, и вывоза с территории Республики Казахстан в эти страны драгоценных камней, ювелирных и других изделий, ввоза на территорию Республики Казахстан и вывоза с территории Республики Казахстан необработанных природных алмазов с учетом схемы сертификации Кимберлийского процесса и признании утратившими силу некоторых решений Правительства Республики Казахстан Күшін жойған

09.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 18.12.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.
Басқа 0
Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидаларын бекіту және Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп тану туралы «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңы 3-бабының 3) және 4) тармақшаларына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
Тармақ 1
1. Қоса беріліп отырған:
Тармақша 1
1) Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары;
Тармақша 2
2) Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары бекітілсін.
Тармақ 2
2. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
Тармақша 1
1) «Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы 2012 ж., № 80, 1189-құжат);
Тармақша 2
2) «Асыл тастарға, оның ішінде өңделмеген табиғи алмастарға және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарға сараптама жүргізу жөніндегі уәкілетті ұйымды айқындау және Асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік бұйымдарды Кеден одағына кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету, Кимберлей процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету, сондай-ақ бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған бұйымдарды таңбалау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 қарашадағы № 1479 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 4 қарашадағы № 1170 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2014 ж., № 67, 620-құжат).
Тармақ 3
3. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Басқа 0. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысымен бекітілген Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Еуразиялық экономикалық одаққа (бұдан әрі – Одақ) кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан осы елдерге әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1)асыл тастарды, бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдарды сараптау (бұдан әрі – сараптау) – асыл тастарды сәйкестендіруді және бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдардағы бағалы металдарды сынамалауды, сынамалау таңбалары бедерлерінің түпнұсқалығын тексеруді қамтитын, уәкілетті ұйымдар жүзеге асыратын сынақтарды ұйымдастыру және жүргізу;
Тармақша 2
2)бағалы металдар мен асыл тастардан жасалған зергерлік және басқа да бұйымдар (бұдан әрі – зергерлік және басқа да бұйымдар) – бағалы металдардан жасалған монеталарды қоспағанда, асыл тастардан және табиғи немесе жасанды жолмен алынған басқа да материалдардан жасалған көздері бар не онсыз, әртүрлі көркемдік өңдеу түрлерін пайдалана отырып, асыл тастардан, бағалы металдардан және олардың қорытпаларынан жасалған, әртүрлі әшекейлер, тұрмыстық кәдеге жарататын заттар ретінде және (немесе) діни әрі декоративтік мақсаттарда қолданылатын бұйымдар;
Тармақша 3
3)уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының, зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық атқарушы орган;
Тармақша 4
4)уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
Тарау 2. 2. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
2. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Одаққа кірмейтін елдерден Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және осы елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
Тармақ 3
3. Одаққа кірмейтін елдерден асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама уәкілетті орган бекіткен сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
Тармақ 4
4. Мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган анықтайтын кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 5
5. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру үшін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесін. Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын ұсынады.
Тармақ 6
6. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
Тармақ 7
7. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.
Тармақ 8
8. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды Одаққа кірмейтін елдерге Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) кезінде уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама уәкілетті орган бекіткен сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
Тармақ 9
9. Мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдеріне, Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес кедендік іс саласындағы уәкілетті орган анықтайтын кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 10
10. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкету кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесін. Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын береді.
Тармақ 11
11. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
Тармақ 12
12. Асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды әкетуге мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес асыл тастарды, зергерлік және басқа да бұйымдарды кедендік декларациялауға және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.
Басқа 1
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 20 маусымдағы № 356 қаулысымен бекітілген Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмасты Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары
Тарау 1. 1. Жалпы ережелер
1. Жалпы ережелер
Тармақ 1
1. Осы Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Бағалы металдар мен асыл тастар туралы» 2016 жылғы 14 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді.
Тармақ 2
2. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу және әкету санкцияланбаған ашудан қорғалған контейнерлерде жүзеге асырылады.
Тармақ 3
3. Кимберлий процесінің хатшылығымен ақпарат алмасуды уәкілетті орган электрондық хабарлар жолымен жүзеге асырады.
Тармақ 4
4. Осы Қағидаларда пайдаланылатын негізгі ұғымдар:
Тармақша 1
1) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының сертификаты (бұдан әрі – Кимберлий процесінің сертификаты) – өңделмеген табиғи алмастар топтамасын сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес келеді деп сәйкестендіретін белгіленген нысандағы құжат;
Тармақша 2
2) уәкілетті орган – бағалы металдарды өндіруді және бағалы металдар мен асыл тастардың, құрамында бағалы металдар бар шикізат тауарларының зергерлік және басқа да бұйымдардың айналымын реттеу саласындағы басшылықты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген шектерде салааралық үйлестіруді жүзеге асыратын орталық уәкілетті орган;
Тармақша 3
3) уәкілетті ұйым – Қазақстан Республикасының сәйкестікті бағалау саласындағы аккредиттеу туралы заңнамасына сәйкес сараптама жүргізуге аккредиттелген заңды тұлға.
Тарау 2. 2. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
2. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағына әкелу және Қазақстан Республикасының аумағынан әкету тәртібі
Тармақ 5
5. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасы аумағына әкелу (бұдан әрі – әкелу) кезінде мемлекеттік кірістер органына Кимберлий процесінің сертификаты туралы (сертификат нөмірі, берілген күні және сертификаттың қолдану мерзімі көрсетілген) мәліметтер ұсынылады.
Тармақ 6
6. Көрсетілген мәліметтер ұсынылмаған немесе Кимберлий процесі сертификатының қолданылу мерзімі өтіп кеткен жағдайда өңделмеген табиғи алмастар топтамасын Қазақстан Республикасының аумағына әкелуге рұқсат етілмейді.
Тармақ 7
7. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама уәкілетті орган бекіткен сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
Тармақ 8
8. Мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдеріне, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган анықтайтын кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 9
9. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесін. Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын;
Тармақша 3
3) өңделмеген табиғи алмастардың халықаралық сертификаттау схемасының талаптарына сәйкес ресімделген мемлекет-экспорттаушының Кимберлий процесінің сертификатын ұсынады.
Тармақ 10
10. Мемлекеттік бақылау актісі құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге беріледі.
Тармақ 11
11. Өңделмеген табиғи алмастарды әкелу кезінде мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделмеген табиғи алмастарды кедендік декларациялау және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.
Тармақ 12
12. Кимберлий процесінің сертификаттау схемасын ескере отырып, өңделмеген табиғи алмастарды Қазақстан Республикасының аумағынан әкету (бұдан әрі – әкету) кезінде кедендік декларациялаумен және кедендік тазартумен байланысты кедендік операцияларды жүргізгенге дейін уәкілетті ұйым сараптама жүргізеді. Сараптама уәкілетті орган бекіткен сараптама жүргізу қағидаларына сәйкес өтеусіз негізде жүргізіледі.
Тармақ 13
13. Мемлекеттік бақылауды Еуразиялық экономикалық комиссия шешімдеріне, Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес кеден ісі саласындағы уәкілетті орган анықтайтын, кеден бекеттері арқылы уәкілетті орган жүзеге асырады.
Тармақ 14
14. Өңделмеген табиғи алмастарды әкету кезінде өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті тұлғасы) уәкілетті органның лауазымды тұлғасына мынадай құжаттарды:
Тармақша 1
1) сыртқы сауда шартының (келісімшарттың), оған мемлекеттік және/немесе орыс тілдеріндегі қосымшаның және (немесе) толықтырудың көшірмесін, ал сыртқы сауда шарты (келісімшарты) болмаған жағдайда – тараптардың ниеттерін растайтын өзге құжаттың көшірмесін. Егер сыртқы сауда шарты (келісімшарты) мемлекеттік және (немесе) орыс тілінде жоқ болса, онда шарттың (келісімшарттың) көшірмесіне өтініш беруші бекіткен және растаған аудармасы (өтініш берушінің лауазымы және күні, қолы мен мөрі көрсетілген) қоса беріледі;
Тармақша 2
2) уәкілетті ұйымның сараптамалық қорытындысын ұсынады.
Тармақ 15
15. Мемлекеттік бақылау актісі осы құжаттарды алған сәттен бастап бір жұмыс күні ішінде ресімделеді және өтініш берушіге (өтініш берушінің уәкілетті өкіліне) беріледі.
Тармақ 16
16. Мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру кезінде уәкілетті орган мемлекеттік бақылау актісімен бір уақытта уәкілетті орган бекіткен нысан бойынша Кимберлий процесінің сертификатын ресімдейді және береді.
Тармақ 17
17. Өңделмеген табиғи алмастарды әкетуге мемлекеттік бақылауды өткеннен және мемлекеттік бақылау актісін алғаннан кейін өтініш беруші (өтініш берушінің уәкілетті өкілі) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өңделмеген табиғи алмастарды кедендік декларациялаумен және кедендік тазартуға байланысты кедендік операцияларды жасайды.